Home » Жаңалықтар » Педагогикалық ұжыммен әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формалары

Педагогикалық ұжыммен әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формалары

Алматы қаласы, Бостандық аудандық №140 бөбекжай-балабақшасында «ӨРЛЕУ» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы АҚ «Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы ұйымдастыруымен Алматы қаласы бойынша мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне
«Педагогикалық ұжыммен әдістемелік жұмысты  ұйымдастыру формалары» тақырыбында семинар өтті.
Аталмыш балабақшада жас ерекшеліктеріне сай мемлекеттік тілде
6 топ бар. 15 педагог жұмыс жасайды. Олардың 4 педагог-модератор,1 педагог-сарапшы,1 педагог-зертеуші және 3 магистр бар. Балабақшада сенсорлық бөлме, тұзды шахта,музыка залы, дене шынықтыру залы, психолог бөлмесі,асхана және топтар мен дәліздерде мобильді кітапхана орналасқан. Қосымша робототехника, ағылшын, би үйірмелері жұмыс жасайды.

Семинар барысында алғы сөз балабақша басшысы Мухаметрахимова Шаттық Абишевнаға берілді.
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған бақылау мен басшылық» әдістемелік құралының авторы ретінде, әдіскерлерге өз ойымен бөлісіп, кеңестер берді.
—Бақылау – мектепке дейінгі ұйымда атқарылатын жұмыс деңгейін көрсетудегі маңызды құрал.
Бақылау-жоспарлау, ұйымдастыру, педагогикалық талдау жасау, ретке келтіру және түзету қызметтерімен тығыз қарым-қатынас барысында жүзеге асырылатын басқару қызметінің негізгі саласының бірі.
Бақылау- педагогикалық процестің нәтижесі туралы мәлімет жинауға, жоспарланған мақсаттан ауытқушылықты айқындауға, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибені анықтауға мүмкіндік береді.
Бақылау- мектепке дейінгі ұйымда да барлығы да нормативтік құжаттарға, педагогикалық кеңес шешіміне немесе  жетекшінің бұйрығына сәйкес жүргізілетіндігін, әлде жүргізілмейтіндігін анықтауға мүмкіндік береді.
Бақылау жас мамандарды тәрбиелеу барысында маңызды орын алады,
жас маманның өз міндетін орындаудағы басының жауапкершілігін күшейтуде елеулі іс болып табылады- деп сөзін аяқтады.

Балабақша әдіскері Сатпаева Динара Кайратовна «Мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық кеңесті ұйымдастыру» тақырыбында презентация көрсетті. Педагогикалық кеңестің мақсаты мен міндеті, негізгі қызметі, құқықтары, басқаруды ұйымдастыру және жауапкершілігі туралы тоқталып өтті. Қазіргі таңда жаңа форматтағы, педагогтерге мотивация беретін педагогикалық кеңестер өткізу туралы ұсынымдар берді.
Келесі кезекте ересек тобының тәрбиешісі Сәду Нарқыз Болатқызы әдіскерлермен  Эдвард де Бононың « Ойлаудың 6 қалпағы» әдісін қолданып, қалыптан тыс ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында коучинг жүргізді.

Халықаралық конкурс жеңімпаздары, балабақша тәрбиеленушілерінен құралған, «Симфония» би тобының өнерін тамашаладық. Мың бұралған биші қыздарымыз сонау Африка елінің
«Локо-локо» биімен бастап,
спорттық гимнастика элементтері бар «Симфония» биімен өнерлерін көрсетті. Македония мемлекетінде өткен ән байқауына қатысып, бас жүлде иегері атанған балабақша тәрбиеленушісі Тумагалиева Диананың орындауында француз әні «La Seine» құлақтың құрышын қандырды.

Дене шынықтыру нұсқаушысы Куанбаева Самал Бейбитовна келген қонақтармен тимбилдинг өткізді. Тимбилдинг ұжым арасында ынтымақтастықты нығайтуға арналған өте керемет заманауи тәсілдің бірі.Тимбилдингте педагогтердің қалдық өнімдерді қолдана отыра өз  қолдарынан жасалған ойын құралдары қолданылды.

Озық іс-тәжірибе тарату мақсатында балабақша әдіскері Сатпаева Динара Кайратова «Балабақшада ұлттық қолөнерді дәріптеу жолдары» тақырыбында шебер сынып өткізді. Балабақша басшысының жобасы «Жіпсіз, инесіз құрақ құрау техникасымен» таныстырды.
2021 жылы «Жіпсіз,инесіз құрақ құрау техникасы» атты  әдіскер мен басшының әдістемелік құралы жарық көрген.
Жіпсіз, инесіз құрақ құрау әдісі балабақшаның ортаңғы тобынан бастап қолданыста.
—Қазіргі заман талабына сай тәрбиелеу мен білім берудің негізгі мақсаты баланың шығармашыл, жеке бас болып дәстүрден тыс әр саладағы мәселелерді шешуге бейім әрекет ете алатын баланы тәрбиелеу болып табылады.
Халық тұрмысында жиі қолданылатын қолөнер түрлеріне: өру, тігу, тоқу, құрастыру, сызу, бейнелеу жатады. Соның ішінде ең көнесі ретінде әже- апаларымыздың құрақ құрау өнерін айтуға болады.  Қазақ халқының қолөнерінің аса қымбат, қайталанбас сұлулығын, ғажайып көркін құрақ өнерінен көреміз. Құрақ құрау, оны тамашалау сұлулықпен сырласуға, оны бойына сіңіруге, бояулар әлемін танып, түсінуге үйретеді. Инесіз, жіпсіз құрақ құрау әдісі  мектеп жасына дейінгі балалардың қолының ұсақ моторикасын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қиялын дамытады. Сондай-ақ шығармашылық қабілетін, түстерді ажыратып, оны бір- біріне үйлесімді құрастыруға бейімдеу және ұқыптылыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі ұйымда инклюзивті білім беруде, денсаулығында ауытқуы бар балаларға өте пайдалы. Жүйкесін тыныштандырады.
Жіпсіз, инесіз құрақ құрау түрі балаларға қауіпсіз. Педагогтеріміз бен тәрбиеленушілеріміз «Жіпсіз,инесіз құрақ құрау әдісімен аудандық, қалалық, республиккалық байқауларға қатысып бас жүлде иегерлері атанды- деп  әдіскер Сатпаева Динара Кайратовна сөзін жалғастырды. Семинар қатысушылары жоғары ынтамен шебер сыныпқа қатысты.
Қорыта келе, құрақ өнері арқылы халықтың қолөнерін, салт-дәстүрін балалардың бойына сіңіру. Осы бағытты ескере отырып, көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор. Қазақтың қолөнері бүгінгі жаһанданған заманда да өз мәнін жоғалтпай, жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болар еді- деп әдіскер Сатпаева Динара Кайратовна сөзін аяқтады.
Қатысушылар «Бақыт құсы» ойынын ойнады. Бұл ойында әдіскерлер семинардан алған әсерлерін, ой-толғаныстарын қағаз бетіне түсіріп, «Бақыт құсына» байлап ұшырып жіберді.
Қорытынды сөз   «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы КДИ кафедра оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Маханбетова Ағима Абиловнаға берілді.
Семинар өте жоғары деңгейде өткенін айтып, балабақша ұжымына алғыс білдірді.

«BILIM AINASY»,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.