Исмайлова Гулфайруз Ерланқызы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Өзгент ауылы
№224 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін! — деп, дана Абай бекер айтпаса керек.
Мұғалімнің ісі сырттай қарапайым көрінгенмен, мұғалім — тарихтағы ең ұлы істі атқарушы үлкен тұлға.
Осы тұста жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу.
Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде.
Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет.
Кезінде ұрпақ тәрбиесі, ел тағдыры жөнінде елеулі еңбектер жазып, аталық ақыл айтқан ғалым — профессор Б. Кенжебаев: «Бала біздің болашағымыз». Болашағына немқұрайлы халықтан ештеңе күтуге болмас еді. Еліміздің бүгінгі, ертеңі – болашақ жас ұрпақтың қолындаАл жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында.
Мен ұстаз болғандықтан, жас ұрпақтың болашағы мен үшін әрдайым өзекті. Қазіргі таңда бастауыш сынып ұстаздары үшін оқушыларының мектепке дайындығы мен бейімделуіне аса ерекше мән беріп қараған жөн.
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуінде ұстаздың рөлі ерекше.
Көптеген баланыңмектептке бейімделу кезеңінде қиындықтарға тап болады. Сол қиындықтардың әсері баланың психологисына өзгеріс әкеледі.
Осы қиындықтарды негізге ала отырып бастауыш сынып оқушыларының даярлығына аса көңіл бөліп, ұстаздың да балаға деген құрметін нақтылау қажет.
Ұстаздың ең бірінші көңіл аударуына тиісті тұстары нақтылануы арқылы ұстаз бен баланың арасында шынайы байланыс пайда болады.
Осы тұста төмендегі міндеттер сатылай орындалып жатса, ұстаздықтың ұтқыр тұстары бейнесі ашыла түседі.
Ең алдымен баланың мектепке интеллектуалдық дайындығын арттыру аспектілерін қарастыру.
Баланың мектепке әзірлік өлшемдерін талдау.
Баланың мектепке деген ынтасын, қызығушылығын ояту.
Баланың мектепке бейімделу нышандарын анықтау.
Жоғарыдағы міндеттер орындалған жағдайда ғана
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат өсіп шығатынына сенімім мол.
Мектеп – баланың дамуының жақсы жақтарын жүйелі қалыптастырып отыратын негізгі орын.
Білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы –
бастауыш сынып.
Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланады.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз.
Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшы-лығы жақсы ұстаздан болады» деп Абай атамыз дөп айтқан.
Ал чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Осындай ұлы тұлғалардың ұстаздар жайлы тұжырымы әрбір ұстазға қанат бітіреді.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы.
Мектепке жаңа келген балаларда оқу бағдарламасын меңгеруден басқа мейлінше маңызды қиындықтар болуы мүмкін.
Егерде мұндай тәртіптің себебін дер кезінде анықтамаса, бұл жүйке жүйесінің жұқаруына және психикалық денсаулығының бұзылуына әкеліп соғады.
Баланың мектепке бейімделуіне көптеген ішкі факторлар әсер етеді.
Кейбір оқушылар жаңа ортада өздерін дұрыс меңгере алмай, басқа балалармен танысуы бірден болмағадықтан, өзін жалғыз сезінеді. Тәжірибелі мұғалім барлық балаларға бірдей талап қояды, бірақ әр баланы жеке-жеке қадағалайды. Бала мектепке келгеннен соң оның үйдегі орны да өзгереді.
Мысалы, оның сабақ орындауына ерекше, бөлек уақыт қажет болғандықтан үлкендер оның күн тәртібін өзгертеді.
Мектепке дейінгі және мектеп ішіндегі заңнамалар мен міндеттерді ұстаз бен ата -ана бірге ұғыну арқылы болашақтың баласын бірге тәрбиелейді.
Біз оқушыға жан — шуағымызды төгу арқылы олардың дамуына үлес қосамыз.
Әрбір ұстаз мейрімділік пен махаббатын балаға көрсете білу арқылы өзіне баурайды.
Отбасы мен ұстаздар қауымы әрқашан
ұлт болашағын және еліміздің келешегі — жас ұрпақты тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпағанымыз жөн.
Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері.
Мектепке келген баланың санасында үлкен сенім мен болашаққа деген үміт болады.
Біз сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелейміз.
Осы тұста- Менделеевтің
ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады!- деген тамаша сөзі ойыма оралып отыр.
Мен — барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта,құштарлық отын сөндіріп алмаңдар.
Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі!- деп тұжырым жасаған Сухомлинскийдің сөзімен қорытындылаймын.