«Сәтбаев қаласы №1 мектеп-гимназиясы» КММ
информатика пәнінің мұғалімі Турарова Айгуль Нурлановна
Көптілді оқыту бағдарламасы жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті, тіл мәдениетін меңгерген ұрпақты қалыптастыруға ықпал ететін білім берудің жаңа моделін пайдалануды көздейді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру әлемдік нарыққа, ғылымға және жаңа технологияларға жол ашады. Көпұлтты және көпмәдениетті ортада белсенді және тиімді өмір сүруге қабілетті, басқа мәдениеттерді құрметтейтін және түсінетін, қарым-қатынасқа қабілетті позитивті тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазіргі заманда әсіресе ағылшын тілін пайдалану қажеттілігі туып отыр: онсыз халықаралық қарым-қатынас, жаңа технологияларды меңгеру мүмкін емес. Ғылым мен техника салаларының бірқатарында ол біртіндеп кезінде орыс тіліне тиесілі болған кеңістікті алып келеді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан 2050» жаңа даму стратегиясына сәйкес мектептерде үш тілді енгізу белсенді жүргізілуде. Н.Ә. Назарбаев «қазақстандық балалардың болашағы үшін кем дегенде үш тілді білу маңызды»деп атап өтті. [1]
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі оқушыларды үш тілде оқыту үшін педагог кадрларды қайта даярлау туралы шешім қабылдады. Министрдің бұл шешімін республика мектептеріне енгізу үшін жалпы білім беретін мекемелердегі сабақтарда көптілділікті енгізу туралы кезең-кезеңмен жоспар әзірленді.
- Мұғалімді оқыту және сабақтарды дайындау үшін әдебиеттерді таңдау.
- Сабақтарды әзірлеу және өткізу.
- Алынған нәтижелерді жалпылау және жүйелеу. [2]
Жоспарға сәйкес 2017 жылы мамыр айында А1 деңгейін үйрену курсы басталды. Курс тоқсан соңы, оқу жылының соңымен қатар келді. Содан кейін А2 деңгейлі курсты 12.06.2017-08.09.2017 аралығында оқып сынақ тапсырдық, ал 18.09.2017-02.12.2017 аралығында В1 деңгейлі курсын оқып сертификат алдым. 28.10.2017-18.11.2017 аралығында «Терминология және ағылшын тілінде сабақ берудің негіздері CLIL курсын үздіксіз әр тоқсан соңында жалғастырып оқып бітірдік. Шын мәнінде, мен үшін курс қатты қиындық туғызған жоқ, себебі менің мамандығым «Информатика және ағылшын тілі» деп аталады, бірақ өкінішке орай біліктілігім – информатика ғана. Ағылшын тілін оқыту тәжірибем болмаса да, негіз бар. Оның үстіне, информатика ағылшын тілімен байланысты, бағдарламалау тілдер болсын, қолданбалы бағдарламалардың мәзірі, командалары ағылшын тілінде көрсетіледі.
Сонымен қатар, Сәтбаев қаласы №1 мектеп-гимназиясыда 2018-2019 оқу жылынан бастап информатика пәнінің негізгі ұғымдары мен терминдерін ағылшын тілінде меңгертуді көздейтін факультативтік курс «Информатика және ағылшын тілі» 7-9 сыныптарға арналған бағдарламасы әзірленіп, мектебіміздегі гимназиялық сыныптар компонентері арқылы 7-9 сыныптарына аптасына 1 сағат енгізіліп, факультатив сабақ ретінде енгізілді.
Бұл бағдарлама жаратылыстану-математикалық бағдардағы орта буын сынып оқушыларын оқытуға арналған. Бағдарлама информатика мен ағылшын тілінің интеграциясында негізделген.
Бағдарлама мақсаты
Оқушыларға ағылшын тілін үйрету арқылы,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Үштілді білім беру бағдарламасы негізінде үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге көтеріліп Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарды тәрбиелеп өсіру , ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой – пікірмен ұштастыратын сапалы білім мен тәрбие беру.
Міндеті:
Бүгінгі заман талабына сай оқушыларды өз тілімен қатар, өзге тілді меңгеріп,игеруге баулу;
Оқушыларға ағылшын тілі мен толық мәлімет бере отырып,сөйлеу , ойлау қабілеттерін арттыру;
Тілді үйрету арқылы сол тілде өз ойын ашық жеткізе білуге машықтандыру;
Оқу пәнінің жалпы мақсаттары.
Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына және оның тұтастай дамуына ықпал ету, сөйлеу қызметінің негізгі түрлеріндегі қарапайым шеттілдік коммуникативтік құзыреттің қалыптасуы,оқушылардың эмоционалдық, шығармашылық, әлеуметтік, когнитивтік және тілдік қабілеттерін дамуы, ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар өз тілін құрметтеуге үйренеді;
Шетел тілінде сөйлеу қабілеттері қалыптасады;
Өз білімін жетілдіреді;
Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.
Осы мақсат, міндеттерге жету үшін қандай білім беру технологияларын қолдансақ деген сұрақ туындады. Біріншіден, ол қостілді оқулық «Informatics 8”. Алғашқы да бағдарлама бойынша жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту 8 сыныптан басталды. Қазіргі таңда, факультатив 7, 8, 9 және 10 сыныптарда өткізіледі. Информатиканың алғашқы терминдерін үш тілде алғашқы баспалдақтарынан бастап меңгеруде Қызылорда облыстық оқу орталығының «Терминология 7 сынып əдістемелік құралын» пайдаландым. 7 сыныптарда Қарағанды облыс оқу-әдістемелік орталығы ұсынған «Информатика ағылшын тілінде – 7сынып» атты бағдарлама бойынша оқытылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін, оның ішінде жалпы орта білім беруді жетілдіру бойынша кең көлемді іс-шаралар жүзеге асырылуда. Осы орайда СLIL әдістемесінің тиімділігі жөнінде айта кетсем. Кіріктіріп оқыту әдісі жалпы барлық дидактика тәрізді, қазіргі кезде қиын кезеңнен өтуде. CLIL пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту технологиясы. CLIL технологиялары шет тілін басқа пәндерді оқытуда оқудың қажетті құрал ретінде қарастырады. Яғни тілді үйрену кез келген пән саласы арқылы жүргізіледі, демек CLIL шет тілі сабағы емес, шет тілінде өтетін пән сабағы. Сонымен бірге оқушылардың тілдік қарым-қатынастағы қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасайды [2]. Ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) кіріктіріп оқыту оқу-әдістемелік құралдың мақсаты – CLIL технологиясы негізінде жаратылыстану-математика бағытындағы тілін кіріктіріп оқыту әдістемесін әзірлеу.
Кіріктірілген білім беру 4 негізгі тәсілі құрайды, олардың ішінде:
Content (мазмұны) — біліктілік дағдысын дамыту, сөздік қорын молайту.
Communication (қарым-қатынас) — шет тілін оқыту кезінде тілді дамыту.
Cognition (таным) — танымдық және ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы түсінік.
Culture (мәдениет) — өзге ұлттың мәдениетін білу, пәнаралық байланыс орнату. CLIL әдісінің негізгі мақсаты – мұғалімнің сөйлеуін азайтып, керісінше оқушының бір бірімен сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
CLIL әдісінің артықшылықтары, біріншіден, тілдік құзыреттілікті және сенімділікті арттыру, екіншіден мұғалім мен оқушының арасындағы мотивацияны көтеру, үшіншіден өз пікірін еркін жеткізу, ойлау қабілетін дамыту және мәдениет пән мәдениетаралық білімді дамыту.
7сыныптарда әріптесім Абодовская С.Ю. бірге құрастырған «ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ. ПРАКТИЧЕСКИЕ ЗАДАНИЯ ПО ИНФОРМАТИКЕ. PRACTICAL TASKS OF COMPUTER STUDY» атты 6 – 7 сыныптарға арналған әдістемелік құралын пайдаланымз. Яғни, бұл құралда 6 және 7 сынып оқушыларына арналған тапсырмалар және сұрақтар қамтылған.
Бұл жинақ білім стандартына сәйкес меңгеру үшін құрылды. Жинаққа келесі тараулар бойынша тапсырмалар енгізілді:
І . Ақпарат және ақпараттық үдерістер
ІІ. Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы
ІІІ. Алгоритмдеу мен модельдеу
- Программалау. Паскаль – бағдарламалау тілі.
Әдістемелікте Pascal программалау тілін толық меңгеруге, компьютерде практика дағдылары мен машықтарын игеруге, әр түрлі объектілерге қатысты өңдеу, түрлендіру және жаңа объектілерді тұрғызуға арналған бірнеше зертханалық жұмыстар жиынтығын қамтыған. Осы практикалық жұмыстарды пайдалану арқылы Pascal программаларын толық және жемісті меңгертуге болады.
Осы практикалық курсты пайдалану арқылы аталған программаларын толық және жемісті меңгертуге болады. Бұл программаларын үйренушілер курстан көп көмек ала алады. Информатика пәнін кәсіби бағытта оқыту және оқушының білім деңгейін жетілдіру мақсаты бағдарламада толығымен қамтылған.
Сонымен қатар оқушыдығын қызығушықтарын түрлі онлайн ресустар. Интернет-ойындар арттырады. Мысалы, «Matching» (сәйкестендіру) қазақ-ағылшын терминдерінің немесе ережелердің дұрыс сәйкестендірілуіне негізделген. «True and False» (ақиқат және жалған) ойыны барысында оқушылар өздері сұрақ құрастырып, ағылшынша айтылған анықтамасының дұрыс не бұрыстығына байланысты бір-бірінен жауап алады. «Cards» ойын әдісінде таратылып берілген карточкаларға сәйкес қандай тапсырма берілгенін анықтап, аудармасының жауабын табуы тиіс.
Сонымен қатар, оқушының білімін электронды әдіспен толықтыру және тексеру тағы бір қолданатын жолы Quizlet.сom онлайн ресурсы. Оқушылардың білімін тексеруде, жаңа сөздер мен терминдер үйренуде, ережелерді еске сақтауда аталған әдісті қолдану оқушының есте сақтауын жақсартады.
Оқушы бұл жұмысты мұғалімнің қатысуымен немесе өзі жеке үйде де, сыныпта да орындай алады. Жұмысты орындап болған соң, дұрыс бұрыстығы тексеріліп, ұпай беріледі.
Жұмыстың маңыздылығы:
- тез арада негізгі мәліметтер есте қалады
- өз білімін тексереді
- уақыт пен жылдамдыққа жұмыс жасайды
- қызығушылығы артады.
Сайттың функциялары: flashcards – карточкалармен түсіндіру, learn – классикалық тестке жауап беру. Сынақтың үш түрі бар: классикалық тест, ашық тест, дұрыс немесе қате деген жауапты тест. Сондай-ақ, ақпараттық технологияны: электрондық оқулықтар, презентациялар, тест т.б түрлері оқушылардың қызығушылығын оятып, уақыттарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болды. Шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмаларды да оқушылар қызыға орындап, еркін аударма жұмыстарын жасауға дағдыланды.
Келесі пайдаланатын онлайн-ресурстар Online Test Pad және WordWall. Online Test Pad ресурсы тесттер, сауалнамалар, логикалық ойындар және сөзжұмбақтар құрастыруға арналған.
Негізгі функциялары:
- Тест құрастырушысы.
- Сауалнамалар құру.
- Кроссвордтарды қалыптастыру.
- Кешенді тапсырмалар.
- Интерактивті диалогтық тренажерлер.
Артықшылықтары:
- Платформада іске асырылған құралдардың әрқайсысында көптеген мүмкіндіктері бар. Мысалы, тестті қалыптастыру кезінде сұрақтардың 17 түрін қолдануға, қатысушыларды шақыру үшін сілтемені жариялауға, корпоративтік порталға виджетті орнатуға және т. б. болады.
- Сервис тегін негізде ұсынылады.
- Жұмыс істеу үшін бағдарламаны компьютерге орнатудың қажеті жоқ. Барлық құралдар онлайн қосымшасында қол жетімді. Тек сайтқа тіркелу қажет.
- Топтық жұмыс мүмкіндіктері бар.
Ал Wordwall ресурсы интерактивті және баспа материалдарын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін. Шаблондары интерактивті және баспа түрінде қол жетімді. Интерактивті компьютер, планшет, телефон немесе интерактивті тақта сияқты веб-интерфейсі бар кез-келген құрылғыда ойнатылады. Оларды оқушылардың өздері немесе мұғалімнің жетекшілігімен студенттер сынып алдында кезекпен ойната алады. Басып шығару PDF файлы ретінде басып шығаруға немесе жүктеуге болады. Оларды интерактивті немесе тәуелсіз оқу тапсырмалары үшін көмекші материал ретінде пайдалануға болады.
Президенттік «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасының басты мақсаты-қазақ тілінде қысым жасау емес,керсінше оның бәсекеге қабілеттілігін орыс және ағылшын тілі дәрежесіне дейін көтеру. Оның үстіне қазақ тілінің бәсекеге қабілеті осындай міндеттерді қоюға толық мүмкіндік береді. Сондықтан, халықтың орыс тілін білу деңгейін жоғалтпауымыз керек, ал ағылшын тілін – болашаққа жаңа даму шыңдарына бағытталған жол, себебі ол әлем мойындаған халықаралық қатынастар тілдерінің бірі. Сондықтан Н.Назарбаевтың Қазақстандықтарың өскелең ұрпағына үш тілді меңгеру: қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қатынас тіл ретінде және ағылшын тілін халықаралық қатынас тілі ретінде білу мүмкіндігін жасауға деген ұмтылысы өте дұрыс деп ойлаймыз.