Home » Мақалалар » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Басқарма мамандары арасында  Сыбайлас жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті.

Қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында басқармада  тұрақты түрде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарлар» өткізіліп келуде. Семинардың негізгі идеясы мамандармен жиналыс өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, мамандар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу. Семинардың мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Жалпы  мамандардың  алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенеміз.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау өз қолымызда!

Алатау ауданының  санитариялық-эпидемиологиялық
 бақылау басқармасы басшысы М. Толқынбеков
Бөлім басшысы А. Салыбекова

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.