Home » Жаңалықтар » «Өрлеу» — ООБДИ» мемлекетаралық ынтымақтастық

«Өрлеу» — ООБДИ» мемлекетаралық ынтымақтастық

«Өрлеу» БАҰО» АҚ делегациясы 2019 жылдың 06 қарашасында Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығы аясында Омбы қаласында екі елдің мемлекет басшыларының қатысуымен болып өткен ХVI Форум жұмысына қатысып қайтты.

Омбы облысының білім беруді дамыту институты «Педагогикалық шеберлік академиясы: XXI ғасырдың машықтары» Халықаралық әдістемелік орталығын салтанатты түрде ашты. ООБДИ бұл орталықты ашуына Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен «Educare International Consultancy Сингапур компаниясы қолдау көрсетіп, білім беру саласында ынтымақтастықты дамыту және  интеграциялық байланыстарды тереңдете түсу бағдарын ұстануда.

Өңіраралық форумға «Өрлеу» БАҰО» АҚ атынан Қостанай филиалының делегациясын институт директоры М.В. Слесарь басқарып барды.

Педагогикалық шеберлік академиясы: XXI ғасырдың машықтары» Халықаралық әдістемелік орталығының ашылу салтанатына 150-ден астам адам қатысты, олардың ішінде шекаралас Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары, Ресей Федерациясы өңірлерінің өкілдері: Алтай Республикасы, Қорған, Новосібір, Түмен, Челябі, Орынбор облыстары мен Мәскеу қаласы да бар.

Форумның пленарлық бөлімінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры  Слесарь М.В. қатысушыларды «Өрлеу» БАҰО» АҚ біліктілікті арттыру жүйесіндегі жинақталған жұмыс тәжірибесімен таныстыра отырып, аудиториядағыларға өзара ынтымақтасу әрі бірлесіп тиімді жұмыс істеу мүмкіндіктерінің бар екеніне тоқталды. Қостанай филиалы  2014 жылдан бері Омбы облысының білім беруді дамыту институтымен ынтымақтастық байланыс орнатып, екі өңірдің педагогтерінің қатысуымен ортақ жобаларды іске асыруда.

Форум бағдарламасының аясында пленарлық мәжіліс, «Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы өңірлері педагогикалық қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін үздіксіз арттырудың тиімді амалдары»»стендтік сессия, «Кәсібилік шеберханасы», шеберлік-сыныптар өткізілді.

«Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы өңірлері педагогикалық қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін үздіксіз арттырудың тиімді амалдары» стендтік сессиясының жұмысына Ресей Федерациясы мен Қазақстанның өңірлерінің қосымша білім беру өкілдері болып табылатын 32 адам қатысты. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты зертхана меңгерушісі Худяков Р.В. спикер ретінде баяндама жасап, институт қабырғасында өрнекті орнымен жүзеге асырылып жатқан педагогтың үздіксіз біліктілігін арттыру жүйесін өте бай көрме материалдарымен бірге ұсынды.

Глобалдық құзыреттерді дамыту бойынша әдістемелік рингте Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өзін өзі тану» пәнінің тренері Н.С. Истомина «Пәннің құндылық негізін   оқыту арқылы глобалды-құзыретті тұлға қалыптастыру» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныптың мақсаты – «Өзін өзі тану» пәнін оқытудағы әдістемелік аспектілерімен таныстыру, пәннің құнды мазмұнын көрсету.

Бұл ауқымды іс-шараның шымылдығын жапқан «XXI ғасырдың машықтары: функционалдық сауаттылық» атты эксперттік алаңы болды. Бұнда Қазақстан Республикасының бірқатар өңірлерімен және шекаралас облыстармен келісімдер жасалды.  Қостанай филиалы Халықаралық әдістемелік орталықпен келісімге отырып, Ресей Федерациясы субъектілері мен Қазақстан Республикасы өңірлерінің халықаралық деңгейде ХХI ғасырдың машықтарын қалыптастыруда  өзара әрекеттесуге, жедел түрде меңгеруге, таратуға  және масштабын кеңейтуге мол мүмкіндік ашады.

Халықаралық орталықтың жұмыс жедел басқару үшін жұмыс Кеңесі құрылып, оның тізгінін  Омбы облысы білім беруді дамыту институтының директоры Т.С. Горбунова ұстаса, «Өрлеу» БАҰО АҚФ директоры М.В. Слесарь төрайым орынбасары болып бірауыздан сайланды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты педагогтері үшін бұл халықаралық деңгейде өзара бірлесіп іс-қимыл жасаудың және тиімді педагогикалық практикаларды енгізудің бірден бір мүмкіндк туғаны екені даусыз.

 

Бакуменко С.В.,

курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының PR, SMM – маманы,  «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.