Home » Мақалалар » Информатика сабағында мультимедиялық технологияны  қолданудың тиімділігі

Информатика сабағында мультимедиялық технологияны  қолданудың тиімділігі

Шампатова Мақпал Маралбековна,
Павлодар облысы
Павлодар қаласы
№2 жалпы орта білім беру мектебінің
информатика пәні мұғалімі.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы және де күнделікті әдістемелік жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыруы тиіс.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілген, бірақ оқытушы міндеті олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану, тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беру. Біздің күнделікті сабағымызда көрнекілік пен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның өзі атқара алады. Тілді ақпараттық — коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Сонда ғана осындай жаңашыл мұғалім информатика сабағында компьютер желісін, презентацияларды және мультимедиялық — электрондық құралдарды білім беру процесінде терең, әрі нәтижелі қолданады. Ең тиімді программалардың бірі -Microsoft Power Point. Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамасыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б.
Информатика  оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады, мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Ақпараттық қарым-қатынастар құралдарын қолданудың тиімді бағыттарының бірі– мультимедиа.
«Мультимедиа технологиясы» дегеніміз – компакт-диск негізінде аудиовизуалды ақпараттарды қабылдаудың әдістерінің, тарату тәсілдерінің, өңдеудің, сақтаудың және т.б. жиынтығы болып табылады. Компакт-диск технологиясын пайдалануға негізделген мультимедиалық-операциялық орта интерактивті сұхбаттың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, компьютер экранында кез-келген аудиовизуалдық ақпаратты түрлі формаларда (видеофильм, мәтін, графика, анимация, слайдтар, музыка) бере алады. Мультимедиа технологиясының негізінде орындалатын білім беру жүйесінің көмегі арқылы компьютер экранында кез-келген қажетті ақпаратпен жете таныса аламыз. Мұндай кезде бұл жүйе пайдаланушы адамның белгілі бір сюжеттің немесе жағдайдың өзіне керекті бөлігін таңдап алып көрінуіне де мүмкіншілітер тудырады. Мультимедиа технологиясын қолданудың педагогикалық мақсаты ақпаратты эмоционалдық тұрғыдан қабылдаумен байланысты болып келген білім берудің мотивациясының артуымен және ақпаратты өңдеуге байланысты атқарылатын өзіндік жұмыстардың түрлі формаларын қолдана білу қабілетін қалыптастырумен айқындалады.
Оқыту процесінде мультимедианы пайдаланып білім берудің əртүрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өндеудің когнитивті аспектілері, оқытудың мотивациялық аспектілері, оқытудың коммуникациялық аспектілері, оқытудың танымдық аспектілері.
Мультимедиалық технологияларды пайдаланып оқыту, атап айтқанда, мынадай нәтижелерге қол жеткізеді: оқу материалын терең түсінуге; оқу мотивациясының артуына;
алынған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына; білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына т.б.
Қазіргі заманғы оқытушы үшін құралдар тек қызықты сабақ беру емес, сонымен қатар осындай сабақтарды құрастыру, білім алушыларды бақылау құралын құрастыру, үлгерімді және оқытудың мәселелік облыстарын қарау және зерттеу үшін қажет. Ақпараттық және коммуникативті технологияны қолдану оқу материалымен жұмыс істеуді жеңілдетеді және оқытудың жаңа әдістеріне көшуге мүмкіншілік тудырады.
Мультимедиа технологиясын қолдану әдістемесі сабақтың әр кезеңдерінде білім беру жүйесін басқаруды жетілдіреді;оқу тәсілдерін күшейтеді; оқушылардың ақпараттық мәдениетін жоғарылатуға мүмкіншілік береді, тәрбиелейді және оқыту санасын жақсартады;студенттердің қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар облысында білім алушыларды дайындау деңгейін жоғарылатады; компьютердің ойын құрылғысынан басқа мүмкіншіліктерін (демонстрациялау) көрсетеді.
Мультимедиалық сабақтар келесі дидактикалық міндеттерді шешуге көмектеседі:  пән  бойынша базалық білімін бекіту; алынған білімді жүйелеу;өзіндік бақылау дағдыларын қалыптастыру; жалпы білім алуда, сонымен қатар арнайы пәндерді оқуда дәлелдерін қалыптастыру;оқу материалымен жұмыс істеуде студенттердің өзіндік жұмыс жасауына оқу-әдістемелік көмек көрсетуге.
Бұл технология оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс. Оқушылардың көпшілігі естігенін 5%, көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Ал бір уақытта аудио және видеоақпаратты қолдану еске сақтауды 40-50%-ке дейін арттырады. Мультимедиалық бағдарламалар ақпараттарды әртүрлі формада беруді, сонымен қатар оқыту үрдісін әсерлі етеді.
Сондықтан  Қазақстанның болашағы үшін сауатты шешім қабылдай және орындай алатын қазіргі заманғы білім деңгейі бар мамандар даярлауда жаңа мультимедиалық құралдарды сабақта қолдану оқушылардың түсіну қабілетін дамыту, білім беруді ақпараттандыру жағдайында біліктілігін арттыру қажет. Былайша айтқанда, арнайы сабақтарда заман талабына қарай ақпараттық мультимедиалық технологияларды қолдану оқушының да, оқытушының да белсенді дамуына бағытталған.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.