Home » Мақалалар » Қара шаңырақ ҚазҰУ-да спорт алаңы ашылды

Қара шаңырақ ҚазҰУ-да спорт алаңы ашылды

Алкебаева Джанату Акбергеновна
Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,
еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы

Қара шаңырақ ҚазҰУ-да спорт алаңы ашылды

Қазақстан бүгінгі таңда сапалы білімімен көзге түскен елдердің бірі болып табылады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев білімге көп көңіл бөлуде. Біз оны салынып жатқан әлемдік стандартқа сай түрлі мектептер мен жоғарғы оқу орындарынан байқаймыз. Сондай университеттердің бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Қазақ ұлттық университеті – іргелі білім ошағы, ғылым мен мәдениеттің орталығы. Халқымыздың заңғар перзенттері қызмет еткен, талай талантты ұл-қыздарымыз шыққан қара шаңырақ. Ғылым мен қоғам қайраткерлерінің бірнеше буынын тәрбиелеп     шығаратын алтын ұямыз биыл 90 жылдық мерекесін тойлайды.

90 жылдық мерейтойдың құрметіне ҚазҰУ-дың заң факультеті студенттер қалашығында тұрақты дамудың 3 мақсаты – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат»  аясында воркаут спорт алаңын тарту етті. Спорт алаңын  заң факультетінің төрт кафедра меңгерушілері салтанатты түрде ашып берді. Воркаут алаңының ашылуына заң факультетінің барлық профессорлар мен оқытушылар құрамы, білім алушы жастар қатысты. «Workout» спорт алаңының ашылуы студенттердің жақсы дене шынықтыруын қолдау және жастар үшін қызықты бос уақытын ұйымдастыру құралы ретінде әрекет етеді. Спорт алаңын ашудағы басты мақсат-дені сау ұрпақ тәрбиелеу, студенттердің бос уақытын тиімді пайдаланып,салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін түсіндіру. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Ата-бабамыз «Тәні саудың-жаны сау»-деп бекер айтпаған. Салауатты өмір сүру дегеніміз-тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану.

Қара шаңырақ кез-келген сала бойынша ізденіс үстінде, тың дүниелерді алға қоюда. Уақытын тиімді пайдалана алатын  болашақ мықты мамандарды тәрбиелеуде. Сапалы білім беріп, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ шығару басты назарда.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.