Даубасова С.Ш.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің
Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу,
криминалистика кафедрасының оқытушысы
1 қазан 2023 жыл ЮНЕСКО және Тұрақты даму мақсатарының «Салауатты өмір салты және салауаттылық» атты 3-тармағын жүзеге асыру аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминалистика кафедрасының студенттерінің қатысуымен «Менің алғашқы марафоным» атты жүгіру және жаяу жүру жарысы Іле Алатауының Есік көлінің тас жолында өтті.Іс-шараға оқытушылар құрамы атсалысты.
Марафонның мақсаты:білім алушылардың денсаулығын нығайтып, күш-жігерін арттыру,жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық – еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру. Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін күшейтетінін жас ұрпақтын санасына сіңіру.
Жастар-біздің болашағымыз. Ал бізге болашағымыздың айбындылығы мен жарқындылығы қажет. Келешегінен үміт күткізіп отырған бүгінгі жастар — ертеңгі қоғам иелері! . Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыс пен ауыстырып отыратын жас адамды айтамыз. Бір сөзбен айтқанда, спорт – барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы – қозғалыс, ал қозғалыссыз тіршілік жоқ. Спорт сөзінің мағынасы кең. Дене тәрбиесі соның құрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы баспалдағы. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты, зор болмақ. Бірінші байлық – денсаулық, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт.