Home » Ашық сабақтар » Білімге саяхат

Білімге саяхат


Аккалиева Жанаргул Жумагелдыновна
Алматы облысы Іле ауданы
Қосөзен ауылы  «Бөбек» бөбекжай балабақшасы

Білімге саяхат
Ашық оқу іс-әрекеті

Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Амандасып алайық!

Сәлеметсізбе ! (балалар хормен)

Бүгін мен капитан Жанар Жумагелдықызы сендерді «Білім-теңіз» атты үлкен сапарға алып кетпекшімін.  Біз сендермен ең алдымен жағажайға барып, содан соң теңізде болатын түрлі құбылыстармен, дауылдармен, теңіз мекендеушілерімен кездесеміз. Олай болса дайын болсаңыздар, балалар, оқу іс-әрекетімізді шаттық шеңберімен бастайық.

Шаттық шеңбері:
Күндей күлімдейміз,
Жұлдыздай жақыраймыз.
Мөлдір судай тұп тұнық боп,

Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастаймыз!
Жарайсыңдар, балалар!  Осындай көңіл-күймен сапарымызға аттанайық!
Балалар: иә.
Музыка. Балалар әндете отырып, капитан Жанаргул Жумагелдыновна бастаған топ болып, сапарға аттанады.
     

Балалар, сендермен  саяхатқа шыққаныма қатты қуаныштымын. Біздің сапарымыздың қызықты сәттері көп болады деп ескерткен едім ғой. Алдымыздан түрлі кедергілер шығатын болады.Егер біз соларды дұрыс, біртұтас команда болып жылдам шешетін болсақ, көздеген мекенімізге тез жететін боламыз.
Тапсырма орындауға дайынсыңдар ма? Балалар: Дайынбыз! Капитан! деп, хормен айтады.
Олай болса, сендер қандай көлік түрлерін  білесіңдер?
Балалар: темір жол көлігі, тас жол көлігі, су көлігі, әуе көлігі.
Жарайсыңдар, балалар!
Сендер осы көлік түрлерін құрастыратын маман болып көресіңдер!
Олай  болса топқа бөлініп көлігімізді құрастырайық! Балалар машина, қайық, ұшақ сынды көліктерді құрастырады.
Қане, айта қойыңдаршы, қандай көлік құрастырғандарыңды.
Адасқан көлік бөлшектерінен темір жол көлігін, ұшақ, қайықты  құрастырып шықты.
Сендер менің бұл тапсырмамды өте керемет орындадыңдар! Тамаша! Біз сендермен бір өткелден өттік.
   
Ендігі кедергіге қараңдаршы, сандар рет ретімен тұрған жоқ сияқты, сандарды ретімен қойып, осы өткелден өтейік.
Балалар, сандарды кері және тура санап беріңдерші. Балалар, осы тапсырманы да өте керемет орындадаыңдар, жарайсыңдар!
Тапсырмаларды керемет орындап, бірнеше өткелден өтіп, аралға да келген екенбіз.
Қолымызға дүрбімізді алып қарайықшы? Балалар айтыңдаршы, біз қайда келдік?
Али: аралға келдік.
Айжүрек, сен не көріп тұрсың?
Ең төбеде ұшып жүрген шағалаларды көріп тұрмын.
Ерасыл, сен не көріп тұрсың?  Жоғары жақтан күн көріп тұрмын.
Алихан, сен не көріп тұрсың? Төменгі жақтан балықтарды көріп тұрмын.
Жарайсыңдар! Балалар,  бұл тапсырманы да керемет орындадаңдар.
Ендігі, өткел « логикалық есептер» деп аталады.
Қараңдаршы, аспанда неше шағала ұшып жүр?
Балалар: 3-шағала ұшып жүр.
Осы 3 шағалаға 5 шағала ұшып келіп қосылса неше шағала болады?
8 шағала болады.
Теңіз бетінде неше кеме жүзіп жүр?
Балалар: 10 кеме жүзіп жүр.
Керемет!  Енді 7 кеменің екеуі жүзіп кетсе нешеуі қалады?
Жауап:3-еу қалады.
Сергіту сәті:
Теңіз толқындары тербеледі, тербеледі,
Балықтарды жағаға итереді ,итереді.
Біз оларға қарап таң-тамаша болып,
Қатып қалдық.
Жарайсыңдар, балалар, қане орнымызға жайғасайық.
Бізге тағы тапсырма кездесті. Теңіз астында не көріп тұрсыңдар?
6 балық жүзіп жүр.
Осы 6 балықтың 2 балығын  аулап алсақ неше балық қалады екен?
4 балық қалады.
    
Балалар, балық аулаймыз деп, ауыр сандық аулап алады. Бұл сиқырлы сандық. Оны   ашу үшін тапсырма орындау керек.1-2-буынды  сөздерді оқып берсеңдер, сандық ашылады.
2.Суретке қарап сөйлем құрау.
3.Дауысты және дауыссыз дыбысты ажырату.
Балалар, сендер өте ақылдысыңдар. Сендер менің бұл өткелден де өте керемет өтіп кеттіңдер. Балалар, өткен әріптерден жаттаған тақпақтарымызды  жатқа айтайық.
Мысалы; Т,А,Р,Д,О,Ш,Н.
Сандық сонда да ашылмай жатыр. Біз оған қосымша есімімізді тақтаға жазып берейік. Балалар тез-тез өз есімдерін жазып береді. Сандық бірден ашылады.
Сандықта қарақшылырдың тыққан алтыны бар екен. Балаларға алтын теңгелерден таратылады. (теңге тәріздес шоколад)
Балалар, бүгін біз сендермен тамаша сапарға шықтық. Сендер теңізде болатын түрлі қиындықтарға қарамай берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап шықтыңдар. Сендерге не ұнады?
Балалар: теңіз, балықтар, сандық, кеме, оқыдық ,  атымызды жаздық,
Сендерге ең қиыны не болды?
Балалар:   сандарды ретімен қою. Есеп шығару.
Жарайсыңдар, балалар, ендігі сапарымызда бұл тапсырмалар қиындық туғызбайды деп үміттенемін. Енді қонақтарымызбен қоштасайық. Сау болыңыздар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.