Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқыту-заман талабы

Қашықтықтан оқыту-заман талабы

                                          №99 ЖББМ Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Онбаева Айгуль Сайлауханқызы

         Қашықтықтан оқыту ғаламтор пайда болғаннан бастап белгілі болғанын бәріміз білеміз.Төтенше жағдайға байланысты қазақстандық мектептер қашықтық оқытуға көшті.Бұл заман талабына сай оқу процесіне енгізілген өзгеріс.Оқушылардың тиянақты білім алулары үшін мұғалімдер мен ата-аналар атсалысуда.Ұстаздар сабақ берумен қатар өз білімдерін вебсеминарлар мен коучингтер арқылы көтеруде.Бұған Алматы қаласындағы №99 жалпы білім беретін мектепте өткізілген семинардың нәтижесі куә.Семинар тақырыбы: №99 ЖББ мектебіндегі қашықтықтан оқыту. Семинардың мақсаты: Мұғалімдерге қашықтық сабақ кезінде технологияларды, әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдана білу,кері байланыс жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.Семинарды өткізген тренер Онбаева А.С.  Семинар кезінде қашықтықтан оқытудағы ұстаздың шеберлігі,қашықтан оқытудағы жеке және саралап оқытудың әдіс-тәсілдері,қашықтық оқытудағы инклюзивті оқыту мәселелері қаралды.Семинарға мектеп ұстаздары белсене қатысты,қойылған мәселелерді толық талқылады, қашықтық жұмыстың тиімді,тиімсіз тұстарын ажырата білді.Чадаева С.З.,Першина Д.Н.,Кожуалиева Ж.С.,Алиева Э.С.,Уралова Р.З. өз ойларын ашық айтып, қашықтық оқыту кезіндегі мұғалімнің құзыреттілігі,өз жұмысында жетістікке жетуіне қандай үдеріс мүмкіндік беретінін айтты. Семинар соңында мектеп психологы Омилаева Л.Н. мұғалімдерден сауалнама алды. Мектептегі семинарлардың сапалы өтуіне мектеп директоры Асанова Айман Айтыбаевна,мектеп әкімшілігі қызығушылық танытып отырады.

Осындай семинарларды жиі өткізу қашықтықтан оқыту кезінде сапалы білім беру үшін оң нәтижесін береді деп ойлаймын.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.