Home » Мақалалар »     «Жоқ! – деп айтуды үйрен»

    «Жоқ! – деп айтуды үйрен»

Қазақстан  – мықты мемлекет және ұйымшыл ұлт! Біз, жаңа Қазақстанның болашағы бұдан да жарқын болатынына сенеміз! Ал еліміздің көркейіп, бәсекеге қабілетті, алып мемлекет болуы бізге тікелей байланысты. Сондықтан, келешек жастар зиянды затқа емес, ғылым мен білімге құштар болуы керек.

Жыл сайын мыңдаған адам есірткіден көз жұмады. Мыңдаған қылмыс жасалады. Бір мәрте есірткінің дәмін татып көрген адамның, одан қайтуы екіталай. Ол адам күні ертең отбасының, әкеш-шешесі мен бала-шағасының берекесін алып, ауырлық түсіреді, қылмыс жасап қоғамға кесірін тигізеді. Нашақорлық – бір әулетті ортасына түсіріп қана қоймайды, бұл елдің, қоғамның, әлемнің өзекті проблемасы. Жалпы бүгін бұрыс жолға түскен,  қылмыс жасаған тұлғаның тәрбиелік негізі кеше, бала күнінде қалыптасқан. Осы жаман жайттардың бәрінің бір әрі басты себебі діни  білім мен ұлттық тәрбиенің әуел бастан бойына сіңбегенінен. Иман нәрі, адамгершілік құндылықтары санасына, жүрегіне сіңбеген, ашық-шашық, қатыгез ортада өскен балалардың бұрыс жолға бейім болатыны да жасырын емес. Ал, жүрегінде иманы бар, бойынан, бет-жүзінен тәрбие есіп тұратын баланың шалыс қадамдарға баруы бірен-саран. Бұл бір отбасының тәрбиесі емес, қоғамның ісі. Қоғамдық құндылық, тәрбие мығым болған жерде, адамгершілік бойға сіңіріліп, діни білім берілген жерде қылмыстың да, нашақорлардың да аз болатыны аян. Бұл жайында Пайғамбарымыз хадистерінде де баян еткен. «Өз-өздеріңді (өз қолдарыңмен) қауіп-қатерге тікпеңдер» деген аяттың мағынасында адам баласы өзін-өзі өлімге душар етуіне Раббымыз тыйым салған. Егер адам өз өмірінің өліміне себеп болған зиянды, улы нәрселерге жол берсе, онда оның ақырғы дүниедегі жағдайы да мәз болмайды. Ал, біз айтып отырған есірткі – адамның өз-өзін өлімге тігуінің құралы. Ал, шариғатта өз-өзін өлтіретіндердің үкімі нақ айтылған..

Ең алдымен өз өзіңе сенімді бол! Кез келген наша түрін, есіңнен тандыратын препараттарды қолданбаймын деген табанды «ЖОҚ» сөзін айта алатындай өз өзіңе сенімді, ерік-жігерлі бол! Есіңде болсын ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде! Нашақорлық — ол тәуелділік ауруы. Ешнәрсеге тәуелді болма! Міндетті түрде дос таңдағанда өте мұқият бол! Себебі, нағыз дос ешқашан зиянды нәрселерді ұсынбайды.

 

Жолмырзаева Ұлжан
8а сынып
Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы
Е.Көшербаев атындағы № 279 мектеп-лицейі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.