Home » Мақалалар » Ұстаз болу-жүректің батырлығы

Ұстаз болу-жүректің батырлығы

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы.Менің әдістемелік тақырыбым “Кіші жастағы  оқушылардың  оқу жүйесіне  жеті модульді  енгізу арқылы танымдық  белсенділіктерін  дамыту”.Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес сонымен қатар баланың маңызды психикалық қызметтерін,ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады.

Әр сабақ қызықты, өзгеше өту үшін көптеген жұмыстар дайындаймыз. Сабақ кезінде оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса,оларда ақыл-ой қабілеттерінің зеректік,зейіндік,байқағыштық,ойлау мен сөйлеу дербестігі, қызығушылығы элменттері дамиды. Ахмет Байтұрсынов «Жақсы мұғалім мектепке  жан кіргізеді» деген ғой. Барлық жұмыстарда  оқушылардың қалауы,  таңдауы мен  ұсыныстарын  ескеру қажет. Оқушылардың  танымдық  ізденімпаздығы  мен белсенділігін,  шығармашылық   бағыттылығына  негізделген  жұмыс түрлерін пайдалану-олардың танымдық  қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.Сонымен қатар, оқушылардың  шығармашылық дербестігі мен  ізденімпаздығын қалыптастыруда  мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет.         Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады»- деп айтқан.

Жаңа сабаққа оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін, оқушыларды жұптық жарысқа түсіру мақсатында, тақырыпты  шағындап, тақырыпшаларға келтіріп  бөліп берген дұрыс болады деп есептеймін.  жұптар сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін пайдаланып  ізденіп, ең негізгісін алып шығып, жұмысты плакаттарға  дәптерлеріне орындап, талдау   жұмыстарын  жүргізіп, кластер құрып, Венн диаграммасы арқылы осы тақырыпты  қорытынды дасауларына жағдай жасаймын. Мен өз сабағымда ой  қозғау барысында  оқушыларға  жоғарғы, төмен  дәрежелі  сұрақтар қойып,  тақырыпқа деген қызығушылықтарын туғызып отырамын, нәтижесінде сабақ соңында олар  өздері қорытынды шығара  алатын  болады .Жаңа әдіс- тәсілдерді әрі қарай іске асыра отырып, сабақтарды осы әдістерді түрлендіре отырып қолданып,оқушылардға  өз ойларын дәлелдеуге, еркін сөйлеуге, кез келген жағдайлардан мшешімін табуға  жағдай жасауым керек. Әрі қарай алдыма қойған мақсатым – осы жеті модульді сабақтарда қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру,өздігінен шешім шығара алатын және жан-жақты ізденімпаз тұлғаны дамыту болып отыр.

 

Несіпбайұлы Думан

    Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Sabaq.kz
  2. bilimdiler.kz

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.