Home » Мақалалар » 12 жылдық білім берудегі информатика пәні

12 жылдық білім берудегі информатика пәні

«Адам адаммен тек білім арқылы ғана теңеседі» деген сөз қазіргі таңдағы ең ауқымды тақырыптардың бірі.

Білім-өмір шырағы дегендей әрбір қазақ жастары, өскелең ұрпақ, ертеңгі болашақтың білім алуына жағдай жасалып, түрлі өзгерістер енгізілуде. Еліміздің көркеюі, білімді азаматтардың биік шыңына қол жетуіне бағыт беретін ұстаз еңбегі үлкен рөл атқарады деп ойлаймын.

Қазіргі кезде әлемде 12-жылдық мектепке есептелген жалпы орта білімнің белгілі бір халықаралық  стандарты  пайда  болды. Орта мектепте 12 жыл оқыту АҚШ, Канада, Жапония,  Швеция, Францияда қабылданған, Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда 13 жыл, Голландияда 14 жыл оқытады. Біздің елімізде негізгі оқу пәндерінен мазмұны бойынша  ұқсас бағдарламалар 10-11 жылда оқытылады, бұл оқушыларға жүктеменің артуын тудырады, олардың оқуының сапасын төмендетеді, денсаулықтарына кері әсер етеді. Соңғы 15 жылда негізгі мектеп оқушыларының оқу жүктемесі бір жарым есе өсті, мамандар мектеп оқушыларының 10 пайызының ғана дені сау екенін мойындайды. 12 жылдық білім беру жағдайындағы білім сапасы – білім нәтижесінің мемлекет, қоғам мен тұлғаның сұранысына сай келуіне  тығыз байланысты. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағдайында жергілікті қоғамның сұранысы, оқушы сұранысы мен мемлекеттің өзгермелі тапсырысын талдау арқылы білімнің жаңа жоспарланған нәтижелерін анықтауға мүмкіндік береді.

12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Бастауыш мектеп жасы – баланың жеке тұлғасы мен оның ағзасының одан әрі дамуын айқындайтын өте маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл жастағы балалардың маңызды ерекшеліктері – олардың айналадағы өміріне: адамдарға, оқиғаларға, фактілерге қызығушылық танытуы болып табылады.Олардың қоршаған ортадағы заттар туралы түсініктері бар, олар білуге құштар, жаңа ақпаратты да жақсы қабылдайды. Осы ынта мен құштарлықты бастауыш сынып мұғалімі өшіріп алмай, оның әрі қарай дами түсуіне көп көңіл бөлуі керек.

12 жылдық білім берудің өзіндік бір ерекшелігі — ерте жастан информатика пәнінің оқу бағдарламасына енгізілуі. Мұндай білім беру жүйесі келешек ұрпақтың білімінің толығуына, жан-жақты болуына шынайы әлем жағдайында тәрбиеленуіне көп септігін тигізеді. Сонымен қатар осы өзгерістерді іске асыру жолында жалпы педагогтар қауымының психологиялық – педагогикалық жаңаруы көзделеді.

Қазір еліміздегі жалпы білім беретін көптеген мектептерінің бастауыш сыныптарында информатика пәнін оқыту сынақ-тәжірибеден өтуде. Эксперимент сыныптарда дәріс берген экспериментатор-педагогтар 12 жылдық білім берудегі бастауыш саты жүйесін толық меңгеріп, осы жүйенің оқушыға тиімді және тиімсіз жақтарын саралай отырып, өз ұсыныстары мен пікірлерін енгізді. 12 жылдық эксперимент сыныптарының оқушылары қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде.  Білім мазмұнын жаңартудағы бұл үрдіс барша педагог қауымға, сондай-ақ ата-анаға да үлкен жауапкершілік жүктейді.

Информатика пәні биылғы оқу жылында 5-сыныптан бастап оқытыла бастады. Бұл болашақта оқытуды төменгі сыныпқа көшіру тиімділігін әлі де практика жүзінде дәлелдей түсері анық. Себебі кез келген мектеп жасына дейінгі баланың танып — білуге, оқуға қатысты қызығушылығының өте жоғары болатыны белгілі. Ал психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады екен. Сондықтан балаларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін бастауыш сыныптан-ақ оларды логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, ақпараттық технологиялардың негізіне, ақпараттық сауаттылық пен мәдениеттілікке тәрбиелеу қажет.

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш мектепте информатиканы оқыту келесі мақсаттарға жетуге бағытталған:

— ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру;

— интеллектуалды тұлғалық және эмоциялық — жігерлік сапаларын, қабылдау түрлерін және есте сақтауын дамыту;

— оқушыны азаматтыққа және дүниетанығыштыққа тәрбиелеу.

Қазіргі кездегі информатика пәнін оқытудың әдістерінің күн сайын жаңарып отыруына қарамастан бастауыш сыныптарда информатика курсын оқытудың мақсатын төмендегідей түрде сараптауға болады:

—    Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;

—    Ойды логикалық түрде дамыту;

—    Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;

—    Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.

Информатика ғылымының негізгі объектісі – ақпарат болғандықтан болашақ бастауыш мектептің информатика пәні мұғалімдерінің бойында ақпараттық құзыреттілікті қалыптастырудың маңызы ерекше. Әмбебап ақпараттық технологияларды пайдалану оқушылардың ақпараттық құзыреттілігінің жобалық, коммуникативтік, ұйымдастыру компоненттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялардың программалық құралдарын ақпараттық модельді өңдеу құралы ретінде қарау қажет. Мәтіндік, кестелік процессорлар, электрондық презентациялар, графикалық редакторлар, мәліметтер қорын басқару жүйелерін пайдалана білу студенттердің ақпараттық құзыреттілігін арттыра түседі.

«Мұғалім — оқушы» өзара іс-әрекетінің моделін қарастырсақ, оқытушы  кеңес береді, ынталандырады,  бақылайды, ал оқушы таңдайды, адамдармен қарым-қатынас жүйесін жасақтайды, бағалайды.Мұғалім сабақ барысында білімді бақылау үшін тақырыптық тесттер    қолданылады. Жаңа ақпараттық технологиялар оқу материалын иллюстрациялау кезінде пайдаланылады. (мысалы, анимацияланған слайд-фильмдер). Бұл қажет жағдайда меңгерілетін процесті динамикалық түрде (дыбыстық және видеофрагменттерді) демонстрациялауға мүмкіндік береді.

 

Пермахан Нұртілеу
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің информатика мамандығының 1-курс студенті,
Жетекшісі: Қамалиден Айгерім Сағындыққызы
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің информатика, программалау пәндерінің оқытушысы

Қолданылған әдебиеттер:

[1]. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасының жобасы

[2]. «Мектеп информатикасы: іс – тәжірибе, проблемалар және келешегі», Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар жинағы. 19 – 21 қазан 2005 жыл. Алматы, 2005 ж.

[3]. «Метология и технология создания электронной методической системы в условиях информатизации образования» (доктроская диссертация), Курманалина Ш.Х., г.Алматы, 2002 год.

[4]. «Новые педагогические и информационные технологии в системе образования», Е.С. Полат – М.: Аcademia, 2000, 171 б.

[5]. «Система внедрения информационных технологии в организацию обучения школьным предметам в школе-гимназии», С.М. Иванова, Материалы 4-го международного форума «Информатизация образования Казахстана и стран СНГ», 2006.

[6]. «Подготовка учителей начальных классов к преподаванию информатики младшим школьникам», О.В.Синявина, Информатика и образование, 2006, №7, 122 б.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.