Қазіргі білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы негізінде «Дене шынықтыру» пәнінің мәртебесі артты деуге болады. Мұнда пән белгілі нормативтерге бекітілген талаптар бойынша тек дене шынықтырып қана қоюға бағытталмайды. Арнайы педагогикалық тәсілдерге негізделеді. Жеке адамға бағытталған тәсіл арқылы бала организмінің функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін дене жүктемелерін мөлшерлеуді көздейді.
Әрекет ету тәсілі бала қозғалыс арқылы дамитындығын қарастырса, құзыреттілік тұрғыдан келу негізгі біліктіліктерді меңгеруді көздейді. Сондай-ақ, денсаулықты сақтау тәсілі үйрету процесінде баланың денсаулығын міндетті түрде сақтауды қарастырады.
Мұғалімдердің пайдаланатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін аса қажет. Олар алдында қол жеткізген жетістіктерден кейін оқушылардың алға жылжуына мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі айтарлықтай септігін тигізетінін дәйекті түрде көрсетті. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс-тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді.
«Дене шынықтыру» пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ол оқушының дене дамуына, сондай-ақ әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептің білім беру жүйесінің құрамынада бола отырып, дене шынықтыру оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Осындай жол арқылы болашақта салауатты әлеумет қалыптастыруға болады.Сонымен қатар, дене шынықтыру сабағындағы негізгі қағидаттардың бірі–белсенділік. Ол дене шынықтырумен айналысатындардың ойластырылған негізде, терең түсінуін қамтамасыз етіп, дене шынықтыру-спорт шараларына тұрақты қызығушылық мен қажеттілік тудыруға, сондай-ақ барынша белсенді болуға жетелеуге бағытталған.
Бұл қағидатты іске асыру дене шынықтырумен айналысатындардың түрлі жаттығуларды орындау техникаларын біліп, терең түсініп, дене шынықтыру үдерісіне саналы және байсалды қарауға көмектеседі.
Белсенділік–адам орындайтын іс-шаралардың өлшемі, оның жұмысқа тартылу деңгейі. Дидактикалық тұрғыдан алғанда, белсенділік деп білім, білік және дағдыларды саналы түрде игерудің алғышарттарын, шарттары мен нәтижесін атаймыз. Проблемалық оқыту әдісі теориялық сабақтарда да, тәжірибелік сабақтарда да қолданылады. Мысалы, проблемалық оқыту әдісі қолданылатын сабақта 1-сынып оқушылары тірек-қозғалыс дағдыларын дамыту мәселесін қарастырғанда оларға мынадай сұрақтар қойылуы мүмкін:
Аяқпен неше түрлі жолмен қозғала аласың? Оқушылар бұл қозғалыс түрлерін көрсету керек.
Жоғарыда аталған сабақ түрлерінің барлығына тән ортақ белгілер бар. Олар:
•оқушы мен мұғалімнің арасындағы тығыз қарым-қатынас;
- ойлау қызметі жоғары деңгейде іске қосылған;
- ұжымдық жұмыс түрлері жеке жұмыс түрлерімен бірге қолданылады;
- оқушыларға әсер ететін эмоция деңгейі артады;
- танымдық тұрғыдан оқушылардың дербестігі;
- өз бетінше білім алуға ынталандыру, бұл саралау әдісін іске асыруға мүмкіндік береді;
- оқу үдерісінің тиімділігі артады.
Бұның барлығы оқушы білімінің сапасына қазіргі заман сабағына қойылатын маңызды талаптардың бірі–оқушының денсаулық жағдайын, дене бітімінің дамуын,қимыл-қозғалысқа дайындығын,психикалық даму ерекшеліктерін есепке ала отырып, саралау және жекешелендіру тәсілін қолданудың маңызы зор.
Саралау және жекешелендіру тәсілі дене шынықтыру саласында жоғары нәтижелері бар балалармен қоса, бұл саладағы нәтижелері төмен балалар үшін де маңызды.Әдетте қимыл-қозғалыс қабілетінің нашар дамуы оқушының бұл сабақта үлгерімінің төмен болуының басты себебі болып жатады. Ал орташа оқушыға есептелген сабақта деңгейі жоғары оқушыға қызықсыз болады. Оның үстіне, дене шынықтыру сабағында балалар негізгі, дайындық және арнайы топ деп бөлінеді. Сондықтан, тапсырмаларды да, сабақ мазмұнын да, оқу материалын игеру қарқынын да, нәтижелерді бағалауды да саралау қажет. Дене шынықтыру сабағында оқытуды тиімді түрде саралай білу әркімге білім бере отырып, оларды лайықты әрі шабыттандырушы түрде жұмылдыруға жол ашады. Оқушыларының ішкі уәжін арттыру үшін бірқатар педагогикалық оқыту тәсілдерін қолдануға болады. Мысалы: оқушылардың қызығушылығын туғызып, олардың қажеттіліктері мен ұмтылысына сай келетін тапсырма орындауды қамтитын жаттығуларды әзірлеу және жетілдіру.Бұл оқушылардың спортшыларды тануына мүмкіндік береді. Олардың сынып қабырғасынан тыс дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу тәжірибесі қандай? Олардың білетіні және қолынан келетіні мен істегісі келетінінің арасында қалай байланыс орнатуға болады? Мұны оқытуға қалай тиімді кіріктіре алуға болады? Сондай-ақ, мұғалім оқушылар өздері баратын секцияда үйренген дағдыларын көрсетуді өтіне алады.
Табысқа жетуге арналған ортаны қалыптастырыңыз.Барлық оқушылардың сіздің қажет болған жағдайда өзгерту енгізіңіз. Сондай-ақ оқушылардың оқу мақсатын түсінетіндігіне, олардың сабақтан шыққан кезде өздерінің спортта қандай да бір жетістікке қарай ілгерілегенін сезінетініне көз жеткізіңіз. Сабақта белсенді оқыту тәсілдері қолданылуы үшін сабақтың мазмұнын өзгерту. Оқушыларды оқыту мен оқудың жаңа әдістерімен қызықтырыңыз. Бұл мұғалімдер мен оқушылардың арасын байланыстырады, сонымен қатар, жақсы кері байланыс үшін жағдай жасап, оқытуға қолайлы мүмкіндіктер туғызады. Оқушылар сізді спортшы ретінде қабылдауы үшін, әрдайым модельдер құрыңыз көрсетілімдер жасаңыз.Ынтымақтастық ортасындағы топтық жұмысқа ынталандыру керек. Балалар спортты қазірдің өзінде жақсы көреді, сіздің міндетіңіз–олардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыра түсу. Оқушыларды ынталандыруға арналған осы ұсынылған тәсілдер тізімінде қандай да бір мадақтау немесе жазалау ескерілмегеніне мән беріңіз. Олар – жалпы қолданылатын техникалар әдетте, «сыртқы» уәж немесе «оқу керек» деген талаппен байланыстырылады. Оқушыларды мұндай жолмен уәждеу стратегияларын пайдалануға сақтықпен қараған жөн, себебі олар ішкі уәжді төмендетуі мүмкін. Атап айтқанда, оқушыларда төмендегідей сезім тудыруы мүмкін марапаттардан (әсіресе мақтаудан), жаза немесе кері байланыстан аулақ болған дұрыс:
- тапсырманы орындауға өзін қабілетсіз сезіну;
- тапсырманы аяғына дейін орындаудың қажеті жоқ деп сезіну;
- тапсырманы орындау үшін аз ғана әрекет етіп, шектеулі күш-жігер жұмсаса жеткілікті деп сезіну;
- өзіне аз тапсырма берілді деп сезіну.
Бастапқы ішкі уәж төмен болған жағдайда сыртқы марапат пайдалы болуы мүмкін. Шын мәнінде, мұғалім оқушылардан жоғары нәтиже күтіп, олардың өз күшіне деген сенімін нығайту үшін мадақтауды пайдаланғаны дұрыс. Оқушының жұмысына құрметпен қарай отырып, оның ішкі уәжін арттыруға ықпал етуге тырысыңыз (мысалы, оның жеке қызығушылығы, тақырыпқа қызығушылығы, жеке мақсаттарға ұмтылуы және т.б.).
Оқушының оқуға құлқының болмауы, негізінен, мұғалімнің оның уәжін оята алмауының салдарынан болады. Мұғалім қызметінің аса маңызды қыры – оқушылардың уәжін анықтауға көмектесетін көптеген факторларды түсіну. Төмендегі кестеде мұғалім жұмысының оқушының уәжін өсіретін немесе, керісінше, өшіретін факторлар ұсынылған. Сонымен, жаңарту бағдарламасындағы дене шынықтыру пәнін оқытудың орны ерекше. Онда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Жаңарту бағдарламасы нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артып, оқу тоқсандарында жоғары сапаға қол жеткізуге болады.
Қорыта айтқанда, дене шынықтыру сабағында алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік құзыреттілігін дамытуға баса назар аударылады. Бұл дегеніміз оқушының өзін-өзі басқарудағы әлеуетін артып, салауатты өмір салтын ұстануына өзінді септігін тигізеді деген сөз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық , 2016.
2.Дене мәдениеті-оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде.Ізденіс-Поиск. 2009, №2 (2)- Б.262-264
3.Е.Уақбаев Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы.Алматы:Санат, 2000
- «Мектептегі дене шынықтыру» журналы, №2, 2016.
Х.У.Ихсанов
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша ПҚБАИ,
«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру»
кафедрасының аға оқытушысы
Ұзақ жазылған іліп алар мұғалмді және оқушыға тиімді ештене жоқ