Home » Мақалалар » Жасөспірімнің мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру

Жасөспірімнің мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру

Адамның тұрақты психикалық  ерекшеліктер  жиынтығының бірі –мінез-құлық. Мінез-құлық бұл-тірі  организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі–тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністерін береді. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық  адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.
Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығын мінез-құлық деп атаймыз. Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді.
Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст.Холл «Бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» деп санайды.
Адам бойына жақсы адамгершілік қасиеттерді сіңіру тәрбиеге, өскен ортасына байланысты деп түсінген халық: «Ұстазы жақсының — ұстаны жақсы», «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қанар» деп тәлім –тәрбие, оқу-білім мәселесіне үлкен көңіл бөлген.
Адамға деген құрмет сезімін тәрбиелей отырып, баланың өзіне деген құрмет  туралы да ұмытпағаны жөн. Балалардың бойында берік адамгершілік негіздерін дамытып, оларды жаман ықпалдардан сақтай білсе- ата-аналардың нағыз бақыты осы. Баламен шын сөйлескенде, арада достық барда ғана өтімді болады. Достық баланың жеке басына деген құрмет, шыншылдық мұның бәрі ең жас кезден бастап ойдағыдай тәрбиелеу үшін қажет.
Ата-аналар балаларын тәрбиелей отырып, бала тәрбиелеуде, қоғам мен мемлекет алдында жауапты екенін, болашақ азаматтарын тәрбиелеп отырғандарын естен шығармауы тиіс.  Жасөспірімдерде мінез-құлық мәдениетін қалыптасттыру мәселесіне аса көңіл қойып, онда мұғалім мен ата-атаның бірлескен еңбегі мінез-құлық дағдыларының дамуына әсер еткендігі жайында баса айтқан ғалымдар: Л.Керімов, Б.Айтмамбетова, А.Бейсенбаева, Р.Нұргалиева, С.Ұзақбаева, Ж.Қоянбаев, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Н.Д.Хмель т.б. болды.
Адамгершілік тәрбиесінің ең көп тараған формасы – этикалық әңгіме, пікірталас, дискуссия, кездесудер, оқырман конференциялары т.б. этикалық әңгімелерді адамгершіліктің кез-келген қағидасы бойынша жүргізуге болады. Оқушыларды жақсы мінез-құлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу ісі, сыпайы ісі, жақсы әдеттері, қолдай отырып, оған қарама-қарсы жаман әдет, жат мінездерді әшкерелеу арқылы жүзеге асырылуы қажет. Адамдар арасындағы этикалық қарым-қатынас, жақсы мінез-құлық, үздіксіз тәрбиенің, өзгелердің үлгі өнегесі арқылы біртіндеп қалыптасатын қасиет.
Адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөліктерінің бірі – мінез-құлық мәдениеті болғандықтан,   жасөспірімдерден адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда, осы мәселеге көңіл бөлінеді.
Қазіргі қоғамдары мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің әлеуметтік негіздері өткен ғасырдағы негіздерден принципті түрде өзгеше және олар адамның тілектестік, қайырымдылық, сезімталдық, әділеттік, жолдастық  және ұжымшылдық сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға сүйенеді.
Біздің адамгершілік тұтасымен және оның құрамдас бөлігі ретінде көрінетін мінез-құлық мәдениеті түрлі формада жататын қызу күрестің алаңы болып табылады. Бізге жат адамгершілік қасиет жиі-жиі жалған сезімталдықты, көз бояушы елгезектікті жамылады. Сонымен қатар, екінші жағынан, өзімізбен бірге жүрген, ұжымшыл әрі қоғамдық істерге белсене араласатын жолдасымыздың күнделікті қарым-қатынаста өрескел, әдепсіз, ықылассыз болатын жағдайларын елемей де өте алмаймыз. Мұнда адамның қоғамдық мәні мен оның көріну формаларының сай келмейтіні анық көрінеді. Мұндай адам не көпшілік қабылдаған мәдени мінез-құлық нормаларын менсінбейді, ие оның мұндай мінез-құлық дағдылары әлі де толық қалыптаспаған.
Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеумен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен дөйектілігін ескере отырып, жүйелі жоспарлы түрде шұғылдану қажет. Мектеп оқушыларын адамгершілік мінез-құлыққа үйретуді оқта-текте қолға алу тұрақты нәтижелер бермейді.
Мінез-құлық мәдениетінде дағдылар мен әдеттердің орны үлкен. Бұл үнемі сананың бақылауын қажет қылмайтын автоматтанған іс-әрекеттер солардың арқасында адам көптеген қылықтарды тез де жеңіл орындайды. Көптеген мектеп оқушыларының мәдени мінез-құлық дағдылары мен әдеттерінің оған сәйкес ережелерді білуінен көп қалыс екенін, оларға жүргізілген бақылаулар көрсетіп отыр. Сондықтан оқушылармен жұмыста соларды қалыптастыруға ерекше назар аудару керек. Оған оқушылар жүйелі үйретумен қол жеткізеді. Бұл үшін мектеп өмірі оқушылардың дұрыс адамгершілік қатынастардың тәжірибесін үнемі жинап, дұрыс қылықтарын жетілдіруге жүйелі түрде жаттығуға мүмкіндігі мол болатындай етіп ұйымдастырылған   болуға   тиіс. Істелген   қылықтың   мазмұны әрдайым оның сыртқы көріну формасына сәйкес келуі тиіс. Оқушылармен жұмыс процесінде жоспарлы түрде мәдени мінез-құлықтың кейбір дағдылары үйретіліп отыратын арнаулы жаттығулар жүргізуге болады, ал орта және жоғары сыныптарда мұндай жаттығулар біршама сиреу қолданылады.
Оқушылардың мәдени мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру және мінез-құлықтың адамгершілік нормалары мен ережелері туралы білімдерді игеру біртұтас процесс. Бұл жұмысқа жекелеген энтузиаст-мұғалімдерді ғана емес, бүкіл педагогикалық ұжымды жұмылдыру қажет. Жекелеген энтузиаст-мұғалімдердің бірлі-жарым әрекеттері көзге түсерлік нәтиже бермейді. Бұл түсінікті де, өйткені, олардың оқушылары мұндай ережелерді орындамайтын басқа балалармен қарым-қатынас жасайды, ал олардың  арасында сыпайылық, турашылдықтың қажеті де жоқ деген пікірлер жиі кездеседі.
Табысты тәрбиенің, оның ішінде мінез-құлық мәдениетінің де қажетті шарты барлық мұғалімдердің оқушыларға қоятын талаптарының бірлігінде, сыртқы түріне, тіліне, үзіліс кезіндегі мектеп асханасындары, көшедегі т.б. қоғамдық орындарындарындағы мінез-құлыққа қойылатын талаптар бірдей болуы керек, талаптар бірлігі отбасына да таралуы тиіс. Балалардың мектептегі мінез-құлқына қандай талаптар қойылатынын ата-аналардың білгені және осы бағытта үйде отбасында жұмыс жүргізгені жөн.
           Жас ұрпақтың елінің азаматы болып, тұлға болып қалыптасуының түп тамыры тәрбиеден басталады. Еліміздің болашағы әрине, ол келешек ұрпақ екені сөзсіз. Ендеше бүгінгі таңда жас ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беру негізгі мәселелердің бірі болып отыр.
«Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғыруы, не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі…» дейді, Ж.Аймауытов. Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген. Тәрбие ең бірінші отбасынан басталатыны белгілі. Бұл үлкен тәрбиенің бастауы. Алтын бесік – отбасы болса, алтын ұя – мектеп. Бұл екі ортаның да мақсат-мүддесі ортақ, міндеті бір. Сондықтан, ұстаздар мен ата-аналар арасындағы байланыс неғұрлым тығыз болса, оң нәтижеге қол жеткізуге болады.
Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады. Тәрбие жұмысының негізгі мақсаттарына жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты тәрбиелеу, тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру жатады. Сонымен қатар, тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру маңызды.
Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту, жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру керек.
Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ, ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату қажет.
Осы мақсаттарға қол жеткізуде ата-анамен ұстаздар бірлесіп жұмыс атқаратын болса, онда дені сау, білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез келген жағдайда шешім қабылдай алатын, кез келген адаммен тіл табыса алатын, ел тағдыры үшін жаны ашитын, жауапкершілігі мол, мәдениетті, еңбекқор, бойына басқа да жақсы қасиеттерді жинаған азамат қалыптастыра аламыз деп толық сеніммен айта аламын.
Жаһандану дәуірінде үздіксіз білім беру, міндетті қажеттілік болып саналады, мұнда әрбір адам өмірінің барысында өзінің білімін жаңартуға, дағдаларын жетілдіруге мәжбүр болады. Дегенмен, ұлы ойшыл әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деп айтып кеткендей, адамға ең алдымен дұрыс тәрбие берілуі керек деп ойлаймын.
Бірнеше ондаған жылдар бойы біздің елімізде тәрбие мәселесін отбасылықтан қоғамдыққа айналдыру саясаты жүргізілді, соның салдарынан білім беру ұйымдарында отбасылық тәрбиеге жоғарыдан қарау қатынасы қалыптасты. Қазіргі кезде баламен жұмыс істеудің жеке басқа бағдарланған үлгісіне көшуге байланысты отбасылық тәрбиенің қоғамдық тәрбиеден басымдығы мойындалады. Баланың жеке басы ең алдымен отбасында қалыптасатындықтан, білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысы бұл факторды ескермейінше дұрыс құрылмайды. Алайда ата-аналармен жұмыс ең алдымен педагогтер үшін қажет деген пікір де бар. Шындығында ата-аналармен жұмыстың қажеттігі ата-аналар тарапынан білім беру мекемелеріне қандай да бір көмек қажет болғандықтан емес, баланың жеке басын дамытуға қамқорлықтан туындап отыр. Бірыңғай тәрбиелік орта құрудың әрбір баланың мүмкіндігін барынша ашу үшін маңызы зор. Сондықтан да мектеп пен отбасының тәрбиелік әлеуетін кіріктіру, тең негізді қарым-қатынас жасау, яғни ата-аналар мен педагогтердің ешқайсысының бақылау жасау, көрсетіп беру құқықтары болмайтындай қарым-қатынас жасауы қажет. Ата-аналар балалармен қандай да бір шаралар өткізуде ассистент, көмекші рөлінде болуы, сарапшы рөлінде (егер педагог ата-ана жақсы білетін тақырып бойынша сабақ өткізуді жоспарлаған болса), кеңесші рөлінде, шараны ұйымдастырушылар рөлінде, т. б. болуы мүмкін. Ата-аналар мен педагогтердің бірлескен әрекетінен педагогикалық процеске қатысушылар тек ұтады: –   ата-аналар балаларының өміріне белсене қатысады, бұдан қарым-қатынастарындағы түсіністік артып, жолға қойылады; –   педагогтер ата-аналармен жұмыс істеген кезде бала туралы көбірек біледі, бұдан тәрбие беру және оқытуда тиімді құралдарды таңдап алу мүмкіншілігі артады. Ең бастысы бірыңғай тәрбие кеңістігінде болған бала өзін қолайлырақ, сенімдірек сезінеді, нәтижесінде оқуы жақсарады, үлкендермен және құрдастарымен түсініспеушілігі азаяды. Зерттеу қазіргі ата-аналардың мамандар көмегін қажетсінуі артып отырғанын көрсетеді. Дегенмен, ата-аналардың осындай білімді қажетсінуіне қарамастан, педагог бұрынғыша жұмыстың тек дәрістік формасын қолдана алмайды, өйткені: –   дәріс процесінде ересектер ақпараттың тек 15–20%-ын ғана (және де өздеріне тікелей қатысы барын) қабылдайды; –   олардың өмірлік тәжірибесі мен маманға деген сұранысы ескерілмегендіктен, оқыту уәждемесі айтарлықтай төмен; –   кей жағдайда дәріс формасында берілетін ақпаратты ата-аналар педагог тарапынан көрсетілген қысымдай қабылдайды. Міне, сондықтан да қазіргі кезде ата-аналармен әрекеттестіктің интерактивті формасы көбірек қолданылады. Бұлар мүдделестер клубы, үйірмелер, отбасылық клубтар, пікірсайыс клубы, үйге бару, конференциялар, «дөңгелек үстелдер», семинарлар, тренингтер, спорттық жарыстар, КТК (КВН) және т. б. болуы мүмкін. ата-аналармен жұмыстың жазбаша түрлерін: қабырға газеттерін, мектеп жұмысы туралы бюллетендерді (күнделікті, ай сайын шығатын), баланың жетістіктері жайлы ата-аналарға хат жазу (аптасына, айына бір, оқу тоқсаны немесе триместр сайын), ата-аналар үшін олардың қажеттіліктері мен мектеп жұмысы туралы пікірлерін білу үшін сауалнамалар, сұрақнамалар жүргізу. Соңғы кезде ата-аналар қоғамдастығының тәрбиелік әлеуеті деңгейін арттыру идеясы кеңінен таралып жүр. Әсіресе ата-аналарға арналған тренингтер, ата-аналар мен педагогтерге арналған бірлескен тренингтер өткізу жолға қойылған, олардың басты міндеті – ата-аналарға өз тәжірибелерін жүзеге асыруына көмектесу болып табылады. Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру шараларын ұйымдастыруда (семинарлар, тренингтер, дәрістер, «дөңгелек үстелдер») біз психолог В. В. Мамаева жасап шығарған алгоритмді басшылыққа алуды ұсынамыз. Бұл алгоритм шараларды сауатты жоспарлауға және оның тиімділігін бақылауға көмектеседі. Кезеңдер Педагог-психологтың әрекеті Бір ай бұрын Тәрбиелеудің өзекті мәселелерін анықтау бойынша сауалнама жүргізу, сауалнама нәтижелерін мерзімді басылымдарда жариялау, балаларды диагностикалау, әртүрлі отбасылық оқиғаларға талдау жасау және тәрбиешілердің оларға сараптама жасауы, семинар тақырыбы бойынша проблема шешімін таба алмай жүрген отбасыларын кеңес алуға шақыру. Бір апта бұрын Жарнама ережелеріне сәйкес өткізілетін шара туралы хабарлау, шараны басқа да мамандармен бірлесіп өткізуді жоспарлау, кеңес берілетін ата-аналарды телефон арқылы қосымша хабарландыру, тақырып бойынша балалар әрекетінің өнімділігіне талдау жасау, таратпа материалды дайындау, тақырып бойынша кітап көрмесі. Бір күн бұрын Семинардың жалпы жоспарын жасау, ата-аналарды телефон арқылы қосымша хабарландыру, қажетті материалдарын даярлау, қосымша жарнама жасау. Бір сағат бұрын Өткізілетін орынды даярлау (отыратын жердің жайлы болуын қамтамасыз ету, этика нормаларын сақтау), психологты алда болатын кездесуге дайындау. Семинардың (тренинг / лекция / «дөңгелеу үстелдің») өткізілуі Бір сағаттан кейін Пікірлерді өңдеу, өзінше талдау жасау. Бір күннен кейін Айтылған пікірлерді пайдаланып фотогазет шығару, өткен тақырып бойынша көрнекілік ақпарат, «Сұрақтар жәшігі». Бір аптадан кейін Семинар тақырыбы бойынша дербес кеңестер беру, сұрақтарға жауап беру, баспасөз басылымындағы сауалдар бойынша ақпаратты өңдеу, өткен тақырып бойынша көрнекілік ақпаратты жаңарту. Бір айдан кейін Отбасылық жағдайдағы өзгерістер туралы қатысушылар сауалнамасы, педагог кадрларының отбасылық жағдайға бақылау жасауы, балаларды қайтара диагностикалау, балалар әрекетінің өніміне талдау жасау. Мұндай шараларды ұйымдастыру мен өткізудің жаңа формалары, біздің ойымызша, жарқын, жеңіл және педагогикалық ұжымның барлық мүшелерін белсенді әрекетке жұмылдыратындай тартымды болғаны дұрыс. Дайындау әдістері мен тәсілдері, өткізу формалары мен технологиялары жағынан басқаша ата-аналармен жұмыстың үлгі тақырыбын ұсынамыз. Ұсынылған тақырыптардың әрқайсысында жаңа жұмыс түрлерін жобалағанда пайдалы болуы мүмкін өз ерекшеліктері бар: Отбасы бала тәрбиесі мен дамуындағы әлеуметтік мәдени орта ретінде. Қазіргі жағдайдағы отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін арттыру жолдары. Балалар мен ата-аналар қатынастарын психологиялық-педагогикалық диагностикалау және түзету. Отбасылық тәрбиедегі гуманистік тәрбие парадигмасы және тұлғаға бағдарлану. Тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбиелеу жүйесіндегі қазіргі заманғы отбасы. Балалармен жасөспірімдердің жағымсыз әдеттерінің алдын алу және жеңе білудегі отбасының рөлі. Отбасында баланы жыныстық ерекшелігін және әлеуметтік-жыныстық рөлдерін ескере отырып тәрбиелеу. Отбасында жағымсыз ақпаратқа тұрақты көзқарас қалыптастыру. Отбасылық тәрбиеде мәдени-этностық құндылықтарды пайдалану. Баланың ана тілін біліп өсуіне ата-аналардың әсері. Баланы көптілді, көпмәдениетті ортада тәрбиелеу. Әдебиет – отбасылық тәрбие көздерінің бірі. Балаларды бірыңғай ұлттық тестілеуге даярлаудағы ата-аналардың рөлі. Отбасы мен мектеп әлем мәдениеті жолында: «Халықаралық әлем мәдениетінің онжылдығы және планета балаларының мүддесі үшін зорлықтан бас тарту» бағдарламасының мазмұны, жүзеге асыру әдістері мен құралдары. Отбасы мен мектептің коммерциялық емес ұйымдармен серіктестігін ұйымдастыру және заңнамалық қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды өңдеу және жұмыс барысын дамыту, келіссөз жүргізуіне көмек көрсету. Бақытты адам тәрбиелеп шығару. Отбасы мен мектеп – балалар құқығын қорғау және қамтамасыз ету бойынша тең құқылы серіктестер. Оқушы жетістігінің портфелін қалыптастыру және оның оқу уәждемесіне қолдау көрсетудегі отбасы мен мектептің әрекеттері. 12 жылдық білім беру тұжырымдамасын талқылау және жүзеге асыру ісіне ата-аналар қоғамдастығын тарту түрлері мен әдістері. Балалар, жастар, отбасы мен әйелдерге байланысты мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды ақпараттық қамтамасыз ету. Баланы асырап алу және отбасына берілу жағдайындағы әлеуметтік-психологиялық, мәдени және рухани-адамгершілік проблемалары. Отбасының, мектептің, қоғамдастықтың оқушыларға қоятын талаптарының үйлесімді және бірыңғай болуына ата-аналар мен жалпы әлеуметтің ортақ педагогикалық әсері. Отбасымен жұмыс жасау бойынша білім берушілік және кешенді бағдарлама жасау бойынша жұмыс тәжірибесінен. Сапалы білім алу үшін серіктесе басқару және жүзеге асыру жағдайы – ата-аналар кеңесі жұмысының мақсаты ретінде. Отбасы мен мектепке қолдау көрсету әлеуметтік бағдарламасын жоспарлауда қоғамдық ұйымдар қызметін белсендірек ете түсу. Отбасының өнегелі және шынайы портреттері. Отбасылық тәрбиенің өзекті проблемалары және оларды шешу жолдары. Үш ұрпақ кездесуі. Ата-аналар, мұғалімдер мен қоғамдастық әрекеттестігін үйлестіру. Бала мен ата-аналар инклюзивті оқытуда. Ата-аналар мен педагогтердің арнайы білім берудегі ынтымақтастық тәжірибесі. Дамуында ауытқушылығы бар баланы кешенді дамыту процесіндегі отбасының психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі. Білім беру процесін жаңғырту барысында ата-аналармен жұмысты жетілдіру. Педагогикалық әрекеттестік – тәрбие процесінің тиімділігі үшін маңызды шарт. Оқушының жеке басын дамытудағы отбасы мен мектептің рөлі. Психолог пен педагогтің ата-аналармен әрекеттестігі. Зияткерлігінде ауытқушылығы бар балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер педагогтері мен ата-аналардың ынтымақтастығын ұйымдастыру. Зейіні мен интерактивті мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеуші отбасылармен түзетушілік-педагогикалық жұмыс жасау. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуші отбасылармен психиканы түзету жұмыстарын жүргізу. Жанжалдан ынтымақтастыққа дейін. Жоспар жасаған кезде төмендегі тармақтарды қамтитын бірыңғай құрылым пайдаланылады: –   Тақырып. –   Таңдалған тақырыпқа қысқаша түсінік беру. –   Мақсаты. –   Ұйымдастыру формасы, әдісі, құрал-жабдығы. –   Жүргізу барысында түсінік беру. –   Үлгі ұсыныстар жобасы. –   Қосымшалар: сызбалар, диагностикалар, сауалнамалар, кестелер, т. б. Дереккөз: «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» №

Источник: бұл-https://edu.mcfr.kz/article/2390-qqq-10-m3-26-03-2010-otbasy-men-mektept-trbielk-leuetn-krktru

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки.

Қаленова Гульзахира Сапарғалиқызы
«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институтының қоғамдық-бұқаралық
байланыс және баспа қызметі бөлімінің басшысы,
техника ғылымдарының магистрі
Атырау облысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.