Warning: include_once(/var/www/vhosts/bilimainasy.kz/httpdocs/wp-content/plugins/wp-super-cache/wp-cache-phase1.php): failed to open stream: No such file or directory in /var/www/vhosts/bilimainasy.kz/httpdocs/wp-content/advanced-cache.php on line 22

Warning: include_once(): Failed opening '/var/www/vhosts/bilimainasy.kz/httpdocs/wp-content/plugins/wp-super-cache/wp-cache-phase1.php' for inclusion (include_path='.:/opt/alt/php74/usr/share/pear') in /var/www/vhosts/bilimainasy.kz/httpdocs/wp-content/advanced-cache.php on line 22
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға — Білім айнасы газеті

     Ұстаз – қандай қасиетті, қастерлі сөз! Ұстазсыз адам болмайды сірә. Ұстаз ол алғаш әріпті, санауды үйретіп баланы өмірге дайындайды. Мектепке тарыдай болып кірген бұлдіршіндерді таудай етіп шығарудың өзі үлкен міндет.

«Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп М.Әуезов айтқандай, балалардың болашағы үшін аянбай еңбек еткен мұғалім бейнеті еш кетпейтіндігі анық.

Осындай қиын кезеңде, яғни елімізде жайылған індетке қарамай аянбай еңбек етіп жатқан Кентау қалалық білім бөліміне қарасты «Қос – Қорған» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері туралы сөз қозғағым келіп тур. Мектептің бастауыш сыныптар бірлестігінде 8 мұғалім жұмыс атқарады. Барлығы жоғары білімді, 1 педагог — зерттеуші, 1 педагог – сарапшы, 6 педагог – модератор. Ағымдағы оқу жылы басынан 1-ші сыныптар кезекші топтарда мектепте сабақтарын оқып келе жатыр. Қалған сыныптар қашықтықтан оқытуды қолға алған. Мектепте сабақтар барлық санитарлық талаптарға сай жұргізілуде.

Сабақтан тыс іс – шаралардыда өз уақтысында өткізіп оқушылардың ой-өрісін өсіріп, зейінін шоғырлантырады. Мысалы: Отбасы күніне орай «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы», «Мен және жанұям» тақырыптарында бастауыш сынып мұғалімдері қашықтықтан тәрбие сағаттарын өтті. Өзін-өзі тану пәнінен 23 қараша күні «Жалпы адамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі» тақырыбында жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сағатын өз деңгейінде өтіп, жас урпаққа рухани адамгершілік тәрбие негіздерімен сұсындатты. Ұстаздар мектептің 2 – 4 – сынып оқушыларына қашықтықтан дарын онлайн платформасын пайдаланып сабақ беруде. Осындай қиын кезеңде аянбай еңбек етіп жатқан ұстаздарға шын жұректен алғыс айтамын.

«Қос – Қорған» жалпы орта мектебі
директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары Мирзаханов Суръат

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *