Home » Мақалалар » ҚазҰУ -білім алуға зор мүмкіндіктер мекені

ҚазҰУ -білім алуға зор мүмкіндіктер мекені

Зульбухарова Эльмира Мукановна
Куйкабаева Айжан Амангалиевна
Медитпек Райымбек Мажитұлы
магистрант 1-курс екеуі жетекші

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
және физика-техникалық факультеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Орталық Азиядағы жетекші университет және еліміздің жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингінің көшбасшысы болып отыр. әлемнің 800 үздік университеттерінің арасында QS халықаралық рейтингісінде 220 орын алып отыр.

UI Green Metric Ranking of World Universities жаһандық рейтингісінде ҚазҰУ 172-ші орынға ие болды және осылайша ең экологиялық университеттердің топ 200-ші позициясын нығайтты. Times Higher Education Британ агенттігінің зерттеу нәтижесі бойынша ҚазҰУ Орталық Азия университеттерінің арасында бірінші болып әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарына кірді. ARES еуропалық рейтингісінде (Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палата) ҚазҰУ АА бағасын алып, жетекші еуропалық ЖОО қатарына енді.

Университетте 3 мыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары және философия докторлары жұмыс істейді, жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлі жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студенттер, магистранттар доктораттар білім алуда. әл-Фараби ҚазҰУ әлемнің 500 ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын жүзеге асыру, студенттер алмасу және тағылымдамалар өткізу бойынша ынтымақтасамыз.

Әл-Фараби ҚазҰУ білім берудің барлық сатыларында ағылшын тілінде білім беретін мамандарды кең ауқымды даярлауды алғашқылардың бірі болып бастады. Бүгінде біздің ЖОО мамандықтарының 70% — дан астамы ағылшын бөліміне ие, соның арқасында ҚазҰУ-да шетелдік студенттердің ең көп саны білім алуда. ҚазҰУ жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен 70-тен астам қос диплом бағдарламасын жүзеге асыратын Қазақстандағы жалғыз университет болып табылады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында БҰҰ Өркениеттер альянсымен бірге ҚазҰУ «Ізгілік қоғам азаматтарын қалыптастыру. Қазіргі заманғы университеттердің миссиясы» атты халықаралық жобаны іске асырады. Мәселен, Голландия, Түркия, Иордания, Италия, Қытай, Египет және басқа елдердің жетекші университеттерінде Әл-Фараби атындағы 10 ғылыми-білім беру орталығы құрылды, онда қазақ халқының мәдениеті мен тілі оқытылып, олардың базасында Университет филиалдарын құру жұмыстары атқарылуда.

Сондай-ақ, университеттің әлемдік деңгейін көтеріп тұрған 4-қабаттан тұратын әл-Фараби атындағы үлкен кітапхана орналасқан.

«Кітапхана — білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы. Кітаптың иісі мен тыныштық жайлаған кітапханалар- кітапсүйер қауымның сүйікті мекені» деп бекер айтылмаса керек. Білімге құштар барша жанның осындай  рухани ортасының бірі де бірегейі- Алматы қаласындағы Әл-Фараби  атындағы кітапхана. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  оқу және ғылыми үдерістерін ақпараттық-кітапханалық қызметпен қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі саналатын бұл орталық-  ҚР Ұлттық кітапханасынан кейінгі еліміздегі ауқымды кітапхана. Кітапхананың өзіндік ерекшелігі- төрт қабаттан тұратын ғимаратындағы әр қабаттың «Әл-Фараби», «Ұлы дала», «Алаш», «Мәңгілік ел» атты арнайы атаулары бар.

Бірінші қабатында Әл-Фараби орталығы мен мұражайы, екіншісінде оқу залы , үшіншісінде  электронды зал, ал төртінші қабатында заманауи үлгідегі  4 конференция залдары орналасқан.  Бұдан  бөлек, магистранттар залы, газет пен журналдың 250  атауын  табуға болатын мерзімді басылымдар залы, сондай-ақ,  XVI-XIX ғасырлық сирек кітаптар мен қолжазбалар сақталған құнды басылымдар залымен толықтырылылған.

Бүгінде кітапханадағы  кітап қоры 2 млн-нан  асады. «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қолға алынған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуына, яғни,  кітаптардың аударылып, жарыққа шығуына  кітапхана үлкен  үлесін қосып отыр. Тағы бір  артықшылығы —  мұнда елімізде тек екі жерде ғана кездесетін сканерлік қызметтің озық үлгісі- « Kirtas kabis 3» жаңа техникасының болуы.  Бар-жоғы 1 сағат ішінде 3000 беттік кітапты электронды нұсқаға көшіретін бұл құрылғы оқырмандарға кітапты онлайн түрде оқуға мүмкіндік беріп отыр.

Әл-Фараби атындағы кітапхана оқу ордасының ақпараттық, білім беру және мәдени орталығы ретінде қызмет көрсетіп, көпшілік қауымды аса бай кітап қорымен және электронды ресурстармен қамтамасыз етіп келеді.

ҚазҰУ қалашығында барлық талаптарға сай келетін 14 студенттер үйі және  1 жас ғалымдар үйі бар, онда 6 мыңнан астам студент жастар орналасқан. Сіздерді әрбір студенттер үйінде жылы атмосфера мен жылы қоныс күтеді.

Жатақханаларда тұратын студенттердің барлық шоғырлы мәселелерінің шешімін табу мақсатында арнайы студенттік өзіндік басқарудағы – Жоғары студенттік жатақхана кеңесі атты ұйым жұмыс атқарады. Ол студенттерді жатақханаға орналастырумен және іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады.

ҚазҰУ-дың студенттік үйлерінде және студенттік кампустарында сымсыз WI-FI ғаламтор желісіне қолжетімділік бар. Университет қалашығы аумағында білім алу мен демалысты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін толық кешен жұмыс істейді: дене шынықтыру залдары, спорттық алаң және секциялары бар спорт кешен, барлық білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, сауда-көңіл-көтеру қызметтерін ұсынатын «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, білім алушыларды қажетті оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ететін оқу залдарының желісі бар бай кітапхана, 300 орындық ғаламтор-кафе, өзіндік жеке кинотеатр да бар.

Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк жұмыс істейді. Соның ішінде айта кететін болсақ факультеттердің ішінде физика-математика, дәстүрдің жарқын жалғастырушысы физика-техникалық факультеті — қазіргі физика-техникалық кластердің орталығы болып табылады.

Соңғы жылдары факультет қарқынды дамып келеді, барлық оқу сатысындағы студенттер саны үнемі артып келеді, ғылыми-техникалық жобалар саны тұрақты өсуде, ескі зертханалар жаңғыртылып, техниканың ең соңғы сөзіне сай жабдықталған жаңа зертханалар құрылды.

Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамының басшылығымен талантты студенттер үш тілде, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде іргелі білім алады және ерте курстардан қазіргі заманғы физика мен техниканың өзекті мәселелері бойынша қалыптасқан ғылыми мектептер шеңберінде.

Физика-техникалық факультеті республиканың жоғары білім беру саласының көшбасшысы болып келіді, оқытушылар мен студенттер алдыңғы қатарлы әлемдік журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер мен авторлық куәліктер саны ұлғаюда. Осы жетістіктердің барлығы факультет қабырғасында жұмыс істеген және өз жұмысын жалғастырушы ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының таланты, ынтасы мен шығармашылығы арқасында ғана мүмкін болды. Нәтижесінде-Физика-техникалық факультетінің түлектері. әл-Фараби еліміздің еңбек нарығында өте жоғары баға алып, білім мен технологиялардың кез келген жаңа салаларын белсенді меңгеруге, өмірде өз орнын табуға мүмкіндік беретін іргелі білім мен практикалық дағдыларға ие болып отыр.

Қол жеткізген жетістіктеріне қарамастан, физика-техникалық факультеті өз болашағын алдағы, Үшінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, өзінің дамуын ұзақ жылдарға жоспарлап отыр. Инновациялық экономиканы құру қазіргі заманғы білімсіз және ғылымды дамытусыз, оның нәтижелерін өндіріске кеңінен енгізусіз мүмкін емес. Осы мақсатта факультетте әлемнің жетекші университеттерінің бағдарламаларына сәйкес келетін жаңа оқу бағдарламалары әзірленді, ғылыми-техникалық зерттеулерді идеялардан оларды енгізуге дейін дамытуға мүмкіндік беретін инновациялық тізбек енгізіліп отыр.
Жалпы факультеттің дамуы осындағы әр студенке байланысты екенін түсінеміз – еліміздегі ең үздік білім алуға бағытталған, жаңа білімге және ортақ теңқұқылы диалогқа ашық талантты, мақсатты, белсенді және өршіл жастар.
ҚазҰУ-дың қай мамандық иесі болсаңызда, осында білім алған әр студент, білім берген ұстаздарда бақытты. ҚазҰУ-ға деген махаббат пен білімге деген құштарлық үлкен үмітпен ұштасып отыр. Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда!

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.