Home » Мақалалар » Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы

Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы

 

 

2019 жылғы 12 тамызда жаңа оқу жылына дайындық аясында бүкіл ел бойынша «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы бастау алды.  Бұл акцияның мақсаты: Балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады. «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін» деп ұрандатқан акция, 12 тамыздан бастап 10 қазанға дейін өткізілуде. Аталмыш акцияға  мектеп жасындағы балалар, ата-аналар қауымдастығы, жергілікті полиция қызметтерінің өкілдері  қатысуда.
Акция барысында жоспарланған шаралар негізінде «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік  жарақатынан сақтандыру» тақырыбында Железин аудандық ІІБ –нің жол сақшысы А.Капаровтың қатысуымен   ақпараттық дәріс«Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тасымал оқушыларға арналып, ІІБ-нің жол сақшысы А.Қасқырбаев  және мектептің жол қозғалысының жас инспекторлары Балғабаева Д., Жамалиден Н., Кадырова Б, спорт нұсқаушысы М.О.Чужаева мен аға тәлімгер А.А.Ханенконың   қатысуымен мектеп автобусына рейд жүргізілді, «Жол қауіпсіздік ережесі» туралы жадынама парақтары таратылды. Бастауыш сынып оқушылары арасында Люминесцентті бояуларды (қараңғыда жарықтандыратын) пайдалана отырып  суреттер байқауы өткізілді. Жол қозғалысының қатысушыларын жолда сақ болуға шақыру бойынша «Жарқын өмір» флешмобы ұйымдастырылуда.
Акция әлі де жалғасын табуда, барша оқушылар мен ата-аналарды  осы акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.

 

 

 

 

Д.Балгабаева,
Железин №3 ЖББ орта мектебі
Мектеп парламентінің ақпарат
министрі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.