Home » Мақалалар » Біздің спортшылар — біздің мақтанышымыз!

Біздің спортшылар — біздің мақтанышымыз!

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз.Ол спортшыға да спортшының  жанкүйеріне  де  және  салауатты  өмір салтын ұстанған  әрбір  адам үшін де.  Спорт бұл-біздің  өміріміздің  ажырамас бір бөлігі іспеттес. Тіпті  спортқа  қатысым жоқ дейтіндердің  өзі  басы  ауырып, балтыры  сыздағанда  спортпен айналысу керек деп жататынын жиі естиміз.          Елімізде көптеген белгілі әлемге  әйгілі  спортшылары бар екенін жақсы білеміз, бірақта  сол  әйгілі спортшылар  қатарына  бір қадам жақын тұрған  спортшыларымызды біріміз білсек біріміз біле бермейміз.
Осы орайда «2020-2023 жылдарға арналған каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос  уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру  туралы » ҚР  Премьер  Министрінің  2020 жылғы 14 қаңтардағы  №1 өкіміне  сәйкес, балалар арасында короновирустық инфекцияның одан әрі  таралуына жол бермеу үшін, оқушылардың каникул кезіндегі  пайдалы  және белсенді  іс –әрекеттерін ұйымдастыру  жүйесін дамыту  мен  жетілдіруге  бағытталған  «Қазақстан балалары интерактив!»  атты жоспарға сәйкес «Біз салауатты  өмір салтын қолдаймыз» тақырыбында   танымал спортшылармен онлайн кездесу  өткізілді.  Кездесу  дене шынықтыру пәні  мұғалімі  Әбсемет Ержан Бейбітұлының  ұйымдастырумен өтті.                                                                                                                                  Кездесуге Тоқтарбаев  Еділ Қабдахметұлы –каратэ  спортынан  халықаралық  дәрежедегі  спорт шебері. Таджикстан, Канада,Индия, Япония елдерінде өткен жарыстарда жүлделі орындарға ие болған. Қазіргі  таңда Қазақстан  құрама команда мүшесі.
Ерболатова Гүлнұр –дзюдо күресінен  әлем  және Азия  чемпионы халықаралық  дәрежедегі  спорт шебері Қазақстан  қыздар командасының мүшесі.
Камет Қыдырәлі –таэквондо  спортынан Азия  чемпионы халықаралық  дәрежедегі спорт шебері  — осы  споршылар оқушыларға  өздерінің  өмір жолдары туралы айтып берді.
Ұлы ойшыл Ибн Сина  өз шығармаларында айтқандай  спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Бұл спорттың қай түрін  алсақта оңай жолмен тұғырға жету мүмкін емес. Діттеген  мақсатыңа жету үшін аянбай еңбек ету, тер төгу, алған беттен қайтпау, жығылсаң жасымай қайта тұрып алға жүгіру –бұл әр  спортшының  бойынан  табылатын қасиеттер. Бізбен  кездесуде болған  кейіпкерлерде дәл осындай  жандар екен. Олардың оқушыларға берген  кеңестері  тек талмай еңбек ету.        1 пайыз  дарының болса, 99 пайызы тек  еңбекпен келетінін  айтты. Талмай еңбек еткен адам ғана арманын алақанда, мақсатын уысында  ұстай алатындықтарын айтты.
Кездесуге келген  әр спортшымызға  тек жақсылық тілейміз!Қажымас қайрат, талмас қанат тілейміз,  Сіздерді тек жеңістің тұғырынан  көрейік!

Тұрсын Талшын Маратқызы
директордың тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.