Айнакулова Айгуль Жакипбековна
Қаражар ауылының орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Қазақстан Республикасының Елбасшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің мақалаларында және көпшілік алдындағы баяндамаларында тәуелсіз мемлекеттің азаматтарының қалыптасуында тәрбиенің маңызды рөліне баса назар аудара отырып, оны «барлық білім беру жүйесінің міндеті», — деп атап көрсетті.
Жазушы Ә. Нұршайыков: «Бала күнінен батырлар туралы ертегілер, аңыздар тындап, ерлікті мадақтайтын тақпақтар жаттап, эпостық шығармаларды етене қабылдамаған адамдардың бойында бес кісінің күші болса да патриот бола алмайды, патриотизм ақыл-ой, санамен шын беріле сүймеген адам патриот бола алмайды», — дей отыра, ол патриотизмге тәрбиелеудің тұғырнамасы идеология болуы кажет.
«Жас шақта берілген тәрбие – өмірлік азық» дейді халқымыз. Ұстаздар қауымының алдында еңдігі кезеңде жаңа адамды жан – жақты дамыған, білімді, өнерлі, еңбексүйгіш, ұлтжанды етіп тәрбиелеп,білім беру мәселелері тұр. Мұнда патриотизмді тәрбиелеу процесіне ендіру қажеттілігін керсетеді. Иә, ерлік бос жерден шықпайды.
Оқу урдісінде болашак патриоттарды тәрбиелеуде мынадай факторларды ескеруіміз кажет:
- Өзінің туған жерінің тарихын жете білу, яғни шетсіз-шексіз жатқан атамекенін қорғаумен өткен батырлар өмірлерін зерттеу білу, қазақ халқының батырларын білу.
- Адамның патриоттық сезімі өз әкелері мен ата-бабаларының ерлік істеріне көзқарасынан, оның қоғамдық мүддеге, Отан игілігіне карым-қатынасынан калыптасады.
- Оқу үрдісінде адамгершілі патриоттық қасиеттерінің, атап айтқанда туған елге , жерге, қоршаған ортасына деген сүйіспеншілігінің, сезімді көзқарасының қалыптасуына эсер ететін: ерлік, адамгершілік, батырлық, жігерлілік, ұрпақ үлгі тұтарлық тарихи шығармаларды, әңгімелерді үнемі оқыса, зердесіне ұялап, ой салатыны сөзсіз.
Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі — ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Тарихи мәліметтерден байқағанымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі, одан бертіндегі ұлт-азаттық көтерілісін алып қарасақ, ондағы батырлардың ешқайсысы бүгінгідей жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған. Бірақ, елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған.
Отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды. Егер тәрбие жеткіліксіз болса, қоршаған ортада жағдайлар мен шарт түзілмесе, ол сезім патриотизм сезіміне дейін өсіп жетпей қалуы да мүмкін. Білімді адамдардың бәрі тәрбиелі деу қиын. Сондықтан да болашақ мұғалімге берілетін білім мен патриоттық тәрбие құстың қос қанатындай қатар жүргізілуі тиіс. Осы кезеңге дейін көбірек ойлап, патриоттық тәрбиені кейінге ысырып қойып, бір қанатқа салмақ түсіріп алғандаймыз. Сөзімізге дәлел ретінде жазушы Ә. Нұршайықовтың сөзін келтірсек, ол: «Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезенде патриотизмнің асыл арқауынан айрылып қалды», — деп есептейді. Осы пікірін нақты мысалдармен дәлелдеп Отан алдындағы борышын өтеуден қашу дезертирлік, әлімжеттілік, қоймадан қару ұрлап сату, т.б. патриотизмнің жұтап қалғанын көрсететін белгілер дей отыра, патриоттық тәрбиемен мемлекет түбегейлі шұғылдануы керек деп атап көрсетеді.
Отан туралы үғым және оның түпкі мағынасын жете ұғыну арқауы — «ұлттық патриотизм», «Қазақстандық патриотизм» міндеті — атамекенін көркейту үшін, елін-жеріне жан аямай еңбек ету, үлес қосу, күнделікті өмірде казақ халқының ұлттық салт -дәстүрлерін ұстану, Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне құрметпеу қарау, өзге ұлттарға үлгі-өнеге көрсете білуге тәрбиелеу болуы керек. Мәселен, М.Ж.Құрманбаева өзінің ғылыми еңбегінде патриоттык тәрбие беруді Кеңес Одағының М.Ғабдуллин шығармалары мен оның жарқын бейнесі аркылы жүзеге асыруды насихаттайды. Ол М.Ғабдуллин мұраларын жан-жакты зерттей отырып, оның ұлы тұлғасына ерекше тоқталады:
- жауға деген каталдық. 2. досқа деген мейірімділік. 3. туған жерге, ата-анаға, ағайын-туыс, бауырларға деген сүйіспеншілік.
4. Отан алдындағы азаматтық борышты терең түсіну. 5. сөз бен істің бірлігі, турашылдық, әділдік. 6. адалдық, шынайылык, қайсарлық. 7. туған елдің ауыз әдебиетін, салт-дәстүрін, батырлау жырын сүю. 8. әскери өнерге, спорттык бейімділік.
9. қиындыққа төзе білушілік. 10. халық мүддесін жеке бастың мүддесінен жоғары коюшылық, намысшылдық. 11. Отансүйгіштің сезімнің жоғарылыгы, оның халықшылдық сипаты. 12. халықтар достығын қадірлеу — яғни М.Ғабдуллиннің бойындағы ерекше қасиеттерді бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде қолданудың қоғамдық маңызына назар аударады. Мұның өзі бүгінгі болашақ мұғалімдерге патриоттық тәрбие беру мәселесінің шешімін табуына бағыт беретіні анық.
Патриоттык тәрбие арқылы біз Отанына берілген, қайырымды, халқының салт-дәстүрлерін, мәдениетін, экономикалық және саяси қуатын қорғай білетін, қоғамға қажетті игілікті өңдіруге белсене қатысатын ынталы білікті жастарды тәрбиелейміз. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «ұлттық бірліксіз патриотизм деген жансыз бірдеңе ғана болып қалады — дей келе, біздің басты идеологиямыз ұлттар арасындағы ынтымақтастық, достық қарым — катынас» — деген ой тұжырымдары жас өскіндерді отаншылдыққа тәрбиелеудің өзекті мәселесі береке-бірлікке, басқаларды жатырқамауға баулу екенін алға тартады. Демек, көп ұлтты Қазақстан жағдайында оқушы жастарға патриоттық тәрбиені ынтымақтастық, достық рухында тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Бастауыш сынып оқулыктарындағы мәтіндер — окушыларға білім беру, ойын дамыту және баланы тәрбиелеудің негізі кұралы болады.
«Отан отбасынан басталады» дегендей, ұрпағымызды елін, жерін, кіндік қаны тымған Отанын сүюге тал бесікте жатқан кезінен баулиық ағайын!