Назарова Айжан Мураткановна
Алматы облысы Іле ауданы
Қосөзен ауылы
«Бөбек» бөбекжай балабақшасы
Ертеңгілік: «Күзгі оқиға, Берекелі күз»
Күз тақырыбына безендірілген әдемі зал. Музыка әуенімен залға тәрбиеші кіреді.
Тәрбиеші: Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.
Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.
Жұлдыз туып таңғалды,
Әнге орап ғаламды,
Сазды әуен шаттыққа
Бөледі бар адамды,-әсем осындай күз мезгілінде болған оқиғаға күә болыңыздар!
Ендеше, 1…2…3…біз бастаймыз.
Ерте, ерте ертеде Шаруа шалқан екпекші болып, алқапқа келіп жер жыртып жүрсе, оған аю жолыға кетеді.
-Қалайсың, аю?!-дейді шаруа.
-Қалың қалай, шаруа, не істеп жатырсың?!-дейді аю.
-Мен егін екпекшімін, бірақ мына жерді жыртуға менің күшім жоқ! Сен маған көмектессең, егіннің сабағын түгелдей сен ал, маған түбірін берсең де болады,- дейді шаруа.
-Жарайды, келістік. Бірақ осыдан алдап кететін болсаң, ,-деп ескертеді де, жерді қазып, ала жаздай көмектеседі.
Шалқан кереметтей ірі болып өседі. Күз түсе шаруа шалқанды қазуға барады. Мұны сезген аю орманнан шыға келіп:
Кәне, шалқанды бөліске салайық, менің үлесімді бер,- дейді.
Шаруа қарсылық көрсетпей: «Мақұл, аюжан, бөлсек бөлейік, сабағын сен ал, маған түбірі де болады»,-дейді. Сөйтіп шаруа жапырақ, сабақтарының бәрін аюға жинап беріп, өзі тиесілі шалқандарды арбаға тиеп, үйіне кетіп қалады.
Аю да үйіне барып, шалқанның сабағын жеп көріп,
-Тууй, мынаның түк дәмі жоқ қой дейді.
Келесі жылы шаруа дәл сол жерге бидай егеді. Бидай піскен кезде шаруа оруға келсе, дер сәтін күткен аю оны тосып отыр екен.
- Ә-ә… енді алдауыңа көне қоймаспын, кәнеки, менің үлесімді бер,- дейді аю.
-Дегенің-ақ болсын, аюжан, түбірін сен ал, маған сабағы да жетеді,
дейді шаруа. Сөйтіп олар бидайды түгел жинап болады. Шаруа түбірдің бәрін аюға беріп, өзі бидай сабақтарын арбаға тиеп алып, үйіне қайтады.
Аю ары әуреленіп, бері әуреленіп түбірден еш нәрсе шығара алмай, шаруаға қатты ыза болды да, орманға қарай кетіп қалады.
Бір ағаштың түбірінде отырады.
Қоңыр күз мезгілі еді. Ағаштың жапырақтары түсіп, тек жабайы алма ағашының басында жалғыз алма қалыпты. Осы кезде орман аралап жүрген Қоян алманы байқап қалады. Оны қалай алуға болады? Алма өте биікте — се- кіріп жете алмайсың! Шырша бұтағында отырған қарға қоян қылығына сырттай күліп отырды. — Қарқ-қарқ! Оны көрген қоян:
— Қарға, Қарға! Маған алманы үзіп алып берші! — дейді. Қарға ағаш басына ұшып барып, алманы үзіп алады. Бірақ алманы тұм-сығымен қармап ұстай алмай, жерге түсіріп алады. Рақмет, саған, Қарға! — деді де Қоян алманы жерден көтермек болды. Ал жерге түскен алма жаны бардай, дыбыс шығарып, қозғалып жүгіре жөнелді. — Бұл қалай? Қорқып кеткен Қоян ағаш алмасының түбінде ұйықтап жатқан кірпінің тікеніне құлағанын түсініп: — Кірпі, кірпі! Тоқта, тоқта! — деп айғайлады. — Менің алмамды қайда алып бара жатырсың? Кірпі кідірместен: ~ Бұл — менің алмам! Ол төбеден құлады, ал мен болсам оны ұстап алдым. Қоян да қояр емес! — Алмамды қайтарып бер. Оны тауып алған мен! Таласып жатқан Қоян мен Кірпіге Қарға қосылады. — Босқа таласасыңдар, алма менікі! Мен оны өзім үшін үзіп алғанмын! -деді ол өтірік-шынын араластыра. Олар бір-бірімен түсінісе алмай, алманы әрі тартып, бері тартып, орман .~: айғайдан у-шу болып кетеді. Сол кезде қорбаңбай Аю келіп қалады. — Бұл не деген айғай-шу! Мазамды алдыңдар ғой! Бәрі оған жақындап: — Сен, Аю, біздің ормандағы ең үлкен, әрі ең ақылдысың. Сондыңтан бізге алманың кімдікі екенін айтып берші? — деп аюға оқиғаның қалай болғанын баяндап, төрелігін сұрайды. Аю сәл ойланып, сұрады: — Алманы кім тапты? — Мен! — деді Қоян. — Ал, алманы кім үзіп алды? — Мен! — деп қарқ етті Қарға. — Жақсы. Кім оны ұстап алды? — Мен ұстап алдым! — деді Кірпі. — Мінекей, бәрің де дұрыс айтасыңдар, өйткені әрқайсыларың алманы алу үшін еңбектендіңдер! Алма бәріңдікі! — Мұнда бір алма ғой! — деді Кірпі, Қоян,Қарға түк түсінбей. — Бұл алманы теңдей бөліңдер. Әрқайсың бір-бір бөлігін алыңдар! — деді аю. Мұны естіп бәрі қуанып кетті: — Бағанадан бері біз бостан-босқа таласқан екенбіз ғой! Кірпі алманы төрт бөлікке бөледі. Қоянға бір бөлігін беріп: — Бұл саған, Қоян — сен алманы бірінші көрдің! Екінші бөлігін Қарғаға беріп: — Бұл саған, Қарға — сен алманы үзіп алдың! Үшінші бөлігін Кірпі аузына салып: — Бұл маған, өйткені алманы ұстап алған — мен! Кірпі Аюға төртінші бөлігін беріп: — Бұл саған, Аю! — Маған, не үшін? — деп таңқалды Аю. — Сен бізге ақыл айтып, татуластырдың! — деді ол, риза кейіппен. Әрқайсы өзіне берілген алманың бөлігін жеп риза болды да, өз жөндерімен кетті.
Аю бір бөлік алмаға тоймағандай болды. Ары қарай орманға беттеді. Осы кезде орманның бір жерінде тиындар би билеп жатты. Аю тамсанып қарап отырды. Бір кезде қастарына жақындап:
-сендер кім болдыңдар?-деп сұрайды, аю.
Тиындар: Біз тиынбыз, деді хормен.
Біз тиынбыз, тиынбыз.
Шырша, ағаш үйіміз.
Жаңғақты көп жинаймыз,
Ұнады ма биіміз?-дейді.
-Әрине ұнады, жарайсыңдар! Мына ауыр жаңғақты мен көтерісейін, жүріңдер. Аю тиындарға көмектесіп, орманның басқа жағынан шығады.
Сөйтсе, ол жақтан саңырауқұлақтарды көріп қалады. Олар да көңілді билеп жатады.
Аю қастарына келіп, сендер кім болдыңдар?дейді .
Біз саңырауқұлақпыз! дейді хормен.
- Біз әдемі саңырауқұлақ,
Басымызда бар қалпақ!
- Жаңбырда жәндіктерге панамыз.
- Жаңбырдан соң өсеміз,
Пайдалымыз өте біз.
- Жануарларға азықпыз.
- Мені жеуге болмайды,
Түлкіжеммін жабайы.
- Ағаш түбіне тығылам,
Таба алмайды әр адам.
-Жарайсыңдар, бірақ мен саңырауқұлақ ұнатпайтын едім. Сау болыңдар! Мен бақшаға барып көрейін,
Аю орманнан шығып, бақшаға барады. Бұл жерде де көкеністер пісіп жатыр екен.
Қызанақ: Қызанақпын көнілді
Бәрінен де мен тәтті.
Қияр: Мен қиярмын, қиярмын
Жасыл, тәтті қиярмын
Қырыққабат: Қабат-қабат киінген
Қырыққабат мен болам.
Сәбіз. Сәбіз жесең жиі,
Өсер бойың биік.
Жер астында жатырмыз.
Ағайынбыз бәріміз.
Жүгері: Жүгерімін сап-сары,
Ұнатады жас, кәрі.
Баялды: Салаттарға сән берген,
Баялдымын мен деген.
Аю: жарайсыңдар, достар, Бірақ мен көкеністерді ұнатпаймын. Мен орманға кеттім, жидек жеймін. Сау болыңдар!
Ән: «Күз келгенде» хормен.