Home » Мақалалар » Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінде дәстүрден тыс жабдықтарды пайдалану

Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінде дәстүрден тыс жабдықтарды пайдалану

Есимова Мирамгүл Серікқалиқызы
Нұр-Сұлтан қаласы
№72 «Жанарым» балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы

   «Денсаулыққа қамқорлық – тәрбиешінің маңызды еңбегі.

Балалардың рухани өмірі, ақыл-ойының дамуы,

білімінің мықтылығы, өз күшіне деген сенімі олардың денсаулығы мен жарқын өміріне байланысты»

В.А. Сухомлинский

Мынадай халық даналығы бар:

«Баланы ақылды және парасатты ету үшін: оны мықты әрі сау қылыңыз!». Баланың денсаулығын сақтау және нығайту – оның толыққанды дамуының бастапқы негізі.

Мен әрқашан өз жұмысымда баланың дене бітімінің дамуына, оның денсаулығын нығайтуға, балалардың дене шынықтыру сабақтарына қызығушылығын арттыруға көп көңіл бөлдім.

Дене шынықтыру жаттығуларына деген қызығушылықты қолдамай, мақсатқа жету мүмкін емес. егер мұны жасамаса, онда олар айналыспайды, сондықтан мен балалардың дене шынықтыру жаттығуларына деген қызығушылығын арттыруға өз алдыма мақсат қойдым. Бірақ  бұл мақсатты қалай жүзеге асыру керек?

Соңғы жылдары дене бітімі әлсіреген балалардың саны айтарлықтай көбейгені байқалды. Экология проблемалары, ата-аналардың жұмыстан қолы босамауы, отбасының қозғалыс белсенділігінің төмен деңгейі —  осының бәрі баланың денсаулығын нығайтпайды, керісінше әлсірете береді. Көптеген ата-аналар балалардың денсаулығын нығайту, олардың денесі мен психикасының дамуына жәрдемдесу қазіргі уақытта ерекше маңызды болып табылатынын мүлдем ұмытып, өз балаларының интеллектуалдық дамуына шамадан тыс көңіл бөледі. Осыған байланысты балалардың денесінің дамуында балабақшаның рөлі артады. Менің алдымда балалардың дене шынықтыру жаттығуларына деген қызығушылығын қалай арттыруға болады деген педагогикалық өзекті проблема тұрды.

Өйткені, кейде тек педагогтың  кәсіби шеберлігі, эмоционалдығы мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру сабақтарына қызығушылығын ояту үшін жеткіліксіз.

Л.Н. Толстой бала тек өзіне қызықты болған кезде ғана айналысатынын атап өтті.

С.Я. Файнштейн модельдеу де, суреттер де қозғалыс тапсырмаларын орындау кезінде жабдықтар мен құралдар сияқты оң нәтиже бермейді деп тұжырымдаған.

Бұл мені балалардың денсаулығын нығайту үшін балалардың денесін дамыту бойынша сабақтарға қызығушылығын арттыру мақсатында сабақтарда пайдалану үшін дәстүрден тыс жаңа жабдықтарды іздеуге және енгізуге алып келді.

Мен өзімнің тәжірибеме тиісті  әдістемелік әдебиетті – интернет-сайттарды оқып-зерделеу арқылы келдім. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін денесін дамыту бойынша пәндік дамыту ортасын жарақтандыру жоспарын құрдым.

Мен әзірлеген және дайындалған дәстүрден тыс жабдықтар күрделі емес, қымбат емес, әмбебап, шағын көлемді және әр сабаққа жаңалық элементін енгізеді. Бұл құралдар көп функциялы, бұл оларды әртүрлі қызмет түрлерінде қолдануға мүмкіндік береді. Кішкентай балаларды ерекше пішіндер, осындай жабдықтардың түрлі-түсті бояуы қызықтырады, бұл сабақ кезінде жоғары эмоциялы тонусқа және балалардың оларға деген қызығушылығын арттырады, қозғалысқа деген қажеттілікті қалыптастырады.  Ал кішкене балалардың таң қалуы – бұл әдеттен тыс нәрсені көріп үйрену, оны қазіргі кезде белгілі, үйреншікті заттардан ажырата білу деген сөз.

Мен әзірлеген және дербес жасаған дәстүрден тыс жабдыққа оның мынадай түрлері мен нұсқалары жатады.

1.Жалпы дамыту жаттығуларын орындауға арналған:

— «ерекше гантельдер»

— «сұлтаншалар»

— «әдемі жалаушалар»

-«түрлі –түсті сақиналар»

  1. Негізгі қимыл түрлерін орындау кезінде пайдалануға арналған:

— «Көңілді газеттер» — балалардың саусақ моторикасын, көздеу мөлшерін дамытады,  нысанаға дәл тигізуге жаттықтырады.

— «Ғажайып дөңгелектер» — тепе-теңдікті сақтау жаттығулары үшін, балалардың дене бітімін түзетуге көмектеседі

— «Түрлі-түсті таспалар» — балаларды «ирелеңдеп» жүру және еңбектеу қимылдарын орындауға қызығушылықтарын арттырады

— «Сиқырлы бұлақ» —  орнынан ұзындыққа секіруге арналған

— «Ұшатын тәрелкелер» — алысқа лақтыруға үйретеді.

— «Әртүрлі қалпақшалар» — табанға арналған жаттығуларды орындау үшін.

Балалар түрлі-түсті қарындашпен сурет салып қана қоймай, сол қарындаштардың қол саусақтары мен аяқтың башпайларына арналған массажерге оңай айналатынын білді.

Геометриялық фигуралары желімделген рульді пайдалану оңай – қиын емес, қымбат емес, көп орынды қажет етпейтін жабдықтар әр сабаққа ерекше элементті енгізді, балалардың жаңа атрибутпен ойнауға қызығушылығы мен ынтасын туғызды. Ол қозғалыс қызметін байытып, тапсырманы барынша көрнекі және түсінікті етіп жасауға көмектесті.

«Түрлі-түсті автомобильдер» деген қозғалыс ойынында балалар рульдің көмегімен геометриялық фигуралардың атауларын және түстердің атауын үйренді. Балалардың бұл құралды пайдалануын талдай отырып, мен балалардың оны ойындарда жақсы пайдаланатынын, бұл көп жағдайда балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігінің артуына ықпал етеді деген тұжырым жасадым.

«Жалпақ табан» ауруының алдын алу үшін тәрбиешілер мен ата-аналардың көмегімен түрлі жолдар мен кілемшелерді дайындадым.

Сонымен бірге «түрлі-түсті қалпақшаларды» пайдалану балалардың қызығушылығын арттыруға, аяқ башпайларының дамуына, «Түстеріне қарай жина» ойыны  арқылы түстерді ажыратуға көмектеседі

Дене шынықтыру сабағында дәстүрден тыс жабдықтарды пайдаланудың нәтижесі мынадай болды:

  1. Балалардың қозғалыс белсенділігі артты
  2. Балалардың сабаққа деген қызығушылығы ұлғайды.

Осылайша, дәстүрден тыс жабдықтарды пайдалану арқылы, қозғалыс белсенділігімен қатар, балаларда ширақтық, зейінділік, ептілік сияқты физикалық қасиеттер дамиды, түс, пішін туралы білім бекітіледі, сабақтың сапасы артады, эмоциялы тонус, өзіндік іс-әрекеттегі тапқырлық артады, ең бастысы – дене шынықтырумен айналысуға деген қызығушылық пен ынта артады.

Дәстүрден тыс жабдықтарды пайдалана отырып, денені дамыту бойынша сабақтар өткізу сабақтарға қызығушылық сабақтың әдістемесін сапалы жақсарту, олардың мотор тығыздығын арттыру арқылы да, дәстүрден тыс жабдықты қолдану, оны тиімді пайдалану арқылы да мүмкін болатындығын көрсетті, бұл моториканы тез және сапалы қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.