Искакова Сайлаукул Болатқызы
Нұр-Сұлтан қаласы
№ 58 «Өркен» балабақшасының
дене шынықтыру жетекшісі
Сабақтың мақсаты: Балаларға спорттық ойындарды үйрету және шапшаңдыққа , ептілікке үйрету.
Көрнекіліктер: доптар, кедергілер, обручтар.
Қатысушылар – 12 , 2 топ
1-топ. Тәрбиешілер
2-топ. Студенттер
Құрметті қонақтар, бүгінгі біздің «Көңілді старт» атты спорттық эстафеталық ойынымызға қош келдіңіздер. Тәрбиешілер мен студенттер арасында эстафеталық ойын.
Жүргізуші: Төзім бастар сенімге
Сынға түссең жеңілме
Спорт ашар сара жол
Сырлы нұрлі өмірге
Көңіл қойып қараңыз
Жалындап тұр ғой балаңыз
Жарыссын кәне 2 – екі топ
Қол соғып қарсы алайық.
Әділ қазы шешеді
Істің ақ пен қарасын
Топтық сайыс жарыстың
Әділ бере бағасын.
Жүргізушілер: Өнер қуып балалар өтер деймін
Бір басына өнерлері жетер деймін
Бәске түскен топтар кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Әр топ топтың атын, ұранын, таныстырып өту керек.
1-топ. Ұстанымы: — Бәріміз біріміз үшін
Біріміз бәріміз үшін.
2-топ. Ұстанымы: Тек қана алға!
Жүргізуші: Ал келіңдер , келіңдер
Ойынды ойнап көріңдер ,
Ендігі кезекте ойынға береміз.
- Кім тез ойыны. Шарты: бірінші тұрған ойыншы допты апарады, екінші алып келеді.
- Секіртпе ойыны. Ойын шарты: қос аяқ пен белгіге дейін секіріп барады, келерде 2 аяқпен кезек секіріп келеді.
- Күш жинау ойыны. 1 аяқ пен секіріп барып, 10 рет күш жинайды, келерде жүгіріп келеді.
- Доп домалату ойыны. Ойын шарты: гимнастикалық орындық үстінен допты домалату керек.
- «Кім жылдам» ойыны. Тізбектелген бойында жоғарыдан допты беріп, ең сонғы ойыншы алға жылжып отырады..
6.Үңгірден өту. Еңбектеп өту, келерде жүгіру.
- Шариктер тасу ойыны. капитан командир обручпен бір-бірлеп шариктерді тасиды.Тізбектелген бойындағы шариктерді тасиды.
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Спортқа баға беріңіз.
Құрметті әділ қазылар, сөз кезегі өздеріңізде.
Әділ қазылардан әділ бағамызды сұраймыз.
Балалар біздің бүгінгі «Көңілді старт» атты спорттық ойынымыз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Қош сау болыңдар.
Барлығынызға денсаулық тілеймін.
Марапаттау.