Home » Мақалалар » Асық ойыны «Шеңбер»

Асық ойыны «Шеңбер»

Кызылов Аманжол Ахмедиевич
Шет ауданы
Ақсу-Аюлы мекені
«Ж.Ақылбаев атындағы ЭМГ  базасындағы (РО) тірек мектебі»
КММ-нің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 

 Салауатты өмір салтын насихаттау халқымыздың салт дәстүрлерін өсіп келе жатқан жас буынға ойынға деген құлшыныстарын, сүйіспеншіліктерін арттыру, меңгеруді үйренуді, бойларына сіңдіру, тәлім-тәрбие беру  мақсатында асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Осы жоғарыда аталған қасиеттер болмаса адам ойында да, өмірде де көздеген мақсаттарына жете бермейді. Бұл ойындарды еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін ойнайтын болған. Балабақшада, мектеп спортзалында, алаңдарда, үй ауласында, кез келген қауіпсіз тегіс жерлерде ойынды ойнауға үйренуге болады.

Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ойындары. Қазақ халқының ұмытылмас  қазыналы байлықтарының бірі болып есептелетін ең құнды ұрпақтан ұрпаққа ауысып, ұмытылмай келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Асық ойындары бірнеше түрге бөлінеді:

  • Ханталапай
  • Бес асық(тас)
  • Бәйге
  • Үш табан
  • Шеңбер т.б. асық ойындары.

Бұл ойындарды әр аймақта әр қалай ойнаулары мүмкін. Соған қарамастан бұл ұлттық ойындарға арнайы бірыңғай ойын ережесі қарастырылып бекітілген. Бабаларымыз әу бастан асық ойынын адамға тиетін пайдасының өте зор екенін білген. Осы ойындар арқылы ұрпаққа тәрбие беру үрдісін кеңінен таратып жалғастыра білген. Ер баланы жасынан тәрбиелеу мергендікке, төзімлікке, шыдамдылыққа, шапшандыққа, шымырлыққа, жылдам тез қимыл әрекеттер жасауға үйрете білген. Қазақ халқының ұмытылмас қазынасының бірі болып есептелетін ұлттық асық ойыны арқылы халқымыздың ұлттық ойындарын ұрпақтан ұрпаққа ары қарай дамыту дәріптеу насихаттау мақсатында өскелен ұрпаққа бағыт бағдар беру біздің міндетіміз болып табылады. Сонымен бүгінгі ойнайтын дәріптейтін ойындарымыздың бірі «ШЕҢБЕР» ойыны.Сақа болатын асық салмақты үлкен ірі болуға тиіс. Ол қошқар, сек, арқар т.б. қорғасын құйылған асықтар болуы мүмкін. Асық сүйек ойыны. Асық қойдың асықты жілігінен алынатын қой сүйегі. Асықты (сүйекті) Ыстық суға салып алып кептіреді. Қынаға салып бояуға да болады. Ойынға он адамға дейін қатыса беруге болады.

  1. 1-2 метр шеңбер сызылады.
  2. Шеңбер ортасынан асықтар қойылатын орын белгіленеді.
  3. Шеңберден асық ату ара қашықтығы 4 метр.
  4. Ойын сақаларды иіруден басталады:
  • алшы
  • тәйке
  • бүк
  • шік
  • Ойыншылардың мақсаттары мен міндеттері 4 метр қашықтықтан мергендік танытып шеңбер ішіндегі тұрған асықтарды көздеп атып шеңбер ішінен шығару.
  1. Ойыншы мергендік танытып көздеп атқан сақасы шеңберде тұрған асыққа дәл тиіп шеңберден шығарса ойын ары қарай жалғаса береді. Егерде ойыншы шеңбердегі қалған асықтарды шеңбер ішінен аяғына дейін қалдырмай шығарса жеңіс сол ойыншыға беріледі.
  2. Шеңберде тұрған ойыншылар тігіліп тұрған асықтарға атқан сақаларын тигізе алмаса ойын ары қарай шеңберде тігіліп тұрған асықтардың біреуін не болмаса барлығы шашылып не болмаса шеңбер ішінен шеңбер сыртына шыққанша ойын жалғаса береді.
  3. Көп ұпай (асық) жинаған ойыншы жеңімпаз болып табылады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.