Home » Мақалалар » Өшпес мұра иесі – Абай  

Өшпес мұра иесі – Абай  

Мамыткеримова Эльмира Тынышбековна
Жамбыл облысы
Меркі ауданы
Тұрар Рысқұлов атындағы
№ 20 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Осы жылы Қазақтың данышпан ұлы ақыны, көркем әдебиеттің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы тойланбақ. Абай атамыздың асыл мұралары біз үшін баға жетпес байлық, өшпес мұра десек қателеспейміз. Ақынның өлеңдерінде туған халқына деген өсиеттері мен өнегелері, өскелең ұрпаққа айтылған тәлім-тәрбиесі, ғылым мен білімді игеру, өнерді танып білу бәрі, бәрі еңбекпен келері анық деп Абай атамыздың өлеңдерінде жиі айтылады.

Абай )ИбраҺим( Құнанбайұлы 1845  жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында дүниеге келген  Абайдың арғы атасы Ырғызбай, бергі атасы Өскенбай — екеуі де ірі феодал атанған кісілер. Әкесі Құнанбай жас кезінде батыр, өжет,қайсар жігіттің бірі саналып, өсе келе сөз ұстаған, ел басқарған адамның бірі болған. Ол кісі Қарқаралыға мешіт, Меккеге қажылар түсетін «Тәкие» (Үй — тақия) атты қонақ үй салғызды. Ел басқарудың бір жағын дінге келіп тірейді. Өйткені Құнанбай мұсылманның бес парызын атқарып жүрген адамның бірі болған. Құнанбай өмірде қатал адам болған екен. Қатал болу да заңдылық шығар. Өйткені қатал болмасаң тәртіп орната алмайсың. Тәртіп болмаған жерде реттілік жоқ екенін бәріміз де білеміз. Бірақ табиғатынан қатал көрінгенімен, Құнанбай өзінің елі үшін талай игі істер жасаған адам. Талай дау-дамай мен тартыстарды орынды шеше білген Құнанбайдың тірлігі жас ақын Абайды тілге шешен әрі жатық болмауы мүмкін емес еді.

Абайдың нағашылары да жәй кісілер емес еді. Күлдіргі, мысқыл-сықақпен аты шыққан «Шаншар қулары» атанған (анасы Ұлжанның) ағасы Тонтай нағашысы еді. Осындай анасы жағынан тамырласып жатуы Абайдың талант иесі болмауы мүмкін емес. Абай он жасына дейін ел ішіндегі дін мектебінде оқиды, он жасынан бастап Семей қаласындағы дін мектебіне түседі. Оқуының бәрі ескіше, дін сабағы ретінде өтті. Абай үш жыл мұсылманша оқиды, үш ай орыс мектебінде  оқиды. Абай көп уақытын кітап оқумен өткізген. Өзінің сүйіп оқитын ақындары – Навои, Сағади, Сайхали, Физули, Шәмси, Қожа — Хафиз т.б. Сөйтіп үш жылда үлкен білім игере отырып, араб, парсы, түрік ақындарының өлеңдеріне еліктеп өлең шығара бастайды.

Талапты баласының болашағынан мол үміт күткен әке,  Абайды болашақ тобықты руының билеушісі ету мақсатында, жасы 13-ке толған кезінде  оны оқудан шығарып алады. Оқытпаудың басты себебі Абайды ел басқару ісіне қоса отырып, оны үйретеді және араластырады. Игі жақсы  кісілермен араласып, таныстырады. Абай араб, парсы, түрік, шағатай, орыс әдебиетіне көп ден қойып, терең ұғынады. Абай алғашқы өлеңдерін досы әрі замандасы Көкбай ақынның  атымен жариялап жүрді. 1886 жылдан бастап өз атымен шығара бастайды.

Абайдың білім мен ғылымды игере отырып, өлең жазуға кірісуі 40 (кемел жас) жасынан басталады. Сөйтіп шығармашылыққа біржолата ден қояды.

Ол орыс халқының мәдениетін меңгеруге кіріседі. Орыс тілі мен орыс әдебиетімен айналысады. Оның үстіне Абай Ресейден Семейге айдалып келген орыстың оқымысты, жазушылары, халықшыл демократтары Михайлэс, Долгополов, Гростармен танысады. Абай оларды дос санап, тез тіл табысып, өзіне жақын тартады. Орыс мәдениетіне ерекше көңіл бөледі. Олармен жақын араласып, қарым-қатынаста болады. Чернышевский, Белинский, Добролюбов, Толстой, Пушкин, Лермонтов шығармаларын, Грек ойшылдары Аристотель, Сократ, Платон және Гоголь еңбектерімен танысады. Сөйтіп Абай санасына үлкен өзгеріс әкеледі. Өмірге деген көзқарасы өзгереді. Абайдың өзі айтқандай «Шығысым батыс, батысым шығыс болды» деген сөзінің жаны бар. Өйткені орыс әдебиетінің ұлы классик ақындарының өлеңдерін аударып, олар арқылы дүниежүзілік әдебиетке қол созады.

Қорыта келе, тарихи зор мәні бар қазақ поэзиясы ешқашан өлмейді. Абай еңбектері жылдан-жылға түрленіп отырады. Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығына көз жүгіртсек, әлем таныған ұлы ғұлама, ойшыл, демократ,ұлттық құндылықты бойына сіңіре білген, дара құбылыс. Ақыл – ойдың, парасаттың асқар биігі. Біз үшін таусылмас қазына, рухани азық, өшпес мұра – иесі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.