Home » Мақалалар » Көңілді жаз!

Көңілді жаз!

Мұнайлы ауданы
«Өнер балалар мектебі» МКҚК
қарасты «Батыр» аула клубы
Қосымша білім педагогы:
Табынбаева Жауказын Бердибаевна

 

Жайдарлы жаз мезгілі де келіп жетті. Жаз – балалардың ең сүйікті мезгілдерінің бірі. Осы жаз мезгілінің көңілді және қызыққа толы болып өткенін әрбір бала қалайды. Сондықтан көп балалар ата-әжесінің ауылына кетіп жатады, ал кей бір балалар түрлі қосымшалар мен үйірмелерге қатысып жатады.

Ондай балаларға бос уақытын тиімді пайдалану үшін аула клубтарда бар. Сондай аула клубтардың бірі Мұнайлы ауданы, Батыр ауылында орналасқан «Батыр» аула клубы. Аула клубта «Домбыра» үйірмесі, «Сурет» үйірмесі, «Қолөнер» үйірмесі, «Қолкүрес» үйірмесі, «Хореография» үйірмесі, «Вокал» үйірмесі және «Қызықты психология» үйірмелері бар. Қазіргі таңда осы үйірмелер бойынша 355 баланы қамтып отыр. Аула клубта жылдық жоспар құрылғын. Соған сәйкес түрлі іс-шаралар мен мерекелік кештер өткізіп тұрады. Жаздық жоспар бойынша үйірме қатысушылар маусым айының 21 жұлдызында «Теңізге саяхатқа» шықты. Жоспар мақсаты: Балалардың қызыққа толы балалық шықтарының тағы бір күнін есте қалаларлықтай етіп өткізу.

Үйірмеге қатысушы оқушылар теңізге шомылып, бойларын сергітіп, түрлі қызықты ойындар ойнап, күнді көңілді өткізді.

«Қолкүрес» үйірмесінің жетекшісі мен оқушылары спорттық ойындар ойнап, күштерін сынаса,  «Сурет» үйірмесінің оқушылары көк теңізге қарап отырып,  қарт Каспидің тоқындарын бейнеледі. Ал «Хореография» үйірмесінің оқушылары болса ашық аспан астында би биледі. Балалардың теңізге саяхаты көңілді өтті. Теңізден келгенде балалар мәз-мейрам болып қызықты сәттерін айтып бір-бірімен бөлісті.

Аула клубта балалар домбыра шартіп үйренеді, сурет салудың әдіс-тәсілдерімен танысады, би билеп, ән айтып үйренеді сонымен қатар жаңа достар табады, жаңа ортамен араласады. Осылайша жаз мезгілін көңілді өткізіп жаңа оқу жылына құштарлықпен, ынта-ықыласпен барады.

 

6 комментариев

  1. Балаларымыз жазда өте тейімді пайдалы болып жатыр. Балам қызым сурет уйірмесіне қатысып мәз. Қызым бейіне барып жур. Теңіз жағасынада барып көңілдері көтеріп келді. Аула клуб ұжымына Алғыстарымыз шексіз

  2. Саламатсызба! Менің қызым сурет үйірмесіне қатысады осы аула клубқа. Қызыма ұнайды, үйге жақын жерде,балалар босқа үйде уақыт өткізгеннен үйірмеге барғаны жақсы, аула клуб болғаны бізді қуантады. Түрлі байқау,сайыстарға қатысып балалардың қызығушылығы одан сайын артады. Ауылымыздың аула клуб ұжымына ерекше алғыс білдіремін,қызметкерлері өте керемет үнемі ата анамен кері байланыс жасап жақсы деңгейде жұмыс жасайды.

  3. Екінші қызымда Аула клубқа би үйірмесіне қатысады! Мен жеке өзім Аула клуб ұжымына ерекше ризамын! Балаларымыз жаз айында сіздермен жақсы уақыт өткізетініне сенемін…

  4. Роза Әбілханқызы

    Үйіміздің қасына аула клубы ашылғалы қызым сурет үйірмесіне және биге қатысып жүр, апайымыз Жауқазын апай балаларға мейірімді, әр түрлі тақырыпта, сурет салдырып, ата аналарға да тренинг сабағын өтіп, онда тұзбен сурет салуды үйреніп қайттық. Жазда балаларымызға жақсы көңіл күй силаған аула клубының ұстаздарына мың алғыс

  5. Гулмира

    Жауқазын өте білікті маман. Өз ісінің шебері.

  6. Оте керемет устаз, тек алга

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.