Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша «Болашақ мамандығыммен таныстырған — жаз» атты танымдық-ақпараттық оқу бағдарламасы ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірлігі тарапынан «Балаларды сауықтыру және олардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы» бекітілген. Аталған жол картасы мен басқарманың жоспары бойынша жұмыстар қаңтар айынан басталған.
Қазақстан Републикасының Оқу-ағарту министрлігі балалардың бойында жазғы демалыс мәдениетін қалыптастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың» Guidebook жинағын әзірледі. Бұл әдістеме тоғыз бөлімнен тұрады: «Жаз кітаппен бірге», «Сенің қауіпсіз жазың», «Танымдық жаз», «Сенің өмір салтың – салауатты өмір салты», «Жаз – өнердің, шығармашылықтың және сұлулықтың қызықты әлемі», «Жаз – өзін-өзі дамыту уақыты», «Сенің алғашқы жеке күнделігің», «Өз қолыңмен жазғы сыйлық жаса», «Жазғы ойындар». Сондай-ақ мұнда жедел қызметтердің телефон нөмірлері де көрсетілген.
«Балалардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, 1-4, 5-9, 10-11 сынып оқушылары үшін «Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың» Guidebook жинағының үш нұсқасы әзірленді.
Осы жобалар негізінде Алматы Мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі қабырғасында Бостандық ауданының 8 — сынып оқушыларының қатысуымен «Болашақ мамандығыммен таныстырған — жаз » атты танымдық-ақпараттық оқу бағдарламасы өтті. Бағдарламаның мақсаты-оқушылардың дұрыс мамандық таңдауына жол ашып, оқу орындарымен таныстыру.
Шараға Бостандық ауданы Білім бөлімінің басшысы Айгүл Жұмабекқызы қатысып, мамандықты дұрыс таңдау туралы пікірін білдіріп, оқушылардың жазғы демалысына сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Шара барысында оқушыларға Алматы Мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі жайында ақпараттар айтылды.
Шараға қатысушы мектептің оқушылары әртүрлі кабинеттерге бөлініп, колледждің тыныс-тіршілігімен жақын таныс болды.
Сондай-ақ аталған ақпараттық-танымдық оқу бағдарламасының ұйымдастырушыларының бірі — Бекенова Маржангул Егинбаевнаға сөз берілді.
—Ұлт тәрбиесі – ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Балалардың жазғы демалысын тиімді әрі мәнді өткізу баршамызға ортақ жұмыс – деді Маржангул Егинбаевна.
Мектеп жасындағы балалар үшін жаз мезгілінің маңызы ерекше. Жыл бойы ұзақ оқу мен емтиханнан өткен бала демалысты асыға күтіп, уақытты барынша қызықты, әрі көңілді өткізуге тырысады. Сондықтан бұл мезгілде бала өзінің сүйікті ісімен айналысып, түрлі шаралар мен үйірмелерге қатысуға мүмкіндік беретін уақыт. Бала денсаулығын, ой-қабілеті мен спортқа бейімін нығайту іс-шараларын дұрыс өткізу оның жаңа оқу жылын сергек бастауына септігін тигізері анық.
Бүгінгі шара балалардың көктем көңілінде сақталғаны сөзсіз.
Мамандық бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы.
Бүгінгі ақпараттық-танымдық оқу бағдарламасынан түйгеніміз таңдау жасау барысында мамандыққа сұраныс пен оның беделі, мансап перспективалары, еңбек жағдайлары, орташа жалақы сияқты аспектілерді ескеру қажет. Өзін-өзі көрсетуге, әлеуетін ашуға жағдайдың жасалуы да маңызды. Жалпы біздің жастарымыз жоғары сынып оқушылары болған уақытта көбіне болашақ мамандығын таңдауға тиісті көңіл бөле бермейтіні анық. Кей жастарымыздың студент атанған шақта осы мамандыққа амал жоқ, біреудің айтуымен түсіп едім деп қынжылып отыратындары да жасырын емес. Сол себепті оқушыларға бүгінгі шараның пайдасы мол.
Қорытындылай келе, жастарымызға болашақ мамандығын таңдауға жауапкершілікпен қарауды сұраймын. Бұл әрбір адамның өміріндегі маңызды сәт, оны жіберіп алмау керек және таңдауға байыптылықпен қарау керек. Ал, жоғары оқу орнындағы табысты білім еңбек нарығында білімі мен біліктілігі бағаланатын білікті маман болуға мүмкіндік береді. Мамандықтың маңызын бала бойына сіңіріп, жазғы демалыстарын пайдалы өткізулеріне өз үлестерін қосып, саналы ғұмырларын ұрпақ тәрбиесіне арнаған Бостандық ауданы Білім бөлімінің басшысы Айгүл Жұмабекқызы мен ұйымдастырушы Маржангул Егинбаевнаға, Бостандық ауданының мектеп директорларына, сондай-ақ
Алматы Мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің ұжымына толағай табыстар тілейміз.
Bilim Ainasy,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы