Аға оқытушы
Абдрахимова Жадыра Жолдасбековна.
2020 жылдың 1 – 12 маусым аралығында Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен облыс орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы Абдрахимова Жадыра Жолдасбековна қашықтықтан оқыту арқылы «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында біліктілігін арттыру курсын өткізуде.
Қашықтықтан оқыту біздерге босаңсуға жол бермейді, өйткені қазіргі заманғы технологиялар оқу үрдісінің барлық кезеңдерін қашықтық форматқа көшіруге толығымен мүмкіндік береді. Курс бағдарламасы YouTube платформасы арқылы жүзеге асырылуда.
Еліміздегі жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, өз-өзіне қол жұмсаудың жиiлеуiне әртүрлi себептердi алға тартуға болады. Соның ішінде әлеуметтiк жағдай, тиiстi отбасылық тәрбиенiң жоқтығы, моральдық және физикалық зорлық-зомбылық сияқты жағдайлар негізгі факторлары болып табылады. Осы ретте отбасын қолдау жұмысында мектеп психологтарының рөлі өте зор. Білім беру мекемесінде жұмыс істей отырып, мектеп психологтары бүгінгі күннің миссиясын орындайды: балаға отбасында бақытты болуға көмектеседі, ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіреді, отбасындағы психологиялық ахуалды жақсартады.
Өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын кәсіби құзыретті маман Жадыра Жолдасбековна білім алушыларға мектептегі қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуде зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бойынша психологиялық тренингтер мен кеңестер, түзету-дамыту жұмыстарын түрліше құрастырудың тиімді жолдарын үйретіп, дәріс кезінде түрлі психологиялық техникаларды онлайн-платформалар арқылы іске асыру жолында әдістемелік қолдау көрсетті.
Тыңдаушылар.
Тыңдаушылар үшін курс өте қызықты өтуде, себебі ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас трансформациясы туралы терең мағлұматтар алып, барлық материал өмірлік тарих және кәсіби тәжірибе үлгілерімен сүйемелденуде.
Жаңа ғасыр адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім деңгейін жетілдіріп отыруды қажет етеді. Оқыту барысында жаңа біліммен, техникалармен және әдістемелермен қаруланып, алған білімімізді күнделікті кәсіби жұмысымызда табысты қолданамыз деген үміттемін!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына және Жадыра Жолдасбековнаға айтар алғысымыз шексіз! Шығармашылық табыс тілейміз!
Таубаева Ақтолқын Қазизқызы,
Алматы облысы
Қапшағай қаласы
«Қадырғали Жалайыр атындағы
№6 орта мектебі» МКМ-нің
педагог-психологы.