Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға
– деп Абай Құнанбайұлы атамыз айтып кеткендей қазіргі елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты «қашықтықтан оқыту» жүйесіне көшіп отырмыз. Ұстаздар бар күш жігерлерімен оқушыға білім беруде. Бас кезінде осыған үйрену үшін аздап бойымызда үреймен, қорқыныш пайда болды. Осы үрейді біз жеңе білдік «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» отырып яғни ұстаз, ата-аналар мен оқушылар болып бірлесіп осы аталған үштік одақпен түсіндіру жұмыстары барынша жүргізіліп, бәрімізде үйренісіп кеттік.
Бұл қашықтықтан оқыту негізінен қашаннан бері пайда болды? Жалпы бұл ұғым ХІХ ғасырдың орта басынан бері Еуропа елдерінде қолданылып келеді. Мысалға: теледидар, радио, смартфондар арқылы қолданыста болды. Қашықтықтан оқыту жүйесінде осы кезден бастап жұмыс жасауда. Біз өзіміз керек мәліметтерімізді осы ғаламторлар арқылыда алып келеміз. Қазіргі күні біздер дәл осындай қашықтықтан білім берудеміз. Қашықтықтан оқыту қазіргі таңда «WhatsApp», «Youtube», «Bilimland», «Daryn.online» телеарналар арқылы жүргізілуде. Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмыстар тест, сөз жұмбақтар, тапсырмалар тағы да басқа тапсырмалар, видеолар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгерту.
Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы оқытуды басқара отырып, оқушылардың өз бетімен білім алуына мүмкіндік жасау. Қашықтан сабақ беруде оқушының берілген сабақтарға күнделікті қатысып отыруы тек мұғаліммен ғана атқарылатын жұмыс емес екендігі белгілі болды. Оқушылардың өз бетімен күнделікті сабағын қадағалауы – ең алдымен ата-анаға жүктелетін үлкен міндет, яғни мұғалім-оқушы-ата-ана арасында үздіксіз байланыс орнатылуы қажет. Бұл тұста да қиыншылықтар кездесті, өйткені мұғалім өз біліміне жетік маман ғана болып қоймай, ең алдымен ақпаратты сауатты болуы керек, кейіннен өзің жетекшілік ететін сыныптағы оқушылардың қаншалықты ақпараттық технолгиямен қамтамасыз етілгендігіне көз жеткізуің керек. Дәл осы жұмыстарды әр сыныптың сынып жетекшілері жасап шықты.
Қашықтықтан оқытудың жетістігі – оқушыны өздігінен-өзі ізденіс жасауға жетелеу. Бұл мұғалімнің біліктілігін, іс-тәжірибесінің көтерілуі, ол оқушының өз бетімен білім алуға жетеленуі және ата-аналарға білім беру үдерісін баланың оқытушыларымен қарым-қатынасын бақылауға көптеген мүмкіндіктерді тудырады. Міне бізде заман талабына сай білім берудеміз.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші ел басына қиын қыстау күн туғанда бәріміз бірге болуымыз керек. Бір-бірімізге қолдау, көмек қолын көрсете білсек, мұның бәрінде жеңіл түрде жеңіп шығамыз. Мен бұған кәміл сенемін.
Жубатова Роза Казбекқызы
Жаңаөзен қаласы білім бөлімі
№21 орта мектебінің бейіндік әдіскері
#БІЗБІРГЕМІЗ
#қашықтықтаноқыту