Home » Мақалалар » Тарбиеші болу – бір бақыт

Тарбиеші болу – бір бақыт

Жамбыл облысы,
Тараз қаласы,
 №20 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі
  Қойбағарова Жадыра Саметқызы 

 

                                                                 «Ешкім іштен батыр болып тумайды
                                                                 Батырлық та мінез секілді өскен орта
                                                       көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады»

    Тәрбиеші ұстаз ғана емес. Ол-адам бағдарын жасаушы.Адам өмірге келген соң үлкен мақсаттар қойып,талапшылдықпен,мақсаткерлікпен алға бассам.Өткені мен ұстазбын,келешек ұрпақтын сәулетшісімін.Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын.Менің тәрбиеші болуыма  жол салып,арман болып қалмауына негіз болған қазіргі № 20 бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Нүкісбекова Айнұр Есімжанқызы ол кісі түсінігі мол,қарапайым қашанда ақылын айтып,қолдау корсетеді.Мені жетелеген, тәрбиелеген,қолдаған.Менің арманыма,жеткім келген мақсатыма жеткізді десем қателеспеймін.Менің ең алғаш балабашадағы жұмысым түрлі салада жұмыс жасадым мысалы;еден жуушы,кір жуушы,тобтарда да тәрбиешінің көмекшісіде болдым,сонда маган айтатын оқы-оқы деп,тәрбиешілерге қарап, қолын босаған сәтте сұра дәптер арнап жазып жүр деп айтып жүретін.Сол кісінің арқасында мен тәрбиеші маманын бітірдім.Айнұр Есімжанқына алғысымды білдірем,ол кісі алғысқа,құрметке абден лайқ жан.Дипломымды алған соң тәрбиешілікке қабылдандым.Тәрбиеші болу қиын жауапкершілігі көп мамандық иесі деді.Соған қарамастан мен шешімімді өзгертпедім,маған сонда қолдау көрсетіп үйренесің,көресің,білмеген жерінді сұра деп,маған сонда үлкен көмек болды.Қазіргі таңда мен тәрбиші болып жұмыс істеймін.

Расында тәрбиешілік жұмыс оңай емес қиынымен,қызығы қатар жүреді екен.

Жалпы адам баласы тәрбиеші болу үшін өзі тәрбие көрген,тәрбиені ұғынған жөн.Себебі ұлттың тамыры тереңге бойлап,қандай да бір ауыртпашылық түсседе соны көтере және құламайтындай болу керек.Бәрін түйіндей келгенде менде болашақ ұрпақ үшін тәрбиеші болуды шештім.Қазір осы салада жұмыс істегеніме үш жылдан асып қалды.Осы аалықта мен өте көп нәрсе үйрендім.

Өткені балалардан ешқандай жасандылық көрмейсің.Егербалалардың арасында шынайы қалпында көрінсең балалар сені қабылдайды.Тәрбиеші мамандығы маған ыстық көрінді.

Баланы тәрбиелеу,қарау жеңіл жұмыс емес екенін ұғындым.Бұл тынымсыз күнделікті жұмыс,менің мойнымда баланы тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілік жатады.Мен дұрыс мамандық таңдадым деп ойламын.

Баланың жарқын жүздері,күлкісі ата-ана ризашылығы соның белгісі деп білем.Тәрбиеші болу басқа мамандық иесі  сиақты емес,шынайы махаббатқа толы,мейірімділікке шынайы болуға тәрбиелейді.Мен балалардың анасындай жақсы көрем және солай болу керек бір сөзбен айтқанда олар періште.Әр бала біз үшін қымбат.Бала балабақшаға кегенде,өз үйіндей жылулықты сезіне білу керек,өзін еркін ұстап,балабақша өзінің екінші үйіндей санаса ол тәрбиешінің зор еңбегі деп білем.

Мен №20 бөбек-жай бақшасында жұмыс істимін.

Балабақшам базарлы үй. Қаладағы ең ажарлы үй.

Күлкісі бар шуақты,Өз үйіміз сиақты!Алда айтып өткендей,батыр Бауыржан Момышұлы; « Ешкім іштен батыр болып туылмайды,батырлықта міне секілді.Өскен орта,көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деп ой айтқан болатын.Біз бақшамыздағы бүлдіршіндерге жаұсы тәрбие,мейірілімділікке,бауырмашылдылыққа үйретуіміз керек.Баланы шын көңілімен,махаббат пен балаға деген ниетін таза болса,балалар саған,сен оларға бауыр басу өте оңай.

Барынша мейірімділікпен,жақсы ниетпен тәлім-тәрбие беру керек.

Мен балабақшада тәрбиеші болғаныма көп уақыт болмаса да, «Ащы мен тәтті қатар жүреді» демекші түрлі жайыттар бастан өтті.Алғаш мен жұмысқа келгенде балабақша ғимараты ескі еді.Меңгерушіміздің еңбегінің арқасында ескі балабақшамызды күрделі жөндеуден өткізді.Ол жөндеуде де өз машақата мен қызығыда қиыншылығы болды.Іштегі заттарымызды буып-түйіп көшіруде оңай болмады,қиындыққа мойынсұнбай айнап-күліп «Жұмыла көтерген жүк женіл» демекші «Бәріміз біріміз үшін,біріміз бәріміз үшін»деп сол төбеденде оттік.Қайта жаңа ғимаратқа келгенде өзгеше сезім өзің жаңа үй сатып алғандай болдым. «Па шіркін» деп айтатыдай әдемі ғимарат болды.Балаларға деген керекті құрал жабдықтардың барлығы қамтылған деседе болады.Балалардың ойнайтын ойыншығына дейін заманауи деседе болады,жай гана ойншық депте айталмайсын баланың дамуына,ойлау қабілетін артыруға,саусақ жатығуынада арналған,денешынықтыру,массажды кілешенин түрлері оте көп,ән-күй сабағынада керекті құралдар өте көп,матосори кабинеті бар арнайы балаладың тілін дамыту,ойлау қабілетіне,психалогиясын қалыптастыруға,онда барлы құрал-жабдықтар өте-өте көп,балалар мен жеке-жеке жұмыс жасайтын мамандар да бар қазіргі таңда.Аліде жылда түрлі баланың дамуына арналған түрлі құрал-жабдыұтар ойыншытар алуда. Мұның барлығы меңгерушіміздің Нүкісбекова Айнұр Есімжанқызының еңбегінің арқасы деп білем.

Балабақшадағы тәрбие білім беретін мамандар иесі өз істеріне шебер тәрбиешілер «Психолг», «Ағылшын тілі», «Лагапед», «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ән-күй», «Биші», «Медбике», «Сурет», «Әдіскер», «Меңгерушіміз»бар қазіргі таңда заманауи тәлім тәрбие білім беретін мамандар.Біздің бөбек-жайымызда қасиетті «Жеті» санымен сәйкес жеті тоб бар, ең алғаш жұмыс істеген тобым «Көбелек» қазіргі таңда «Ботақан», «Айгөлек», «Алтын балық», «Құлыншақ», «Бозторғай» қазіргі таңда тоб бөлмелері өте әдемі.Әр тобтың өз тәрбишілері өз істеріне тианақты,шебер менде сол тәрбиешілерден тәжірибе алмасып үйреніп өз білімімді толықтырудамын.

Меңгеруші мен әдіскер бөлмесінің терезесінен қарағанда біздің бүлдіршіндердің мәре-сәре болып, күлімсіреген жүздері,жандадары шынайыға толы,қуанышты жүздерін көрген қандай тамаша көрніс,тамаша сезім еріксіз езуіне күлкі  ұялайды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.