Сугиралиева Акбаян Жанузаковна
Атырау қаласы
И.Тайманов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Мақсаты: Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды балаларға кеңінен насихаттай отырып, ұлтжанды,мейірімді халықтың дәстүрі дәріптеул баулу.
Көрнекілігі: Салт-дәстүрге байланысты заттар, ұлттық тағамдар.
Жүргізуші: Армысыздар, ата-аналар, балапандар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз — «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн — біздің ата-бабаларымыз,а рғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі ұлыстың ұлы күні деп аталған. Наурызда денсаулықтарыңыз мықты,тілектеріңіз қабыл болсын!
Наурыз келсе, құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып.
Ел боп қарсы алайық (шашу шашылады)
Су жылтырап бүршік ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп,жалын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!
Ал халайық,тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Ән: «Дастархан»
1-оқушы:
Уа ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!
2-оқушы:
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғатта тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
3-оқушы:
Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме.
Байлық бақат тілеймін,
Бұл қазақ еліне.
4-оқушы:
Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қауышты,
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты.
5-оқушы:
Наурыз тойым,Наурыз тойым.
Құтты болсын халайық!
Қане достар,қане достар,
Шырқап әнге салайық!
Ән: Наурыз- думан
6-оқушы:
Жыл басы-Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем бөленді.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды!
7-оқушы:
Наурыз дала,наурыз гүл,
Тентек сезім,үнсіз тіл.
Ақ қайыңның алдында айқасқан,
Балуан білеп,қыпша бел.
8-оқушы:
Наурыз тойы елдің тойы,
Көктем тойы-төлдің тойы.
Ән айтатын күні бойы,
Жақсы көрем Наурыз тойын.
9- оқушы:
Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық.
10-оқушы:
Той думанға келіңіз,
Тамашалап көріңіз,
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз.
Біздің балалар әдемі тақпақ жаттапты жарайсыңдар!
Би « Айгөлек »
Ақбоз үйді үлпілдеткен,
Боз баланы бүлкілдеткен.
Қуанышты күлкің-көктем,
Әсем едің, шіркін неткен – деп ендігі кезекте қазақтың ұлттық ойыны «Қыз қуу» тамашалаңыздар.\
Жүргізуші: Наурыз елімнің берекесі,
Жаңа жылы қазақтың мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге жақын,
Ұланғайыр керілсін керегесі – деп енді балаларымыздың Наурызға деген жаттауларын тағыда тыңдасақ деймін.
11-оқушы:
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз.
12-оқушы:
Наурыз келді сан құрып,
Жасарып жаңғырып,
Құлпырды жер мен көк.
Мейірім таң күліп.
13-оқушы:
Наурыз бұл мереке
Құтты болсын береке.
Қыдыр ата келін
Жақсы тілек әкелсін.
14-оқушы:
Наурыз көктем,наурыз жыр,
Ана мейірім шуақ нұр,
Жан иесін жаңартқан,
Аққуан бұлақ,нәзік сыр.
Би: Қазақ биі
15-оқушы:
Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
16-оқушы:
Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
Жүргізуші:Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда,
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда – деп «Шілдеханамызды» бастайық.
Ұлы күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жыл болар – деп бата сұраймыз.
Құрметті ата-аналар, оқушылар, Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Наурыз мерекесі әр отбасына құт-береке, ырыс, құт әкелсін дейміз.