Әбдіразақова Салтанат Ақылбекқызы
Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Шетпе селосы
«Шетпе психологиялық -педагогикалық түзету
кабинеті» мемлекеттік мекемесінің
мұғалім-дефектологы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларға 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санауға, сандардың орны мен көршісін таба алуға үйрету. Артық, кем, тең таңбаларын ажыратуға және осы таңбалар арқылы сандарды, амалдарды салыстыруға үйрету.
Түзете-дамытушылық: Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін, логикалық ойлау және есте сақтау қабілетін, ұсақ қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, шыдам-дылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 1 -10 дейінгі сандар, плакаттар, үлестірмелі карточкалар, шарлар, «артық, кем, тең» таңбалары, суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңберін құру.
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннен жылу алайық,
Жүрекке жылу салайық.
Жиналған жылы шуақты,
Бір – бірімізге сыйлайық
— Балалармен амандасу (– Сәлеметсіздер ме! Балалар!).
— Балаларды орнына отырғызу, назарын сабаққа аудару, көңіл-күйін сұрап, сабаққа ынтасын арттыру ( —Қалам мен дәптерлеріңді партаға шығарып, маған қараңдар).
— Бүгінгі күннің жады мен аптаның қай күні екенін сұрау (—Балалар, бүгін қай күн? Аптаның қай күні?).
— Ал, ендеше, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, кім сабаққа белсенді қатысып отырса сол балаға сыйлығым бар.
Үй тапсырмасын сұрау.
II Жаңа сабақ
— Балалар, бүгінгі түзете-дамыту сабағымыздың тақырыбы: «Артық, кем, тең таңбалары» деп аталады.
Тақтамен жұмыс:
— Ал, балалар, мына тақтадағы сандарды тура және кері ретпен санап шығайық.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.
— Балалар, енді мына сандарға қараңдаршы. Бұл сандар ретімен тұр ма, кім біледі?
2, 5, 9, 4, 1, 3, 6, 7, 10, 8.
— Жоқ, апай.
— Ендеше сендер сандарды ретімен атап беріңдерші.
– 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
— Балалар, мына таңбаларға қараңдаршы, бұлар қандай таңбалар?
Бұл таңбалар сандар мен амалдарды салыстырғанда қолданылатын «>» — артық, «<» — кем, «=» — тең таңбалары. Екі санның арасында «>» таңбасы тұрса, онда ол артық таңбасы, егер екі санның арасында «<» таңбасы тұрса, онда ол кем таңбасы, ал егер екі санның арасында «=» таңбасы тұрса, онда ол тең таңбасы.
III. Жаңа сабақты бекіту.
1-тапсырма. «Кім жүйрік?»
Үлестірмелі карточкалардағы сандардың көршілерін дәл тауып және жылдам жазу.
…3… …5… …8… …6… …9… …7… …4… …2… …10 1…
2-тапсырма. «Орны ауысқан вагондар » ойыны. Ойынның мақсаты: есептерді дұрыс шығару және вагондарды орнына қою арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Ойынның шарты: үлестірмелі карточкалардағы есептерді дұрыс шығару арқылы поездың шашылған вагондарын ретімен бір қатарға жинап шығу.
- Сергіту сәті. «Көңілді күн» әуеніне билеу
- Жылдамдыққа тапсырма.
3-тапсырма. Үлестірмелі карточкалардағы есептерді жылдам шығару. 5 5 8 4 9 9 7 7 2*5 2*4 3*5 3*7
3 3 6 4 4 2 9 4 2*2 2*6 3*8 3*4
4 2 8 8 3 6 4 8 2*3 2*3 3*6 3*6
- Қорытындылау.
4-тапсырма. Суреттерді салыстыру.
— Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма, балалар? Бүгінгі сабақта қандай таңбалармен таныстық?
VII. Үйге тапсырма. «>», «<», «=» таңбаларын дәптерлеріңе екі жол етіп жазып келіңдер. Дәптерлеріңе жазылған есептерді шығарып келіңдер.
VIII. Бағалау. (Балаларды мақтап-мадақтау)