Home » Мақалалар » Ойын элементтеріменағылшын тілі сабағын қызықты өткізу.

Ойын элементтеріменағылшын тілі сабағын қызықты өткізу.

Иванова Анастасия Николаевна
Нұр-Сұлтан қаласы
№69 мектеп-гимназияның
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,
педагог-модератор 

Мақсаты: Ойын түрлері арқылы оқушылардың сөйлеу, ойлау, жазу іскерлігін дамыту. Шет тілін үйренуге деген ынталарын арттыру. Қарым- қатынас барысында өзін еркін ұстауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • оқушы өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
  • сөздік қоры молаяды;
  • зейін қалыптасады;
  • ойын арқылы диалогтіқ оқыту дамиды;
  • өз-өзіне сенімділік артады;

Оқу процесін жеделдетумен байланысты біздің алдымызда шет тілдерін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі тауып отыр. Бұл жаңа методиканың дамуына негіз салады. Атап айтқанда, әртүрлі сөйлемдерді меңгерту, қайталату, мәтінді жаттату және басқада жұмыс түрлері оқушыны жалықтырып жібереді. Сондықтан да шет тілін оқытуда ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтеді, тілді үйренуге ынтасын арттырады. Мысалы, оқушы алғашқы кезде тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуі мүмкін. Ал күрделенген сайын оқушы әртүрлі қиыншылыққа кездеседі. Мұндай қиыншылықтан тек сабақта ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушының көзін жеткізуге болады.

Ойын түрлерін мақсатсыз қолдана беруге болмайды. Ойын түрін мақсатты пайдаланған жағдайда ғана оқушының тілге деген қызығулышығы артады. Оқыту процесінің әртүрлі сатысында ойын түрлерін танымдық мақсатта көздей отырып, ойындар оқушының жас ерекшелігіне қарай әртүрлі формада болады. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларында заттың сыртқы түріне қызығушылық басым болып келеді.

Ойын барысында оқушының жеке қабілетімен іскерлігі көрінеді және оқушының ұжымдық іздену дағдысын қалыптастырады. Мұғалім әртүрлі тақырыптың ерекшелігіне қарай ойынды дұрыс тандауы қажет және оқушының жас ерекшелігіне ескерілуі керек. Оқушы ойын үстінде өзінің белсенділігі, қатысуына қарай әртүрлі баға алуы мүмкін немесе ойынның әр кезеңіне байланысты оқушының еңбегі бағаланады.

Сабақ оқыту кезеңінде оқушының зейінін сабаққа аудару, ауызша сөйлей алу және жазу дағдысын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығымен өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін дамытуда дидақтикалық ойындардың үлесі зор.  Мәтінді мазмұндауға үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке қарап тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс-әрекеттерін әңгімелеуге үйрету дидақтикалық ойындарды ойнау барысында қалыптасады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап үйренеді.  Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тындап,                       ой- өрісін кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшеліктеріне, сабақтың мақсатына сай ұйымдастырылған ойындардың берері мол.

Ағылшын тілі сабағында әрбір оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің қөмегемен шешуге болады.

Ойынның түрлері: лексиқалық, орфографиялық дидактикалық және грамматикалық, рөлдік болып табылады. Сонымен қатар, ағылшын тілінде сөйлеуге және жазуға үйрететін түрлі ойындар да болады.

Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойындар:

«Let’s draw a Rainbow!» ойыны.

Мақсатты: түстерді үйрету.

Ойынға қажет құралдар: түрлі-түсті қарандаштар, кемпірқосақ салынған сүрет.

Ойын барысы: біріншіден мұғалім кемпірқосақ салынған суретті тақтаға іледі. Оқушылар түрлі-түсті карандашты партаның үстіне қояды.

Мұғалім түсіндіреді: This is a rainbow.  I can see red color (суретті көрсетеді, балалар сол түсті қарандашты көтереді), orange color, yellow color, green color, blue color, violet color. The rainbow is colorful. It’s beautiful.  Let’s draw a rainbow.

Сосын мұғалім балаларға кемпірқосақтағы түстерді реттілігімен есте сақтап алуларына уақыт береді де, суретті тақтадан алып тастайды. Балалар кемпірқосақты салып болғаннан кейін, мұғалім суретті тақтаға іледі. Балалар өз суреттерімен салыстырады. Суреттер салынып, салыстырылғаннан кейін, мұғалім кемпірқосақтын түстерін көрсете отырып сұрайды. What color is it? Балалар сұраққа жауап береді.

A game:«Zoopark»

wco

ertig

seumo

god

Оқушыларға жеке-жеке суреттер салынған карточкалар таратылады. Карточкада тапсырмалар әртүрлі болуы мүмкін. Осы карточканы үлгіге қарай отырып, оқушы ағылшын тілінде сөйлем жасап және сұрақ қойып үйренеді. Оқушылар бос орындарға үлгіге қарап, өз мысалдарын интерактивті тақтаға жазды. Сағади Н., Жанабек С., Бопан Е., сынды оқушылар үлгідегі суреттерден бөлек сөздер жазуға тырысты. Бұл ойында оқушылардың сөйлеу қабілеті дамыды және сұрақтар қоюға үйренді.

A game: «Find the numbers».

Мақсатты: лексикалық дағдына дамыту.

Ойынның барысы: ойынға қатысудың біреуі біріншімен ұйқастырылған кез-келген сөзді атайды, үшінші ұйқас сөзге тағы біреуін қосу және тағы басқалар. Кім ұйқас сөзді  атай алмаған болса, минус алады. Ойыншылардың біреуі үш минус жинайтын болса, ол ойыннан шығады. Соңғы қалушы жеңімпаз атанады. Атау септігіндегі дара санды немесе кез келген басқа сөздерді тек зат есімдерді тандауға болады.

Пайдаланған әдебиеттір тізімі:

  1. Ағылшын тілі мектепте. Республикалық ғылыми-әдістемеліқ журнал 2011 ж.
  2. Мұғалім. KZ. Республикалық оқу-әдістемелік журналы 2013 ж. № 1,9 б.
  3. И.В. Дашкевич «Здравствуй, незнакомый английский язык» и «Веселое раждество», Петропавловск, 2004. 6 б.
  4. Г.В. Рогова «Методика обучения иностранными языкаим в средней школе». Москва, «Просвещение», 1991 г.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.