Home » Мақалалар » Менің отбасым

Менің отбасым

Женсикбаева Гульжан Макатовна
 Атырау облысы,
Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы
«Өркен» бөбекжай бақшасының
II-санатты  тәрбиешісі,
ағылшын тілі маманы,

Тақырыбы: «My family\ Менің отбасым»

Мақсаты: балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасы мүшелерін дұрыс атап, тақырыпқа байланысты жаңа сөздер, фразалармен таныстыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.  Түстерді ағылшын тілінде атап үйрену.

Билингвалдық компоненттері: family — отбасы, mother- ана, father- әке, grandmother- әже, grandfather- ата, brother — аға, sister — әпке, baby- бөбек.

Көрнекіліктері: слайд, отбасы мүшелері бейнеленген плакат, карточкалар.

Мотивациялық-қозғаушы кезең:

— Good morning children!

— Good morning teacher!

— Қане балалар келген қонақтармен амандасайық!

— Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?!

Шаттық шеңбері:

Good morning teacher!

Good morning to you

Good morning dear teacher \

I am glad to see you

«Hello» сабақ басталады.

— How are you children?

— I am fine!

— How is your mood?

— Good!

— Children what season is it now?

— It is autumn!

— Жарайсыңдар балалар,

Ұйымдастырушы-ізденуші кезең:

— Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.

“Менің отбасым.” Ағылшын тілінде менің отбасым қалай болады?

— My family

— Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?

— Отбасы

— Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір-бірімен тату-  тәтті тұрады.

— Біздің әрқайсымыздың өз отбасымыз бар. Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? (Балалар жауабы)

— Отбасы ол – атам, әжем, анам, әкем, ағам, әпкем және мен

— Балалар, отбасымыздағы басшы кім? (әке)

-Ал, ана сендерді өмірге әкелген адам? (ана)

— Ал, аға-апа, іні-қарындас ол, сендердің туған бауырларың.

— Отбасындағы адамдар бір-бірімен қандай болуы керек?

— Адал, мейірімді, қайырымды болуы керек.

— Балалар, біз отбасындағы тәрбиені бірінші кімнен аламыз? (әке мен анадан)

— Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар? (отбасының)

— Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір-біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп тұрмыз (ағылшын тілінде отбасы мүшелерін атап береді).

Some families are large

Some families are small

But I love my family

Best of all

(презентация отбасы туралы слайд)

Ал енді біздің арамызда балаларымыз өз отбасыларын таныстырғылары келіп тұр екен. Who tells us our family?

-Mansur come here

-Amina come here

Who else is saying-тағы кім айтқысы келеді.

— Children, let’s say poems about our family

— Балалар отбасына арналған тақпақтарымызды айтып берейікші

Kuanish
Good night mother
Goodnight father
Kiss your little son

Abilmansur

Goodnight sister
Goodnight brother
Good night everyone

Kazina

Mother ,father

I respect you

Sister,Brother

I love you

This is daddy

This is mummy

This is sister

This is brother

This is me me me

Nazira

Dear mummy, dear daddy

I love you

Dear mummy, dear daddy

Do you love me too

Ал, біз, балалар, қанекей түрлі іс қимылдармен сергіп, жаттығу жасайық. Cлайдқа қарап саусақпен жаттығу жасау.
— Now children, let’s sing the song about family fingers.
Daddy finger, daddy finger
Where are you?
Here I am, here I am
How do you do?
Mommy finger, mommy finger
Where are you?
Here I am, here I am
How do you do?
Brother finger, brother finger
Where are you?
Sister finger, sister finger
Where are you?
Baby finger, baby finger
Where are you?
Here I am, here I am
How do you do?
« Didactic game» Lets play childrendidactic games

— Now children lets continue our lesson.

Балалар сабағымызды жалғастырайық. Мына бұтаққа қарайықшы. Ал енді біз отбасылық ағашын (Family tree) жасаймыз. Ағашымыздың жапырақтары түсіп , көңіл күйі болмай тұр.

Қане, бәріміз бірге ағашымызға  жапырақтарын іліп, оның көңіл күйін көтерейікші.

Отбасылық ағашы.

Қорытынды: Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік. Отбасы ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік. Ойындар ойнадық. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер.   Бәріміз бірге жүректен жүрекке жақсы сөздер айтып бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Балалар келген қонақтармен қоштасады.
Goodbye, goodbye dear guests !

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.