Home » Мақалалар » Ұстазы мықтының ұстанымы мықты

Ұстазы мықтының ұстанымы мықты

Раушан Қонарбаева
Маңғыстау обл.
Ақтау қаласы
 № 20 М.Әуезов атындағы жалпы
білім беру орта мектебінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

 «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген данышпан атамыз Абай сөзін өзінің өмір қағидасы еткен ұстаздар қауымы әрдайым құрметті. Ол өзінің бойындағы бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады, өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындайды. Дана халқымыздың «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» дейтіні сондықтан болар.

«Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты» деп орыс халқының ұлы педагогы К.Ушинский айтқандай, мен өз бойымдағы білімді шәкірттеріме беріп, білім нәрімен сусындатқанды болашақ алдындағы парызым деп есептеймін.

Жаһандану заманында ұлт­­тық бәсекеге қабілетті болудың көр­сет­кіші – білім деңгейімен өлше­неді. Сондықтан, әлемдік білім ке­ңістігіне кірігіп, білім беру жү­йе­сін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе.

Бұл мәселені шешудің кілті ұс­таз қолында. Өйткені, ұстаз ел­дің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәр­бие­леу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ. Сондықтанда Жан-Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, бас­қаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын.

Өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу болып табылады. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үз­дік­сіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығарма­шыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ой­лай­мын. Мен ұстаздықтың ауыр жү­гін арқалауды өз жүрегімнің қа­лауымен таңдадым. Маман ұс­таз ретіндегі негізгі ұстанымым: ба­ланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын ба­ғалай білу.

Иә, қазір жаңа типті мектептер салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Дарынды балалармен жұ­­мыс бағдарламасы жүзеге асу үс­тінде. Жастарды шетелдерде оқы­­­туға мүмкіндік алдық. Жаңа буын оқулықтар, электронды оқу­лық­тар білім беру ісіне ене бастады.

Осындай жаңа даму үрдісі ал­ға басып отырғанда Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек ет­іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Біз осы сөзге сай болуымыз керек.

«Мектептің тірегі де, тіреуі де – оқыта білетін мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс — тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиісті  деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі

Президент Жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» – деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс — тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог — зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс — тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

Ұстаз – ұлы есім, үлкен сөз. Халқымыздың ұлы ақын-жазушылары халықты оқытып үйретсе, ұстаздар шәкірттерді оқытып, тәрбиелейді. Екеуінің принциптері де ұқсас. Ұлы суреткер жазушымыз Ғабит Мүсірепов «Жазушы әрі қатал, әрі жұмсақ, әрі шыншыл, әрі «идеалист» болу керек депті. Ұстаз-мұғалімге де осыны айтуға болады.

Елбасының жарқын саясаты бағытында білімді ұрпақ, білікті маман тәрбиелейміз десек, ұрпақ қамын ертеңге қалдырмай, бүгін ойлағанымыз абзал.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.