Home » Мақалалар » Физика пәнін қашықтықтан оқытудың маңыздылығы

Физика пәнін қашықтықтан оқытудың маңыздылығы

 Шымкент қаласы
Әл Фараби ауданы
Ж.Аймауытов атындағы  64 мектеп гимназия
Физика пәні мұғалімі
Тойлы Сәуле Асылбекқызы

 Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керектігі айтылған.

Сабақтарды жоспарлауда оқыту үшін бағалауды, оқушылар өздерін-өздері, сыныптастар бірін-бір, крийтериялды бағалау арқылы жүргізіліуін қадағалап өзін-өзі бағалау нәтижесін бағалау мұғалім бақылауы арқылы жиынтық баға ретінде оқу журналана баға қояды. Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Ал оқыту үшін бағалау оқушыларға қорытынды немесе форматифті бағалау нәтижесінде жиынтық бағаны қояды. Ал ішкі бағалау: сараптық жұмыс, бақылау жұмысы, диктант, мазмұндама, өзіндік жұмыс, мәтінмен жұмыс.     Сыртқы бағалау: тест, анкета, олимпиада, ҰБТ, ғылыми жоба, т.б. Мұғалімн  ің бағалауы:мадақтау,ынталандыру,фишкалар,жұлдызшалар,смайликтер, және т.б арқылы жүзеге асады.Мұғалімнің бағалауы, яғни мадақтау, ынталандыру оқушылардың көңіл күйін көтеріп, өздерінде сенімділікті тудырады.Бүгінгі таңда бағалау барысында критерийлік және өзін-өзі бағалау жүйесін қолдануды өзекті деп санаймыз.     Оқушы өзін-өзі бағалаған кезде өздері нәтижеге мүдделі болады. Сонымен қатар мұғалім оқушыға баға қойған кезде, ол бағаны не үшін қойғанын, жауабының қаншалықты дәрежеде болғандығын ашық айтып кету керек, себебі сабақтан кейін оқушыда қойылған бағаға күмән пайда болуы мүмкін.

Ал бағаға талдау жасалғаннан кейін оқушы, не үшін осы бағаны алғандығын түсінетін болады және әр түрлі көзқарастар пайда болмайды.Оқушыларды бағалаудағы негізгі мақсат: оқушылардың оқу білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі жеткен табыстарын жан-жақты және әділ бағалай білуі.

Міндеттері:

— Оқу материалын меңгерте отырып, мәліметтерді өздігінше жинауға итермелеу,қызығушылығынояту,түрткі болу,зерделеу.
— Жеке тұлғаның интелектуалдық дамуын қамтамасыз ету, АКТ-ны пайдалана отырып,ізненімпаздыққа,шығармашылыққа әкелу.
— Әрбір оқушының нәтижеге жетуге деген талпынысын дамыту,көпшілік ортасында өз ойын емін-еркін жеткізуге әкелу.

Сабағымда жиы қолданған әдіс-тәсілдерімнің бірнешеуіне тоқталсам: «Өрмекшінің торы» әдісінде оқушы сұрақ арқылы келесі балаға жіп лақтырады, егер жауап берсе саусағына орап келесі оқушыға сұрақ қойып лақтырады, осылай өрбітіледі. Жауап бере алмаған жағдайда жіп саусағына оралмай келесі жауап берген оқушы саусағына оралыуы арқылы орындалады.Формативті бағалау кезінде бұрыңғыдай неге маған осы баға,оған ана баға деген оқушы болмады,сабақ соңында оқушылар өздерінің қаншаға жауап бергендерін біліп,бағаларын айтып шығып,күнделіктеріне қойып,маған тек қол қойдыруға әкелді.

Бұдан менің байқағаным дәстүрлі сабақтарда тек жиынтық баға қойып, біз оқушыларға тәуелсіздік бермеген екенбіз. Ал оқыту үшін бағалауды пайдалану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығы көтерілді. Олар бір-бірімен бәсекеге түсті. Өздерінің қолдарындағы фишкаларынан қанша алатынын біліп, соған дайын болды, тез фишкаларын есептеп, неше алатынын алдын-ала біліп отырды және жоғары баға алу үшін фишка алуға тырысты.Себебі бағаға деген ұмтылыстары. Бәсекеге қабілеттіліктері артады.

Қорытынды ретінде жазатын болсам, оқыту үшін бағалау оқушылардың өздерін-өздері және бір-бірін бағалау екендігі туралы жоғарыда айтып кеттім.
Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау өте тиімді болып табылады. Бұл бағалау әдістері бойынша оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады. Математика пәніне деген көзқарасы өзгеріп, қосымша ізденіп, көптеген тапсырмаларды (слайд, тренинг, суреттерді.т.б.) дайындап келеді. Сонымен қатар ішкі, сыртқы және мұғалімнің бағалауы бар. Мұғалімнің бағалауы (мадақтау, ынталандыру, тілек айту және смайликтерді беру) оқушының көңіл-күйіне әсер етіп қана қоймай,оны алдыға жетелейді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Журнал «Мектеп» № 11(6 бет)

  1. Журнал «Информатика негіздері» № 1 – 2010 ж (11-14 б)

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.