Тайджанова Лаззат Насреддинқызы
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№20 орта мектептің
информатика пәні мұғалімі:
Қазіргі таңда білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі — жастарға терең білім беру. Оқу тәрбие үрдісін жақсартуға жаңа технологияларды енгізу және жаңа иновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Оқушылар терең де жүйелі білім және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы тиіс. Білім беруде ескі мазмұндағы білім берудің — жаңа мазмұнда оқыту кезеңі басталғалы да бірнеше жылдың жүзі болған.
«Сабақ беру — үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» — деп өткен ғасырдың кемеңгер тұлғасы, алаштың ардақтысы Жүсіпбек Аймауытов айтқан сөздің өміршеңдігіне таң қалмасқа шара жоқ. Себебі, дәл қазіргі таңда бүкіл Қазақстандық ұстаздар «жаңадан — жаңаны» табуда, сол әдіспен білім беруде. Ел болашағы — білімді жастар қолында деген сеніммен, Білім және ғылым министірлігі Асхат Аймағанбетовтың басшылығымен «қашықтықтан оқыту шарасы» — ұсынылды.
Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір ара қашықтықта оқыту. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар. Себебі, олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін мен сабағымда интернет ресурстарының бірнеше түрлерін пайдаланамын. Сабағымда интернет платформалары WhatsApp, Telegram, bilimland.kz , opiq.kz, Skype бағдарламасы және т.б. мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі чаттарды сабағымда қолданудамын. Сабақ жоспарын mektep.edu.kz сайтына салып, оқушылардан ok.edus.kz сайтымен және интернет платформасы WhatsApp арқылы кері байланыс орнатамын.
Skype — дауыстық, видео қоңырау шалуға мүмкіндік беретін және интернет чат қызметін қамтыған бағдарламалық жабдық. Skype арқылы басқа қолданушыларға қоңырау шалу тегін, ал стационарлы телефон мен ұялы телефондарға қоңырау шалу қолданушының есеп шотын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Skype жедел хат алмасу, файл жіберу және видео конференция сияқты функцияларымен қолданушылар арасында кең таралған.
Қашықтықтан оқыту — оқушының өзіне деген сенімін қалыптастырды. Озық технологиямен сабақ берудің тәжірибеден өту сәті — қашықтықтан оқыту кезеңі, төтенше жағдай кезі болды. Қашықтықтан оқытуды — «төтенше жағдайға» байланысты қолға алсақ та, оның жаңашылдыққа жаны құмар балалар үшін тиімді болғандығын жасырмаймыз. Осы орайда орталық телеарналардан беріліп жатқан оқу-білім бағдарламаларының да үлесі барын ұғындық. Ол бағдарламаларды бақылай отырып өз тәжірибелерімен салыстырып таразыға салды. Сабақты бала қалай қабылдаса — оның болашақта өз жауапкершілігін солай атқаратыны аян. Оқушыларға деңгейлік тапсырма бере отырып, білімге, білуге құштарлығын ояту арқылы «Қашықтықтан оқытуда» — ұстаздың сабақ өту шеберлігіде сынға түсті. Ата-аналарымыз да ұстаз білімін бағалап, алғысын әр күн сайын жолдап жатты. Сабаққа оқушылардың түгел қатысуы да өз нәтижесін берді.
Ұлы педагог В.А.Сухомлинскийдің «Бала өзін еркін сезінбесе сабақ сәтінде ойдың еркіндігі болмайды, ойдың дамуы сезілмейді, баланың рухани сезімін, өзін қоршаған ортаға бейімділігін, білімге құштарлығын оятататын күш — ой еркіндігі»- деген болатын. Біз ұстаздар — бала жанының бағбанымыз. Ұстаз жеке көзқарасы бар, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман. Сезінген түйсігіміз — қашықтықтан оқыту баланың өзін еркін сезінуін, көңіл күйінің жоғары болуын және игеруі қажет білімге ұстаз сілтемесімен бірге өз бетінше дайындала алатынына көз жеткіздік. Олай болса қашықтықтан оқыту — заман талап еткен тәжірибе. Төтенше жағдайсыз- ақ болашақта осылай білім алудың сынағы, сонымен бірге қашықтықтан оқыту — ұстаздар үшін де, қашықтықтан оқытудың практикасы болды.