Жетекшісі: Асель Карлыбаевна
Педагогика ғылымдарының магистрі
Студент: Ұлжалғас Нұрділдақызы
«Балаға баланың тілімен сөйлеген де ғана, жұмысың өз нәтижесін береді». Осы сөз тіркестері бала тәрбиесі турасындағы түрлі жазбалар да кездесіп жүр. Біздің бүгінгі қоғам да ел еңсесін тіктеп, болашағымыз бұлыңғыр болмасын десек балаларға тәрбие беруде қателеспеуіміз қажет.
«Тәрбие тал бесіктен» демейді ме?! Расын да отбасы және мектеп, баланың ортасы тәрбиелейді. Үшеуі ұштасқанда ғана, бойжеткен мен ержеткендердің болашағы айқын болмақ. Ал мектеп адам баласының барлығын тәрбиелеп, оларға жөн көрсететін мекен. Бүгінгі біздің тақырыпта, балаларға ағылшын тілін меңгерту үшін қандай жолдары бар, Оларды қалай қызықтыра аламыз? Қарап отырсаңыз ағылшын тілін меңгерген бала немесе жастардың жұмысқа орналасудан жолы болады. Оны статистика көрсетеді. Ол ең қажетті тілдер санатында бой түзеп тұр. Сондықтан ұстаздар бала санасына, оны үйрету үшін барын салады. Қазіргі таңда мұндай ойын элементтері жетерлік. Тақырыпқа ойыссақ.
Ойын дегеніміз – жас ерекшеліктеріне қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістердің бірі. [1.1]
Н Құлжановтың айтуынша ойын бала әрекеттерін басты педагогикалық мақсаттары – баланың алдағы өміріне түзу жол салу, үлкедерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі әдептілік тәрбиелілік мақсатта пайдануды көздейді. [5.46]
Балаларға ойынды не үшін ойнатамыз?
Сабақта сергіту сәті деген болады. Яки балаларға қызықтырақ болу үшін және ой өрістерін кеңейту үшін ойнатамыз. Сабақта ойнатылатын ойын түрлерә де бар тізбектеп өтелік.
Стол үсті ойындары.
Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Ребус, кроссвордтар т.б оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.
Дидактикалық ойындар.
Оқушылардың таным белсенділігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі Кеспе қағаздар, суреттер тірек-сызбалар т.б. Оқушылармен жеке және топтық жұмыстарда қолданылады
Қозғалыс ойындары.
Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық алаңда да өткізе аламыз.
Іскерлік ойындар.
Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.
Тарауды, тақырыпты қорытындылау кезеңдерінде қолданылады.
Интеллектуалдық ойындар.
Бұл ойындар оқушылардың зор белсенділігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар – шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады. Сабақтың қорытынды бөлімінде қолданылады. [1.6]
Өзімнің сабақ барысында қолданатын ойын түрлерімен бөліссем:
1.The name of the game : “Give a Flower”.
Қажетті құралдар: түрлі түсті майлықтар, мысалы: қызыл, сары, жасыл түсті және бір реттік пайдалатын пластмасс стакан.
Ойын мақсаты: сабақты бекіту, алған білімі туралы сұрақтарға дұрыс жауап беру.
Қалай ойнауға болады: оқушылар жұппен жұмыс істейді.
Бір студент бақылаушы, ал екіншісі-жауап беруші болады.
Ойын кезінде: бақылаушы- жауап берушіге сұрақ қояды.
Егер жауап дұрыс болса, қызыл түсті майлықты салыңыз, егер жартылай дұрыс болса, сары майлық салыңыз, егер жауап толық дұрыс болмаса, жасыл майлықты пайдаланыңыз. Әрбір жауап үшін майлықты үшбұрыш етіп бүктеп, жеке-жеке стаканның аузына орналастырыңыз.
Барлық сұрақтарға жауап беріп болған соң, стаканды үстел беріне төңкеріп, шыққан гүл арқылы жауап берушінің білім деңгейін анықтаңыз. Егер гүл қызыл күлтелі болса, өте жақсы деген бағамен ал, қызыл сары аралас болса жақсы деген бағамен, гүл күлтесі жасыл түспен боялса онда нашар деген бағамен бағалауға болады.
Бұл ойын көбіне сабақ соңында немесе өткен сабақты пысықтау кезінде қолданылса өте тиімді болады.
2.Ойын тақырыбы: “Fairy tale”.
Мақсаты: оқушыға рольдік ойын ойнату арқылы , грамматиканы есте сақтауға баулу.
Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты кез-келген көрнекілік (суреттер, сөздер,бейне жазбалар)
Ойын барысы:
Ағылшын тіліндегі грамматиканы түсіндіру үшін аңыз әңгіме етіп баяндайық. Мысал ретінде “To Be” көмекші сөзін алайық.
Ерте заманда үш басты айдаһар өмір сүріпті. Оның біреуі өзімшіл екен “Мен,Мен”- дей береді екен: I am, I am— деп . Ал екіншісі өсекшіл болса керек, досын ,туысын, біреуді үнемі өсектей береді екен: Не is/ She is/ It is деп, соңғысы досшыл,көпшіл екен, яғни : We are / You are / They are –деп қолданылады деседі. Бұл үш басты айдаһар: Кім? Who? Не? What? Қандай?Which? Қайда? Where? деген сұрақтарға ғана жауап береді екен.
Мысалы:
Кім? Who? I am a teacher. You are student. He is boxer. We are friends.
Қандай? Which? I am happy. They are big and green. She is strong. It is interesting and funny. We are hungry.
Қайда ?Where? I am in Almaty. She is another country. We are at home.
You are in the car. They are in the class.
Достар “Үш басты айдаһар” ешқашан Не істейді ?-деген сұраққа жауап бермейді.
I am understand. I am live in Almaty. You are study—деп айтуға болмайды.
Ал, бірақ Не істеп жатырсың?- деп дәл қазіргі іс-әрекетін сұрайтын болсақ қолдануға болады. Мысалы : I am watching TV. You are having lunch. They are swimming. He is dancing.
Осылай ертегі мәтінін құрып алып, оқушыларға роль бойынша бөліп беріп сахналық көрініс ұйымдастыруға болады. Бұл ойын арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысы қалыптасып, грамматикалық сауаттылығы арттады.
3.Ойын тақырыбы: “Synonyms”
Мақсаты: мағынасы бір сөзді түрліше айтып үйрену.
Көрнекілігі: flash card, worksheet,pictures
Ойын барысы: Қатысушылар арасында жарыс ұйымдастырып, тақтаға суреттер немесе сөздер жазылған парақшаны теріс қаратып іліп, қатысушыға таңдатып ,ашылған сөздің баламаларын жылдам табуды тапсыру қажет . Қол көтеріп жауап беру керек.
Мысалы: “Кешірім сұрау” сөзінің бірнеше синонимін көрсетсек…..
-I am sorry!
-My mistake!
-I beg your pardon!
-Please, don’t be mad at me!
-I apologize!
-Oh, my bad!
-Sorry, it was all my fault!
-That was wrong of me!
-Sorry about that!
Тағы да сол сияқты “Түсіндім”
-I understand
— I see
-I got it
-I know what you mean
-I take your point
-I noticed
-all right
-Fair enough
— I know
— I get you
Осылайша бір сөзді ағылшынша бірнеше түрмен айту керек. Көп баламасын дұрыс айтқан оқушының ұпай саны жоғары болады. Бұл ойын оқушылардың сөздік қорын көбейтіп, болашақта сол сөздерді қолданары айқын.
Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқушыларға қай жағынан болса да білімге құштар етіп, оны болашақта мәңгіге есте қаларлықтай ету болып табылады. Болашақ тек білімді де, білікті жастарымыздың қолында. Білімнің іргетасы мектепте қаланады, сондықтан соны дұрыстап құюға, ұрпақ санасы мен өресінің биік болуы үшін ұстаздар қауымы еңбектенуі тиіс. Себебі оқушы окоптағы жауынгер секілді болуы керек, қандай сұраққа жауап бере алуы тиіс. Бүгінгі тірлігің, ертеңгі тіршілігіңе тікелей байланысты болмақ.
Әдебиеттер тізімі:
1.«Бастауыш мектебі» журналы, 2008ж.,№7-8
2«Мектептегі шет тілі» журналы, 2009ж.,№1.
3.Құлжанова.Н. Ойын мақсатын талдау және ойын мәні// Қазақстан мектебі.- 2001.- №1.б.74