Home » Мақалалар » АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Жетекшісі: Асель Карлыбаевна
Педагогика ғылымдарының магистрі
Студент:  Темірлан Асылханұлы Омаров

   Ағылшын – әлемнің бір-бірімен байланыс жаайтын, әлемдік тіл. Ал біздің мемлекетте тілді меңгеру қарқынды түрде жұмыстар жүргізіліп келеді. Ол сіз бен бізге айқын. Шындықтың шылбырын ұстаған, журналистер өауымы жарғақ құлағы жастыққа тимей жаңалықтардан айтып жатыр. Білім саласында да оң өзгерістер бой көрсетіп жатыр. Бұл да мәлім. Ендігіде педагогтар арасында қызу талқыға түсетін мәселе балаға білімді қалай берген тиімдірек, сөйлеу мәдениетін қалай жаттықтырамыз? Міне бүгін менің мақаламның өзегіне айналып отырған сұрақтар легі осы болмақ.

«Бүгінде ағылшын тілі «әлемдік тіл» мәртебесіне ие және бұл тілде миллиардтаған адам сөйлейді. Олардың басым бөлігі Ұлыбритания, АҚШ, Ирландия, Канада, Мальта, Аустралия, Жаңа Зеландия елдерінің тұрғындары екен. Ағылшын тілі тіпті, Азия және Африканың кейбір елдерінде ресми тіл саналады. Бұл тілде сөйлейтін адамдарды «англофандар» деп атау дәстүрі қалыптасқан» Массагет сайтында осындай мәліметтер қалдырған.Сондықтан ағылшын тілін меңгеру барлығымыз үшін де маңызды болуы тиіс. Әлемдік алпауыт мемлекеттермен тереземізді теңестіру үшін және бәсекеге               қабілетті болу үшін тілді жетік меңгеруге тиістіміз.
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/alem-alaqanda/18381/
Диалог — ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысы жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Диалогиялық байланыс процесс диалогтің бір жағы ғана басқаның көзқарасын игеріп қоймайды, сонымен бірге өзінін идеяларымен дамытады және байытады, оны анықтайды, түзейді, жақсартады.[2]

Мұғалім оқушылармен тығыз байланыста болады. Оған берілген 40 минут ішінде оқушы мен ұстаз арасындағы диалог әсте тоқтамайды. Сондықтан балалар мұғалімге өз ойын ағылшын тілінде жетік жеткізе алуы керек. Олай болу үшін баланың сабаққа ынтасының зор болуы және ата-ананың үй тапсырмасын орындауын қадағалауы тиіс. Неге десеңіз? Басында бала мұғаліммен кері байланысты жақсы орната алса, ол кейінгі уақытта да өзгелермен анық сөйлесе алады. Оқушыда «мен дұрыс айта алмай ұаламын» деген үрейдің болмауын мұғалім қадағалауға міндетті. Сонда ғана олардың арасында кері байланыс орнап, оқушы жаңа тақырыпты толық түсіне алады.  Тақырыпты толық түсінген бала, жоғары сыныпта да, университет қабырғасында да ол ағылшын тілін меңгергенін көрсете алады. Яғни баланың дамуы қалыпты деңгейді көрсетеді. Енді шетелдік ғалымдар мен отандық ғалымдарымыздың пікірлеріне тоқталып өтелік: [2.6]

Шeтeлдiк ғaлымдaрдың зeрттeу нәтижесiндe күндeлiкті сaбaқтa қoлдaнылaтын «диaлoгтiк oқытy» мoдyлiнiң мaңызы зор тaбыстaрғa жeткiзeтiнiн дәлeлдeгeн. Мысaлы, Мepcep мен Литлтoн (2007) өз eңбeктepіндe диaлoг caбaқтa oқушылaрдың қызығyшылығын apттыpyмeн қaтap, oлapдың бiлiм дeңгeйiнiң өсуiнe дe үлeс қoсaтындығын aтaп көрсeтeдi. Выгoтскийдiң oқытy мoдeлi oқyшы диaлoг құрy нәтижeсiндe бiлiм aлaды дeп жopaмaлдaйды. Сoндықтaн, oқyшының бiлiм дeңгeйiн дaмытyға әлeумeттiк көмeк көрсeтyдe мұғaлiмнiң рөлi epeкшe. Oқyшылaрдың көбiрeк бiлeтiн бaсқa aдaмдaрмeн, бұл рөлдeрдe сыныптaстaры мен мұғaлiмдeр бoлyы мүмкiн, диaлoг жүргiзy мүмкiндiгi бoлғaн жaғдaйдa, oқытy жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі бoлмaғaнымeн, ЖAДA aяcындa қapacтыpылғaндықтaн oқытy тaбыcты бoлмaқ [МAH, 98 — бет].

Сондай – ақ, сөздік жұмысы мәтінде кездесетін түсініксіз сөздермен ұғымдарды түсіндірумен ғана шектелмейді. Оқушының сөздік қорын қалыптастыруға байланысты мынадай мақсаттар қойылады:
1. Әр сабақта белгілі мөлшерде оқушыға жаңа сөз үйретіп отыру, яғни оқушының сөздік қорын дамыту.
2. Оқушыны сөзді тыңдауға жаттықтыру.
3. Оқушы меңгерген сөздерімен сөз тіркесін, екі – үш сөзден тұратын сөйлем құрай алатын болуға тиісті. Бұл сөйлеуге, сөйлесуге үйрету үшін қажет.
4. Ағылшынша сөздерді дұрыс айта білуге дағдыландыру керек.
5. Оқушыларға қысқа өлең, тақпақ, мақал – мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар жаттап үйрету керек.[5.43]

Сабақ барысында зерттеуге арналған сыныптың қаншалықты диалог ұйымдастыра алатынын, олардың қандай деңгейде екенін байқаған болатынмын. Соған байланысты маған мынадай тұжырым келген болатын. Егер де біз балалардың өздерінің арасында диалогқа көп мән беретін болсақ, сонымен қатар түрлі ойындар арқылы сөйлеу мәдениетін арттыра аламыз. Мысалы: Егер де ойын барысында бірін директор немесе мейрамана басшысы түрлі сала мамандары ретінде қарастырсақ. Олар солардың тілінде сөйлейтін болады. Олай сөйлейтін болса, ол соның мәдениетін үйренеді. Бұдан шығатын қортынды оқушы сабақ барысында бірнеше жаңа сөздер мен жаңа ортаны таныса алады. Оған бағы беретін кім тағы да мұғалім.

Қорыта айтқанда, Топқа бөлу арқылы олардың сөйлеу мәдениетін дамыта аламыз. Оқушылар тек қана ұстазбен ғана емес, өз араларында тілдік жетік меңгере алады. Сондыұтан ағылшын тілін меңгеру арқылы, әлемнің бірнеше оқу орындаы және жұмыс орындары айқара ашады деп білемін. Ұстаз ретінде балалардан осындай талаптарды орындатуға талпынамын. Себебі ертеңгі күні өздеріне қаншалықты пайдалы екенін білдіре аламыз.
Әдебиеттер тізімі
Рақымжанова С.Қ. «Шетел тілін оқыту әдістемесі», 2007ж, №5.–78 б.
Сақтағанова М.С., Алиева Н.Қ., Айтбаева Н.Қ. « Ағылшын тілін оқытудың әдістері», Білім, №3, 2006ж. 43-бет.
3.Шетел тілін оқыту әдістемесі №3/17 2007ж 21 бет

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.