Home » Мақалалар » Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қашықтан білім алып #Үйде боламыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қашықтан білім алып #Үйде боламыз!

COVID-19 індеті біртіндеп әлемге жайыла бастаған бетте Елімізбен бірге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де короновирустық инфекцияны болдырмау шаралары туралы бұйрық қабылдап, ғимараттар, кампустар, студенттер үйлерін зарарсыздандырушы құралдармен толық қамтамасыз етіп, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтуді бастап кеткен еді. COVID-19 пандемиясына байланысты карантин жарияланған күннен бастап университетіміздің «Жаңа білім беру технологиялары» және «Ақпараттық технологиялар және инновациялық даму» институттарының кәсіпқой командасы оқытушыларға көмектесу үшін ашық онлайн курсын (ЖАОК) бастап кетті: «Қашықтан оқыту!» және оның орыс тіліндегі аналогы «Обучай дистанционно!». Курстар қашықтықтан оқыту технологияларын түсіндіреді. Көп жылдардан бері қолданып келе жатқан Univer жүйесінде қашықтықтан жұмыс істеуге қандай мүмкіндіктері бар екенін MOODLE қашықтықтан оқыту жүйесін қалай қолдану керектігін, ZOOM, Microsoft Teams, Youtube Streaming және басқа сыртқы ресурстарды пайдаланудың нұсқаулықтарымен онлайн үйрету курстарына нұсқаулықтарын ұсынды. Дәріс, семинар, практикалық және зертханалық форматтарды ұсынды. Аталған институттардың нұсқаулықтарын барлық оқытушылар мен студенттер бірден меңгеріп қашықтан білім алуды үздіксіз жалғастырып отыр. Әр факультеттің жауапты тұлғалары корпоративтік пошта және WhatsApp чаттары арқылы нұсқаулықтармен ақпараттандырып отырады. Деканат, кафедра мәжілістері де осы форматта жұмысын жалғастырып жатыр.

Сонымен қатар ірі ғаламдық білім беру платформасы Coursera әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің коронавирустық пандемия кезіндегі «Coursera for Campus» жобасына қосылу туралы өтінішін қабылдады. Университеттің студенттері, магистранттары, докторанттары курсты ақысыз оқып, сертификат алу мүмкіндігімен әлемнің ең үздік университеттерінің онлайн курстарына тіркелуге мүмкіндік алды. Оқытушылар мен студенттер әлемнің білім, ғылым платформаларын кедергісіз қолдануға мүмкіндік алып, біліктіліктерін арттыруда.

Дәстүрлі «Фараби әлемі», «Мен жастарға сенемін», «Студенттердің ғылыми конкурстары» жоспарланған уақытта онлайн режимде іске асып жатыр. Студенттер жоғары жауапкершілікпен онлайн сабақтарға қатысып, тапсырмаларын (кері байланысты) «Univer» жүйесіндегі «Қашықтан оқу» тетігі арқылы тапсырып отыр.

Куратор-эдвайзерлер кураторлық топтарымен куратор сағатын және басқа да іс-шараларын, студенттік ұйымдар да ұйымдарының жоспардағы іс-шараларын онлайн түрде атқарып отыр.

Университетіміздегі шет елдік студенттердің жағдайы да назардан тыс қалған жоқ. Олар тұрып жатқан студенттер үйі мен хостелдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын қатаң сақтап студенттер керек жарақпен және қашықтан білім алуға жағдайлары жасалды. Яғни, атқарылған жұмыс түрі «қашықтан» болғанымен университет өз миссиясын 100 % орындап отыр.

Елдегі төтенше жағдайдың жақын арада тоқтауы Сіз бен Біздің карантин тәртібін сақтап, үйде болуымызға байланысты екендігін жақсы түсінеміз. Сол себепті Біз ҚазҰУ-лықтар Сіздерді үйде болуларыңызды сұраймыз. #Үйде болыңыз, #Біз біргеміз, #ҚазҰУ, #ХжХТФ, #АКХжСЭТК 

Химия және химиялық технология факультеті,
аналитикалық, коллоидтық химия және сирек
элементтер технологиясы кафедрасының
аға оқытушылары химия ғылымдарының кандидаттары
М.Ж. Керимкулова және О.А. Есимова

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.