Home » Мақалалар » Білім беру бағдарламаларының деңгейі — болашақ мамандар сапасының көрсеткіші

Білім беру бағдарламаларының деңгейі — болашақ мамандар сапасының көрсеткіші

Бағалау мен бақылаудың тәуелсіз объективті түрлері қосылған білім сапасын бағалаудың қазақстандық жүйесін құру білім берудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған. Бұл жүйенің даму мәселелері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қабырғасында өткізілген «Цифрландыру жағдайында Орталық Азия аймағында инженерлік-техникалық білім беруді модернизациялау» Халықаралық конференциясында қаралды (Алматы, 14 ақпан, 2020 ж).

Бүгінгі таңда Қазақстанда мамандар даярлаудың әртүрлі деңгейлері бар көптеген бағыттар бойынша білім беру қызметтерін ұсынатын 100-ден астам жоғары оқу орындары бар. Жоғары оқу орындарына  ғылым мен техниканың жетістіктерін, жұмыс берушілердің қажеттіліктерін, халықаралық шетелдік университеттердің тәжірибесін ескере отырып,  жоғары әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге жету үшін, білім беру бағдарламаларын (ББ) өздігінен әзірлеу құқығы беріледі.

Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарының тұтынушыларға ұсынатын білім беру қызметтерінің жетістігінің өлшемі рейтинг болады. Жетістіктің өлшемділігі қоғам мен мемлекеттің жоғары оқу орындарының да, жалпы қоғамның да бәсекеге қабілеттілік пен зияткерлік әлеуетін анықтайтын негізгі критерийі болып табылады. Бүгінгі таңда әлемде ғаламдық және ұлттық деңгейде қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қызметінің маңыздылығын ескере отырып, униврситеттерді әртүрлі негізгі көрсеткіштер бойынша бағалайтын тәуелсіз агенттіктермен жүзеге асырылатын 100-ден астам әртүрлі рейтингтер бар. Ең белгілі және танымал Халықаралық рейтинг агенттіктері университет жағдайы елдегі жоғары білімнің күйін көрсететін, бүкіл әлем бойынша бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру мен жоғарлатудың қуатты құралы ретінде танылған университеттерге саралау жүргізетін QS WUR, THE, ARWU және басқалар болып табылады. Жоғары оқу орнының рейтингтегі орны барлық пайдаланушылар үшін оның төлқұжаты және ең қысқа анықтамалық кітапбы болып келеді.

2019 жылы 85 жылдық мерейтойын атап өткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқуорындарының ұлттық рейтингісінде бірінші орын алды, 2019 жылы QS WUR рейтингісінде 207 орын алды, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінен кейін ТМД елдері арасында екінші университет болып табылады. Соңғы жылдары көптеген мамандықтардың білім беру бағдарламалары, оның ішінде химия-технологиялық профиль, мысалы, «Химия», «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» оқудың барлық деңгейлерінде (бакалавриат, магистратура, докторантура) ASIIN-де (Германия) халықаралық аккредитациядан өтіп, ББ халықаралық стандарттарға сәйкестік туралы сертификатын алды. Осы жылы аккредиттеу мерзімінің аяқталуына байланысты Халықаралық рейтингке кезекті қатысуды жоспарлап отырмыз.

Қазақстанда келесі ұлттық рейтингтік агенттіктер жұмыс істейді: Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігi (БСҚБТА), Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА),  РАА, АРКА, «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы, KAZSEE. Қазақстандық агенттіктердің негізгі мақсаты білім беру сапасын жақсартуға, ұлттық және халықаралық деңгейлердегі білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, білім беру ұйымдары мен қоғам санасы арасында сапа мәдениетін насихаттауға көмектесу болып табылады.

Қазақстандық инженерлік білім беру қауымдастығы (KAZSEE) Еуропалық Одақтың TEMPUS QUEECA жобасын Орта Азиядағы инженерлік білім сапасын жоғарлату бойынша халықаралық деңгейге сәйкес келетін EUR-ACE сапа белгісінің сертификатын беру құқығымен жүзеге асырды. Сондықтан, KAZSEE біздің университеттің білім беру бағдарламаларына кезекті аккредиттеуді жүргізеді, оны сәтті аяқтау кезінде – бұл қоғамның мойындауы ғана емес, бұл білім беру бағдарламасын аяқтаған, жеткілікті кәсіби құзыреттіліктері бар, қазіргі заманғы инновацияларға дайын болатын, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болатын түлектің Еуропалық Одақта жұмыс табуға құқығы болатындығына кепілдік ететін кәсіби қауымдастықтың мойындауы.

х.ғ.к., доцент Мусабекова А.А.,
х.ғ.к., доцент Аргимбаева А.М.,
доцент м.а., PhD Рахымбай Г.С.
оқытушы Джуманова Р.Ж.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.