Home » Білім » 800 мектеп қалай салынады?

800 мектеп қалай салынады?

Алдағы 5 жылға жоспарланған 800 мектетің қалай салынатыны белгілі болды. Үкімет отырсында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оның тетіктері жайлы айтып берді.

«2025 жылға қарай орын тапшылығы 670 мың орынға жетеді деп болжап отырмыз. Бұл мәселені шешу үшін 800 жаңа мектеп салынады. Тек қана осы жылдың соңына дейін 200 жаңа мектепті пайдалануға беру қажет. Аймақтар тиісті жоспармен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Ол үшін 4 механизм қолданылады: мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, жекеменшік мектептер желісін дамыту, мемлекеттік бюджеттен нысаналы құрылыс және модульдік конструкциялардан мектептер салу», деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта елімізде 34 апатты және 137 үш ауысымды мектеп жұмыс істейді. Ал соңғы екі жылда 41 мың оқушыға арналған 126 жекеменшік мектеп ашылған. Бұл бұған дейін ашылған жекеменшік мектептердің санынан 2 есе көп.

Тағы бір маңызды бағыт – мектептің инфрақұрылымын жаңарту деген Асхат Аймағамбетов, 2025 жылға дейін 5000 мектептің инфрақұрылымы жаңартылатыны жеткізді. «Ол дегеніміз – балаларға қауіпсіз және қолайлы жағдайларды жасау, жоғары жылдамдықты Интернетпен, пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету, мектеп жиһаздарын жаңарту, мектеп кітапханалары мен асханаларын жаңарту, күрделі және кешенді ағымдағы жөндеу жүргізу және тағы басқа бастамалар. Осы мақсатты нақты кесте жасалып, әр аудан мен облыс бойынша тиісті жоспар бекітілуде», деп атап көрсетті министр.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.