2024 жылдың 9 ақпанында «№49 жалпы білім беретін мектептің акт залында белгілі қазақ жазушысы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтың өмірі мен шығармашылығына арналған » Тың тақырып тарланы» атты шығармашылық кездесуі өтті.
Іс-шара «Кітапқа құштар мектеп» бағдарламасы аясында өткізілді. Аталмыш шарада Дулат Исабековтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сахнада оқушылар көрермендердің назарына Д.Исабековтың «Әпке» пьесасынан қойылым ұсынды. Жанға жылу сыйлайтын, мөлдір сезімнің аясындағы Дулат Исабековтың шығармаларына байланысты әндер орындалды
Кездесудің мақсаты: «Кітапқа құштар мектеп» бағдарламасы аясында қазақстандық жазушылардың шығармашылығын насихаттау және ілгерілету, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту, көрнекті жазушы-драматургтің әдеби мұрасын дәріптеу, Дулат Исабековтың шығармашылығымен өміріндегі қызықты фактілермен танысу көзделді.
Тағылымды кездесуге Түрксіб аудандық оқу бөлімінің басшылары, №49 жалпы білім беретін мектептің педагогикалық ұжымы, ата-аналар қауымы мен оқушылары қатысты
Кездесудың мақсаты Рухани және мәдени құндылықтарды сақтауға және жаңғыртуға, тілдік тамырлар мен ұмытылған дәстүрлерді жаңғыртуға, ұлттық мәдениетті сақтауға ықпал етеді.
Дулат Исабеков шығармаларындағы ерекше ұлттық талғамды тануға және өскелең ұрпаққа бүкіл адамзаттың ортақ мәселелерін қозғайтын ұлттық ерекшеліктерді, қазақ дәстүрлерінің құндылықтарын көрсету кез келген білім ордасының мақсаты саналады.
«Білім айнасы»
Алматы қаласы
Дулатбек Нұрланұлы