Рахимова Құралай Сапарқызы
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
Облыстық көру қабілеті бұзылған
балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының тәрбиешісі
Қазақтың ұлттық киімдері
Сабақтың мақсаты: Қыздарды қазақтың ұлттық киімдерінің барша сымбатына, ою-өрнегі мен әшекейіне қызықтыру.Бұрын меңгерген білімдерін кеңейту. Қазақтың ұлттық құндылықтарын бағалай білуге, мақтан тұтуға, құрметтеуге тәрбиелеу. Әсемдікті, сұлулықты көре білуге дағдыландыру.
Көрнекі-құралдар : Интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер, ұлттық киімдер көрмесі, ұлттық киімдердің суреттері, шапанның суреті,қошқар мүйіз оюы.
Әдіс-тәсілдер : Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
-Тәрбиеші: Әр халықтың өзінің тұрмыс деңгейіне қарамай, ұлттық ерекшелігіне қарай, өзінің әдет-ғұрпы мен ұстанған мұраттарына сай киім кию үлгісі бар. Мысалы: шабандоздың өзінің киімі, бүркітшінің, аңшының өзінің киімі болды. Қазақтың ер-азаматтары өз кәсібіне лайық киінетін болған. Демек, қоғамның өзгеруі адамның санасына өзгеріс әкеліп қана қоймайды, барлық тыныс-тіршіліге, киім киісіне, әдет-ғұрпына да жаңаша үрдіс әкелді. Рас, сол кездегі киімдерді қазір халық тұрмысында киіп жүрген жоқ. Дегенмен, мүлде ұмытылып кетті деуге болмайды. Бұрын ата-бабаларымыз киген оюлы шапан мен әшекейді тақияларды қазір біреуге құрмет есебінде сыйға тартып жүрміз. Мерекелік жиындарда, жеке қуанышқа орай той-думандарда сол ұлттық бөріп пен шапандар аса бағалы сый орнына табысталады.
Сұрақтар: 1 .Әйелдердің қандай ұлттық киімдерін білесіңдер ?
2.Бешмет үстінен киілетін халат не деп аталған?
3.Қысқы ерлер киімі тон қай малдың терісінен тігіледі?(қой терісі)
4.Ерлер сырт киімі бұлғын, жанат, түлкі, қасқыр, күзен аң терілерімен тігіліп не деп аталған? (ішік)
5.Әйелдердің қандай бас киімдері бар ?
6 .Ерлердің қандай бас киім түрлерін білесің ?
7 .Қандай ою -түрлерін білесің ?
- 8. Тері қапталған жылы баскиім – бөрік.
9. Аң терісінен жасалып, суықта киетін баскиім – тымақ.
Проблемалық сұрақ: Ұлттық киім кию ұят па? Сен ұлттық киім киесіңбе? Ұнайма? «Қазақтың ұлттық киімдері күнделікті киюге лайықты емес. Олар тек сахналық үрдіске ғана негізделіп тігіледі» деген пікірді жиі естиміз. Өзге халықтар ұлттық киімдерін көшеге де, салтанатты жиынға да киіп шыққанда киімдерін көшеге де, салтанатты жиынға да киіп шыққанда кәдімгідей қызығатынымыз да және бар. Мысалы: өбек киімі, шотландықтар, үнді киімі. «Бізде неге олай емес?», «Ұлттық нақыш пен нәрден неге қашамыз?» деген сауалдарды, оқушылар сендерге қойғым келеді.
Киімнің негізгі түрлері
Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түрлерге бөлінеді: іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер.
Жарғақ шалбар. Иленіп, әбден өңделген жұқа теріні қазақтар «жарғақ»деген.Қызғылт түске боялып, түрлі-түстіөрнек салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды «жарғақ шалбар » деп атаған.Бұл сәнді киімдікезінде батырлар ,билер, сал-серілер киген.
Ерлердің бас киімдері: Құндыз бөрік, айыр қалпақ, құлақшын, малақай, тақия, тымақ.
Бөрік. Оны ерлер мен бірге қыздар да киеді. Сырты мақпал, пүліш, барқыт тәрізді қымбат маталардан жасалатын баскиім. Жиегіне қымбат бағалы аң, мал терісі ұсталатын бөріктің жазғы, қысқы түрлері бар. Төбесі көбінесе, төрт сай немесе алты сай болады. Қыздар киетін бөрік дөңге-лек төбелі конус тәрізді биіктеу. Сал-серілер бөріктеріне үкі таққан. Жұрындалған терісіне сәйкес бөріктің мынандай түрлері бар: алтай қызыл бөрік, қамқа бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құрайыш бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік, оқалы бөрік, сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б.
Айыр қалпақ-аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып тігілетін ер адамдардың бас киімі.
Әйелдердің бас киімдері: бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы ж.т.б.).
Бөрік, жаулық, кимешек, күндік, ора мал, сәукеле, тақия, шәлі.
Сәукеле. Қалыңдықтың ұзатылу тойында киетін сәнді баскиімі
Тақия. Оны қымбат матадан тіккен. Бұл ерлер тақиясынан басты ерекшелігі. Қыздардың тақиясы міндетті түрде үстіндегі қамзолға, бешпентке сәйкес келуге тиісті. Етегі, жоғары бөлігі алтын немесе күміс паршамен оюланып, сәнді жіптермен тақияға зер төгіледі. Қазақтың «үкі-дей үлбіреген», «тотыдай таранған» деп қыздарды әспеттеуі содан шық-қан тәрізді. Қазақта тақияның түрі көп. Соның ішінде аса сәндісі, көркемі – бүлдіршін қыздар киетін үкілі тақия. Ол биіктігі 10-15 см мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, жалпақ төбесіне үки тағылатын жеңіл бас киім. Айнала жиегіне ою салынып, түрлі асыл тастармен көмкеріледі. Оны жас қыздар үзатылғанға дейін киеді. Ұзатылған қыз – қыз ғумырдың белгісі – тақиясымен «сыңсу» айтып қоштасады.Ұлттық киімдерді қазір мұражайлардан, сахнадан немесе наурыз тойларда ғана көретін болдық.
Кимешек. Жас келіншектерден бастап егде әйелдерге дейін киетін дәстүрлі ұлттық баскиім. Ақ матадан, жібек матадан тігіп, әртүрлі әшекеймен безендіріледі. Қазақтың салт-дәтүріне сәйкес жас келіншек балалы болғаннан кейін кимешек киюге тиіс. Төменгі бөлігі – кимешек, жоғарғы бөлігіне жаулық оралады. Кимешек кеудені, иықты, жонды жауып тұрады, бет-әлпеті көрінетін жері ойық келеді.
Орамал. Ол пішіміне сәйкес шаршы, қиықша болып бөлінеді. Орамалды (парсы, араб, румал) жаулық деп те атаған. Арзанқол матадан да, қымбат матадан да жасайды.
Торғын тектес, үлпілдек, жұмсақ матадан немесе ешкі түбітінен жа-салған түрі –шәлі.
Түйе, ешкі түбітінен тоқылғаны – бөкебай.
Ақ матадан тігілгені – шаршы шыт
Аяқ киімдер: Кебіс, көк етік, мәсі,саптама етік,әйел етігі, ерлер етігі.
Киізден жасалатын киімдер: 1. Байпақ. 2. Кебенек. 3. Киіз етік. 4. Киіз қалпақ. 5. Пима.
Жүннен жасалатын киімдер: Жабағы күпі; Жадағай шапан; Жүн қолғап; Жүн шұлық; Мойынша; Түйе жүн кеудеше;
Сән үлгісін қөрсету.
Қорытынды сөз. Әр халықтың өзінің тұрмыс деңгейіне қарамай, ұлттық ерекшелігіне қарай, өзінің әдет-ғұрпы мен ұстанған мұраттарына сай киім кию үлгісі бар. Қоғамның өзгеруі адамның санасына өзгеріс әкеліп қана қоймайды, барлық тыныс-тіршіліге, киім киісіне, әдет-ғұрпына да жаңаша үрдіс әкелді.