Home » Мақалалар » Дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы

Дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы

Жетісу ауданы
 №102 ЖББМ
информатика  пәні  мұғалімі
Абжапар Наурызбай Серікұлы

Дені сау азаматтар – мемлекеттің ең бағалы капиталы деп В. Комат айтқандай кез келген елдің болашағы – халқының денсаулығына байланысты екенін дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды? Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған  өмірден  не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.
Шопенгауердің «Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған. Дені саудың – жаны сау. Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертенгі жалғасы. Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы.                                                                                «Балалар жылы -2022» орай  Алматы қаласы  Білім  басқармасы  қалалық Білім берудегі  жаңа  технологиялардың  ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  қалалық  «Жоқ!»дегеніміздің  маңызы бар!» атты  әлеуметтік жоба  өткізілді. Марафонның  ұраны:  Санамызды  өзгерту арқылы – біз  әлемді   өзгертеміз! Жобаның мақсаты: мектептің өзін-өзі басқаруға қатысушыларды (жастарды) әлеуметтік бастамаларды әзірлеуге және қорғау үдерісіне барынша тарту, олардың әрқайсысында жан-жақты дамыған үйлесімді тұлғаны, бәсекеге қабілетті азаматты, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, қоғамның әлеуметтік кемшіліктерін қабылдамауға баулу.Жобаның міндеттері: адамға, оның денсаулығына, жалпы қоғамға зиян келтіретін қоғамдық құбылыстарға қарсы тұру дағдыларын игеру,әлеуметтік ақауларға тұрақты иммунитетті дамыту, қатыгездік, немқұрайлылық, өзімшілдік, тәуелділік көріністеріне қарсы тұру.

Әр аудан  ұсынылған  мәселелердің  ішінен  нақты  біреуін  таңдап, бірінші  мектепішілік одан кейін аудандық  сайыс  өткізілді. Жетісу ауданына  берілген  тапсырма «Сән және денсаулық- қайсысы керемет?»  барлық мектептерде өткізіліп жеңімпаз  болған мектептер  №102 жалпы білім беретін мектепте аудандық  кезеңінде  бақтарын сынады.  Оқушылардың  өте жоғарғы  деңгейде   дайындалып келгені көрініп тұрды.  Тақырыпты толықтай ашып,  денсаулықтың қаншалықты  маңызды  екенін  жеткізе білді.  Әр түрлі форматта  жеткізіп, оқушылар қиялдарының ұшқыр екенін  тағы бір дәлелдеді.  Әр мектептен келген  сайыскерлерді бағалауға    аудандық білім бөлімі тәрбие бағытының  бас маманы Наймангелдиева Г.К.,  және  Алматы қаласы  Білім  басқармасының жаңа  технологиялар  әдістемелік –ғылыми  орталығының    мамандары Акмагамбетова Р.Г., Локтионова О.С.   қалалық «Ұстаз»  кәсіподағы  Жетісу аудандық филиалының төрайымы Алимбаева Н.С.,  №102 ЖББМ КММ қамқоршылық  кеңесінің мүшесі Жаспанова Р.К., №110 МГ директордың  тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары Раимкулова З.О.   аталған   іс-шараға  әділқазылар құрамының қатарында болып, аудан  мектептері оқушыларының өнерін белгіленген талаптар бойынша бағалап, әділ шешімдерін  шығарды.    Конкурс нәтижесі бойынша: №101 мектеп-гимназиясының «Дети солнца» командасы, №43 ЖББМ « Ақиқат» командасы І-орынды иеленіп, аудан атынан қалалық кезеңге жолдама алды. Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені — өзін — өзі сыйлағаны. Осыдан — ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту абзал екенін  сайыс барысында  оқушылар жеткізі білді.
Адамға денсаулықтан не бар қымбат,
Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ,- дегендей, өкінішке орай, қымбат байлығымызға кереғар әсерін тигізетін зиянды нәрселер де баршылық. Қатысушылардың  ұраны  сол  зиянды әдеттерден  аулақ болуға шақырып, тәнімізді, денімізді  аман сақтайық бар байлығымызды бағалай білейік  деген еді.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.