Жетісу ауданы
№102 ЖББМ
орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Омартаева Айгул Айтбаевна
Биыл қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің дүниеге келгеніне 125 жыл. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Мұхтар Әуезовтің атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1915 жылы Училищені аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Ол халыққа білім беретін ұстаз болуды армандаған. Міне, сол ұстаз болуды армандаған бала Мұхтар қазаққа дана Мұхтар болды. Бұл жолда Абай атамыз айтқандай соқтықпалы, соқпақсыз жолдармен жүріп, еліне елеулі еңбегін сіңірген ұлы тұлға деп айтсақ болады. Осы орайда Мұхтар Әуезовтың -125 жылдығына орай мектептебімізде көптеген іс –шаралар әртүрлі форматта өтіліп жатыр. Атап айтсақ — дөңгелек үстел, пікірсайыс, мұражайға саяхат жасау, ақын ұрпақтарымен кездесу, шығармаларынан бұрыш жасау, ескерткіштеріне барып тағзым ету,ақын шығармалары бойынша театрға қойылымға апару тағы басқа мерекелік іс –шаралар өтілуде. Мұхтар Әуезовтың ең үлкен туындысы Абай жолы романы десек қателеспейтін шығармыз. Абай жолы арқылы дүниежүзі қазақты таны десек артық айтқан емес. Осыған байланысты гуманитарлық әдіс бірлестігінің ұйымдастырумен мектебімізде М. Әуезовтың Абай жолы романы желісінде әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында мектеп оқушылары және ұстаздар үлкен әсер алды, Абай жолы романының тағы бір қырымен танысқандай болды. Абай жолы романындағы кейіпкерлерді оқушылардың сахнада сомдап көрсетуі көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Бала Абайдың образын 8 «А» сынып оқушысы Батых Алихан, қаһарлы Құнанбай образын 10 «Б» сынып оқушысы Сибогатов Шамис, асыл әжесін 9 «А» сынып оқушысы Токмырза Арна , ақылды дана анасын 10 «Б» сынып оқушысы Овчинникова Каролина сомдап шықты.
Романдағы Құнанбай бейнесінің өмірде болған Құнанбайға қарағанда жағымды жақтары аздау, ал жағымсыз мінез — құлықтары көбірек.
Ал Абай заманын, сол ортаны, Абайдың ақындық, азаматтық тұлғасын, өнерпаздық жолын танытуы арқылы әдебиетімізді , мәдениетімізді көрсете білген.
“Абай жолы.” романы жай ғана тарих емес, көркемдік ойдың көрігінен өткен, сомдап бейнеленген өмір шындығы, халықтың тағдыры, өткені мен келешегі жайындағы терең толғаныс. Қоғамдық мәселелерді толғайтын жазушы өз дарынына қарай — ойшыл, тарихи жанрда жазса — тарихшы, сан алуан адамдардың қарым — қатынасын, мінезін, құлқын, іс — әрекетін терең ашып көрсете алса — психолог. Сондықтан біз эпопеяда тарихи шындық, өмір философиясы мен поэзиясы ұштасқан деп айтсақ қателеспейміз.
Ал Абай заманын, сол ортаны, Абайдың ақындық, азаматтық тұлғасын, өнерпаздық жолын танытуы арқылы әдебиетімізді , мәдениетімізді көрсете білген. Осындай ата –бабамыздан қалған асыл мұраларымызды, рухани күш беретін тундыларды әртүрлі форматта өткізіп , оқушыларды әр қырынан көрсетіп, танып білу бұл ұстаздың шеберлігі. Ұлы тұлғалардың ұлылығын ұлтымыздың қамын жейтін ұл –қыздарымыздың бойына дарыту біздің парызымыз деп білемін.