Сабақтың мақсаты:
Білімділік: балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту. Күз айларын атай білу. Жемістер меи көконістердің бақта және бакшада өсетіні туралы түсініктерін кеңейту.Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендері, оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік: табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу
Дамытушылық: түсіну, есте сақтау, ойлау қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорларын дамыту.
Түзету: сөздерді дұрыс айта білуге, ерекше дыбыстарды сөз ішінде дұрыс қолдана білуге үйрету, сөздік қорларын жетілдіру.
Сабақтың әдістері: көрсету, түсінік беру, ойындар, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекіліктері: тақырыптық суреттер, муляждар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу
- Психологиялық дайындық бір, екі, үш
Бойга жинап күш
Терезені ашамыз
Таза ауа жұгамыз.
- Өткен сабақтағы сөз тіркестерін еске түсіру.
- Қызыл алма, күзгі шөп, дәмді өрік, тәтті алмұрт, ащы бұрыш, күзгі жаңбыр. (муляж)
- Фонетикалық жаттығулар
- Жаң —жаң — жаң — жаңбыр
- Шө-шө-шө-шөп
- Ө –ө- ө — өрік
Өткен білімді еске түсіру
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз
- Күзде ауа райы қандай болады?
- Салқын
- Күзде нелер піседі?
- Жемістер, көкөністер піседі.
- Күз мезгілінің тағы қандай ерекшелігін білесіңдер?
- Күзде жапырақтар сарғаяды, жиі жаңбыр жауады.
- Релаксациялық үзіліс
(үнтаспадан жауын дыбыстары естіледі)
- Қаие, балалар, біз де саусақтарымызбен жауын тырсылын салайық.
- М: Күз молшылық, береке, солай емес пе, балалар? Олай болса, бүгінгі сабағымызда біз «Күзгі баққа» саяхат жасаймыз.
(Балалардың назарын тақтаға аудару)
М: -Міне балалар, бұл баққа кіру үшін ең алдымен мына сөздердің аудармасын табайық. Сонда бізге бақтың есігі ашылатын болады.
(Көрнекілік қақпадағы сөз «Фрукты, Овощи»
- Балалар аудармасын айтады, қақпа ашылады.
М: -Қане, балалар, бақтан не көріп тұрмыз?
Б: -Ағаштар, жапырақтар, жеміс ағаштары: алма, алмұрт, жүзім ағаштарын көріп тұрмыз.
М: -мына, ағаштың жапырақтары қандай?
Б: -Сары.
М: Күзде ағаштың жапырақтары сарғайын жерге түсе бастайды. Қане, ағаш жапырақтарының дыбысын, кимыл — қозғалысын салайық.
(Тыныс алу жаттығуы)
Қимылмен: Ағаштар тербеледі, жапырақтар түседі.
Дыбысы: -ш-ш-ш-ш
- М: -Олай болса, балалар, осы жапырақтармен «Болады, болмайды» ойынын ойнайық.
(ТРИЗ әдісі бойынша дидактикалық ойын «Болады, болмайды»)
Мақсаты: балалардың ойлау, көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Жерге түрлі — түсті жапырақтарды шашып тастап, күзде болмайтын жапырақтарды жинату. (саусақ қол жаттыгуы). Енді балалар осы жапырақтардан «Жапырақ моншақ» тізейік. (бусинки из листьев).
- М:-Жақсы, балалар, енді бақ ішіндегі саяхатымызды одан әрі жалғастырамыз. Ол үшін ең алдымен мына ағаштардың атын табайық.
(Дидактикалық ойын. «Түсін таны атын айт»)
Б: -Алма ағашы, алмұрт ағашы, жүзім ағашы.
Сұрақ — жауап: -ағаштағы алмалардың түсі қандай?
-Қызыл, сары, жасыл.
-Алмұрттардың түсі қандай?
-Жасыл сарғыш
-Өрік ше?
-Қара, коңыр
- Ароматерапия. Күзгі бақтағы жеміс ағаштарының иісі қандай шіркін! Қане, терең бір демалайықшы.
М: -Енді, балалар, осы жемістердің дәмін татып көрейік.
- Дидактикалық ойын. «Ненің дәмі?»
Шарты: Сендер көздеріңді жұмыңдар. Мен сендердің ауыздарыңа жеміс түйірлерін саламын, сендер оның дәміне қарай атауын айтасыңдар.
Б: -дәмді, ащы, қышкыл, тәтті.
М: — Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
М: — Балалар, осы жемістер мен көкөністерді біздер күзде жинай аламыз.
- Сергіту сәті.
Қимылмен: Қыс — кұнар береді
Көктем дән себеді
Жаз баптап өсірсе
Күз жинап береді.
- М: — Балалар, жинап алған күзгі жемістер мен көкөністерден біз не жасаймыз?
Әрине, күзгі экибаналар, тосаптар мен шырындар жасаймыз. Онда біздің денсаулығымызға керекті көптеген дәрумендер бар. Сондай күз кереметтерінің бірін көру үшін экранға назар аударайық.
(Слайд. «Күз кереметі»)
- Cабақты қорытындылау.
М: — Енді, балалар, дәруменге толы шырындар мен госаптар дайында үшін бізге не қажет?
- Мысалы: алма тосабын дайындау үшін Қажет: алма, қант, тұз.
Қажет емес: түз. Өйткені ол — ащы.
- Жүзім шырынын дайындау үшін Қажет: жүзім, қант, жеміс тартқыш, май
Қажет емес: май.
Олай болса, балалар, Алтын күздің берер сыйы көп екен.
-Енді «Алтын күз» бізге не дайындады екен? Назар аударайқ. (Балаларға алтын күз сыйы ретінде алма таратылады).
Осымен балалар, күзгі баққа саяхатымызды аяқтаймыз.
— Сау болыңыздар!!!
Б.Н.Нарынбаева
Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған
облыстық арнаулы түзету мектеп-балабақшасының
қазақ тілі пәні мұғалімі
Ақтөбе қаласы