Оңтүстікті аралап жүріп міне бүгін қазыналы Қаратаудың бауырайындағы Созақ ауданынада ат басын бұрдық. 25 мамыр барлық білім мекемелерінде іс-шара болатыны сөзсіз. Ашығын айтқанда ОҚО, Созақ ауданы Сызған ауылында 25 мамыр күні №7 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінде түлектердің бітіру кеші өтті.
Салтанатты мерекеге келген қонақтардың қарасы көп. Ал 11 жыл оқып үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектердің жүздерінде шуақ болғанымен жанарларында жас іркілді. Іс-шарада бірден мемлекеттік ту еңгізіліп әнұран шырқалды. Алғашқы сөз кезегін Сызған ауылдық округінің әкімі Байдос Сахов мырза алып, түлектердің биіктен көрінуін жоғарғы оқу орындарына түсіп кетулеріне тілектес екенін айтты. Келесі кезекте Ғ.Мұратбаев жалпы орта мектебінің директоры Байыс Сарыбай мырза жақсы ниетін жеткізіп, түлектерді әрдайым мақтан тұтатынын және 2016-2017 оқу жылындағы оқушылырдың жеткен жетістіктерін айтып, арнайы алғыс хаттар мен дипломдар табыстады. Айтылған тілекті тыңдай келе түлектер «Ұстазым» әнін тебіренте орындап ұстаздарды бір толқытып тастады. Бастауыш сыныпта жетекші болған Манашева Гүлдана апай балалықтарын айтып қызықты естеліктерді қозғап оқушыларын қимайтынын жеткізді. Сынып жетекшісі Құтжанова Гуля апайдыңда тілегі ерекше болды. Ыстығымен-суығына шыдап, мектептегі екінші ата-анасы болып еркелігінде, қателігінде көтере білген Гуля апайдың еңбегі сіңгені анық.
Ортада Абай Меруерт пен Төлеубай Толқын «Ардақты ұстазым» әнін орындап қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлады. Ұстазым бар сенің қасиетің демекші түлектер әрбір пән мұғалімдеріне алғыс ретінде өлең жолдарын жолдап, гүл шоқтарын тарту етті. Қызықты сәт осы шығар … Ғ.Мұратбаев мектебін ең алғашқы болып бітірген 50 жылдық түлектер ортаға шығып сөз сөйледі.Жүздерін әжім басқан апа мен көкелер мектептегі қызықтарын айтып тауыса алмады. Мектеп мұражайына арнайы ескерткіш қойды. Бұдан кейін жас түлектер хормен ән айтып Марданбай Гүлсезім, Мұханова Мадина, Сәрсенбай Нұрсұлу жеке ән орындады. Кіп-кішкентай түріңнен, балдай тәтті тіліңнен дегендей ортаға бірінші сынып оқушылары шығып аға-әпкелеріне балдырған тілімен тақпақтар айтып берді. Іс-шара соңында бір-бірін қимай ұстазда, шәкіртте, келген қонақта мектептегі қызықты сәттерін мәңгі есте сақтайтынын, білім нәрімен сусындатқан барша мұғалімдерге алғысын айтып қоштасты. Біздің тілек, тек алға, шаршамасын жас түлек қырандай самға дегіміз келеді.
Абай СӘДІБЕКҰЛЫ
Білім айнасы
Шымкент қаласы