Home » Жаңалықтар » Жастар арасында зорлық-зомбылықтың  алдын-алу

Жастар арасында зорлық-зомбылықтың  алдын-алу

         Алтын әлеуметтік жобасы аясында педагогика және  психология ғылымдарының магистрі, кәсіби отбасылық  психолог — Ержан Мырзабаевпен  Теміртау қаласының білім бөлімімімен бірлесе отырып, Теміртау қаласының педагог-психологтарына және әлеуметтік педагогтарына қазан айының 9-шы жұлдызынан бастап қараша айының 13-шіне  дейін №2 ЖББОМ-де 2 ай көлемінде курс өткізілді. Барлығы 21 адам қатысты.
Бұл  курстың ерекшелігі — теориялық білімммен қатар, практикалық іс-тәжірибе де болды. Мұнда оқушы-мектеп-ата-ана тізбегі аясында көптеген пайдалы, маңызды, өзекті мағлұматтар алдық.
Курстың басында Ержан Мырзабаев бізге инновациялық Google forms бағдарламасында сауалнама жасауды үйретті.Үйге тапсырма ретінде әрқайсымыз сауалнама жасап келдік. Жасап келген, сауалнамамызды әрқайсымыз өзара тексеріп, талқылап  өз жұмысымызда қалай қолдану керектігі жолдарын үйрендік. Келесі сабағымыз жасаған сауалнамызды Qr.kod.генератор бағдарламасында қалай енгізу керектігі  және жұмысымызда қалай пайдалану керек екені туралы айтылды.
        Курсымыздың екінші аптасында Ержан Мырзабаев бізге «Конфиликт және оны шешу жолдары», «Мектептертегі булллинг мәселесін алдын-алу», «Буллинг құрбанымен жұмыс» атты тақырыптарды топтық жұмыс арқылы қарастырып, мәселеге тереңірек үңіліп, шешу жолын таба білдік.
Үшінші аптасында «Қазіргі таңдағы әлеуметтік желілерді қалай қолдану білу керек » туралы айтылды. Үй тапсырмасы бізге   «Instagram» әлеуметтік желісін өз жұмысымызда қалай тиімді пайдалануға болатынын, оны жүзеге асыру жолдарын көрсетті. Себебі қазіргі заманға сай заманауи, жаңашыл психолог болудың қаншалықты маңызды екенін тәжірибелік жолдарымен көрсетіп, көптеген мысалдар келтіре білді. Онда қазіргі  заманымызда болып жатқан оқиғалар мен өзгерістерге байланысты,  видео, суреттер, материалдарға қатысты азаматтық көзқарасымызды немесе пікірімізді, сонымен қатар өзіңіздің біліктілігіңізді пайдалана отырып, дұрыс көзқарас танытуға болатынын айқындап берді. Мұндай үй тапсырмасы арқылы біздің дербес әрекет етуімізге байланысты, материалды толық меңгеруімізге өз септігін тигізді.
Курсымыздың соңғы аптасында «Отбасы қарым-қатынасы мен ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас » туралы тақырыбында болды. Осы тақырып бойынша әрқайсымыз өзімізге жұмысымызға керекті, қызықты мықты отбасы болу үшін қандай  қарым-қатынас керектігі туралы көптеген мағұлматтар, құнды идеялар, жаңа көзқарастар қалыптастыра білдік. Әр топ жеке дара  «Қазіргі тандағы ажырасу себептері» тақырыбында ерлі-зайыптылар арасында кездесетін 3 себепші факторлар, яғни «3 апокалипсисті» анықтауға тырысты, кейіннен  ажырасу себептерінің шынайы факторларымен танысып, себеп-салдарды анықтап, олардың алдын-алу іс-шараларымен таныстық. Осы курс арқылы сәтті отбасы, тиімді қарым-қатынас алгоритмін толық құра алдық.
   Ержан Мырзабаев мырза курстан тыс қаламыздың бірнеше мектептерінде яғни, №17 ЖББОМ, №2 ЖББОМ,    №29 қазақ орта мектебі,   №15 қазақ мектеп гимназиясы, №8 ЖББОМ-інде қазіргі таңдағы өзекті мәселелері бойынша түрлі тақырыпта семинар-тренингтер ұйымдастырып отырды.Тындарман, қатысушы тарапынан он қөзқарас пен жақсы пікірлер қалыптастыра білді.
Курсымыздың қорытынды күнінде, Теміртау қаласының білім бөлімінің әдіскері Нұржанова Алима Жақсылықовна келіп,  бізді құттықтады. Осы күні  мектеп психологтарымен әлеуметтік педагогтарға Ержан Мырзабаевтың өз қолынан  сертификаттар тапсырылды.
Қорытындылай келе, Ержан Мырзабаевқа өзіндік асқан талантымен, жоғары біліктілігімен, білімімен,  еңбекқорлығымен бізге үйреткен көп тәжірибесіне алғысымыз шексіз. Осындай курсты ұйымдастырған, Теміртау қаласының білім бөліміне, әдіскер маманы  Нұржанова Алима Жақсылықовна, алғысымызы білдіреміз. Сөз соңында айтарымыз осындай курстарымыз болған сайын психологтармен,  әлеуметтік педагогтардың біліктіліктері арта түседі, жаңа заманға лайықты маман болуға құлшынысымыз  артады,  осындай курстарымыз тағыда болса екен деген ұсыныстарымыз бар.                                    

         Авторлар:  Қарағанды облысы, Теміртау қаласы.  
№17 «Жалпы білім беретін орта мектебі»  
КММ  педагог-психологы  Зинал Е.   
№15 қазақ мектеп-гимназиясының  педагог-психологы Тургынбаева И.С.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.