Таженова Каламкас Оспановна,
Шымкент қаласы
А.С Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып оқытушысы
Мақсаты: мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата – бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал — мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет – ғұрып, салт — дәстүрді сыйлауға баулу.
Көрнекілігі: Шарлар, қанатты сөздер, плакат, техникалық құрал.
І кезең «Мерекелік құттықтау жырлары»
Алиар: Құрметті ұстаздар, оқушылар, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық ойынға жиналып отырсыздар. Мақал – мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата – бабамыздан қалған өшпес мұра.
Олжас: Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал – мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ал, жұмбақтар ойлау қабілетін шындайды.
Асылайым: Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті.
Амина: Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.
Айсұлтан: Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Алимхан Ильяс
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
Азамат
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.
Ерсайын : — Қымбатты ақ жаулықты әжелер, асыл аналар! Сіздерді көктем айының ең алғашқы мейрамы 8 – наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Мансур. — Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, нұрлы келбетті аналарымызды, сыныптас қыздарды көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтаймын!
Маулен
Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Аналарды құттықтап,
Жырдан шашу арнаймыз.
Рамазан
Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын, анашым,
Сегізінші наурызыңмен!
Қайсар
Баланың да тірегі
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Әбілмансұр
Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын, мейрамың,
Құттықтаймын анашым!
Дархан
Анамды жақсы көрем, сағынамын
Айтқанынан шықпаймын бағынамын
Ол – көзімнің қарасы болса егер
Мен – оның жанарының ағынанмын
Барлығы:
Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
ІІ кезең: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
«1001 мақал, 101 жұмбақ» ойымызды бастаймыз. Ойынның шартымен таңыстырып кетейін. Ортаға үш мақалшы шығып, үйден дайындаған мақалдарды айтады.
1 тур. 1 — айналым.
Қатысушылар:
Олжас және әкесі
Бақдаулет және анасы
Ернұр және әкесі
Жүргізушінің мақалын жалғастырады. Ең аз ұпай алғандары ойыннан шығады.
1. Оқу білім бұлағы….. (білім өмір шырағы)
2. Жаңбыр бір жауса,…. (терек екі жауады)
3. Өнерлінің қолы алтын,…. (өлеңшінің сөзі алтын)
4. Еңбек етсен ерінбей,… (тояды қарның тіленбей)
5. Отан — қуат… (Отбасы — шуақ)
6. Ұланы бар елдің… (ұраны бар)
7. Болат қайнауда шынығады… (батыр майданда шынығады)
8. Білген кісі тауып айтады,… (білмеген кісі қауып айтады)
9. Мың малын болғанша,… (бір балан ғалым болсын)
2 — айналым.
Екі мақалшы қалады. Бірінің мақалындағы сөзге екіншісі мақал айтады. Мысалы: Отан отбасынан басталады. Осындағы Отан, от, бас деген сөздерді қатыстырып, мақал айтады. Мысалы, Отан оттанда ыстық. Екі мақалшы төрт – төрттен айтады. Екінші айналымнан кейін қатесіз айтқан мақалшы жеңімпаз болады.
Көрермендер көрімдігі.
Көрермендерге мақалдың бір жолын айтады, олар екінші жолын табады, көп тапқаны жеңімпаз атанып, сыйлықтар алады.
1. Ер жігіт ел үшін туады… (ел үшін өледі)
2. Әдепті бала – арлы бала,… (әдепсіз бала сорлы бала)
3. Білекті бірді жығады,… (білімді мыңды жығады)
4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)
5. Әдептілік белгісі… (иіліп сәлем бергені)
6. Қыз өссе елдің көркі,… (гүл өссе жердің көркі)
7. Жері байдың… (елі бай)
8. Жақсыдан үйрен,….(жаманнан жирен)
9. Ердің атын… (еңбек шығарады)
2 – тур. 1 — айналым.
Ортаға үш жұмбақшы шығады.
Қатысушылар:
Алинұр және атасы
Ерасыл және ағасы
Сағи және атасы
- Өздері даярлап келген жұмбақтарын бір — біріне жасырады.
2. Жүргізушінің жұмбағын шешу.
Ең аз ұпай жинаған бір оқушы ойыннан шығады.
1. Жерді көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көлді көрдім, өзен көрдім
Сулары жоқ терең дейтін (карта)
2. Жұмбақ шешкіш кім екен?
Сыртқа шықсам түн екен
Моншақтарын шашып ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай, жұлдыздар)
3. Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама (Кітап)
4. Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы (Бидай)
5. Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты (Велосипед)
6. Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді (Жұлдыздар)
7. Балалар суға салған жіп
Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)
8. Шөміші жоқ теңізді сапырады
Кебісі жоқ егінді жапырады. (Дауыл)
9. Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай (Әтеш)2 — айналым
Екі адам бір – біріне жұмбақ жасырады. Ұпайы көп жеңімпаз атанады.
Көрермендер көрімдігі.
Ұйқасын тап.
1. Өзінше ноян, қорқақ (қоян)
2. Тұмсығымен шымшып, құрт тереді (шымшық)
3. Кезіп жүрген шандақты, көрдім жана (қаңбақты)
4. Алмастан тыным, шабады (құлын)
5. Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады. (Қар)
6. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсен жылатады (Пияз)
7. Асты тас, үсті тас,
Ортасынды жанды бас (Тасбақа)
8. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (Жұмыртқа)
9. Тал басынды түндіксіз отау (Ұя)
3 — тур.
Жеңімпаз жұмбақшы мен мақалшы шығады.
Жүргізуші жұмбақ жасырады, оны жұмбақшы шешеді, соның жауабына мақалшы мақал айтады. Ұпайы азы жеңіледі.
1. Отыз ек батыр,
Екіге бөлініп жатыр (тіс)
Отыз екі тістен шыққан сөз,
Отыз рулы елге тарайды.
2. Бір беткейде екі көл. (көз)
Көзің ауырса – қолыңды тый,
Ішің ауырса – ауызыңды тый.
3. Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (су)
Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
4. Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (ұстаз)
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
5. Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді.
Бусанып жон алап,
Терледі керілді. (жаңбыр)
Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.
6. Ұзын ұртты сарылар,
Қойнында толған наны бар (бидай)
Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
Ұпай көп жинаған жеңімпаз атанады. Осылайша өрбіген ойын қорытындысының жеңімпазы марапатталады.
Хор: «Мама»